400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты ,Әдептілік негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне,тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті









Тәрбие сағатытақырыбы: Әдептілік негіздері







Орындаған: Г.Қ.Өтешова (СПС-у-23 тобы)



















2019





Тақырыбы: Әдептілік негіздеріМақсаты:Студенттерді қарапайымдылыққа, адамгершілікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Суреттер, ұлағат сөздер, презентацияӘдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауапБарысы Мұғалімнің сөзі:Құрметті студенттер бүгінгі «Әдептілік негіздері» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Жалпы адамның үлкендермен,құрбылармен,жасы кішілерменсөйлесу мәнері,қоғамдық орындарда,көліктерде,қонақта өзін ұстау әдебі,сондай-ақ сыртқы сипаты,қимыл-қозғалысы оның әдептілігін және мәдениеттілігін танытады.Қоғамда адамның жүріс тұрысына,киінуіне,сөйлеуіне Байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар,сол нормаларды сақтау арқылы өзінің инабаттылығын,жарасымдылығын,мәдениеттілігі бағаланады.Яғни әдептілік дегеніміз-адамның өзін-өзі дұрыс ұстай білуі,адамдармен қарым-қатынас барысында өзінің ізеттілігін көрсете білуі.Сіздерге қояр сауалым:
  • Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
  • Әдеп нормаларының жас ерекшелігіне байланысты айырмашылықтары туралы неайтуға болады?
«Студент қыздың әңгімесі»...Жақында мынадай бір жағдайға жолықтым.Оқудан автобуспен қайтып келе жатыр едім,аялдамадан екі-үш жігіт мінді.Әп-әдемі жігіттер.Өздеріне ұқыпты қарайтын көруге болады.Олар автобусқа кірген бойда орта тұстағы мен отырған орындықтың қасына келіп тұра-тұра қалды.Байқауымызша,ішіп алған болу керек,өздерін көңілді сезінеді.Қараптұрған жоқ,аздан соң маған сөзбен тиісе бастады.Әр нәрсені бір айтты.Орынсыз күледі.Мен өз аялдамама жеткен соң түсіп қалдым.Сөйтсем,әлгі жігіттер менімен бірге ілесе түсіпті. «Баратын жеріміз бір екенғой қарындас»-дейді.Айнала қараңғылық бүркеп қалған кез.Үйге қарай жүре берейін деп едім,жолымды кес-кестеп жіберер емес.Қолымнан қысып әр нәрсені айтты.Сол кезде шыдай алмадым,қыстығып жылап жібердім.Содан кейін ғана олар қолымды босатты.Үйге қарай жүгіре жөнелдім.Артымнан қарқылдап күліп жатыр.
  • Жігіттердің іс-әрекеті сіздерге қандай ой қалдырды?
  • Қоғамдық орындарда әдептілік сақтау туралы не айта аласыздар?
Тапсырма: әдептілік қағидаларын құрастыру,қорғау.1-топ (қоғамдық орындарда)2-топ (театрда,концерттерде)3-топ (оқу орындарында)

Әдепті адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз.Жанның әдептілігі-адамның әділетілігінен,ер жүректілігінен,саналығынан,яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.(Аристотель)Жаядаяттар талдау

1.Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт,киімі же жарасымды.Бірақ көпшіл арасында,қонақта болған кездерінде қолын сермеп,даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар.Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыру керек.-Мұратқа туралыне айтуға болады және қалай көмектесуге болады?2.Назым сұлу қыз.Алайда,даусы дөрекі,сөзі ірі.Қарқылдап күледі.Бір қарағанда нәп-нәзік ,биязы бойжеткен,бірақ сөйлеген сөзі,күлкісі өзіне тән емес.-Назымға қандай кеңес берер едіңіздер?



Қорытынды:-Әдептілік,тәрбиелік асыл қасиеттер.Адамдар бір- бірін осы жақсы қасиеттері арқылы бағалайды. «Жақсы бала ата анасының есіктегі басын төрге,жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді»дегн халық нақылын естеріңде ұстаңдар.Кері байланыс«Интервью» тәсілі
Студенттің аты- жөні_______________________________Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе мәселе________________________________________________________________________________________________________

СұрақтарОқушының жауаптары
Сабақ саған ұнады ма?



Өз пікірінізді дәлелдеңіз...





Бүгінгі тақырыптың Сен үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың?





Бүгінгі үйренгенің ...







Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі