Тәрбие сағаты «Әділетті Қазақстан Сапалы Білім, Адал Ұрпақ,Табысты Ұлт»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Әділетті Қазақстан Сапалы Білім, Адал Ұрпақ,Табысты Ұлт»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әділетті Қазақстан Сапалы Білім, Адал Ұрпақ,Табысты Ұлт»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әділетті Қазақстан: Сапалы Білім, Адал Ұрпақ,Табысты Ұлт»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру. адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу, тексеру.

«Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қызығушылықты ояту. Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» атты пікірталасу сағаты.

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз.

Сұрақтар

Жауаптары:

1.

Білім күні қай күн?

1 - қыркүйек

2

Бес қаруды ата

Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта

3

Еліміз Тәуелсіздік алған күні?

1991ж. 16 желтоқсан

4

Жеті қазынаны ата

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

5

Үш қуатты ата.

Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат

6

ҚР - ның рәміздерін ата.

Әнұран, Елтаңба, Ту

8

Желтоқсан құрбандары кімдер?

Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол

9

ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?

1995ж. З0 тамыз

10

Бес жаратылысты ата

Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

12

Үш көзді ата

Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.Сөз анасы - құлақ

15

Адамдардың қатынас құралы

тіл

19

Біздің туда не бейнеленген

Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт, күн

20

Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері

Тоқтар Әубәкіров

22

Қазақтың атақты суретшісі

Ә.Қастеев

23

Әнұран қандай жағдайда орындалады ?

салтанатты жиындарда

25

Үш биді ата ?

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би



Кураторлар кеңесінің төрайымы __________ Ж. Б. Кабаева

Топ кураторы: А .С. Алжанбаева



Ф.09.1-45.Басылым 1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2024
356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі