400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Әке-асқар тауым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мен оқушыға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты:    «Әке –асқар тау».

   Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты     нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекіліктер: мақал –мәтелдер,әкелерінің суреті бар плакат,ребус,шарлар.

Сабақ барысы: Құрметті  бүгінгі кешіміздің қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған «Әке-асқар тау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Хор:  «Ойлаймын әке өзіңді». 

1-оқушы:           Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап,көтеріп алатын. 

2-оқушы:                Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілеуі әкенің . 

3-оқушы:             Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді

Қадап айтып ақылын

Көпке бақыт тілейді 

4-оқушы:          Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейрімі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып. 

5-оқушы:                     Аққудай ақ орманым

Ауырмашы әкешім

Ауруы көп-ау жалғанның

Қартайиашы әкешім

6-оқушы:                   Бойға қуат береді

Әй жарайсын дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соңы естігім келеді.

Ребус шешу:           Маған да,саған да

Жақын туыс бес адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы,солға оқы.

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртын

Айтады кәне кім атын?

( ата,ана,апа,аға,іні )

Ойын сәті:           Ер балалар арқан тартысып,күш сынасады.

Кім тез? :              Шарларға әкелерінің аттарын жазып жарысу. 

Балалардан 7 атасын сұрау.

(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

Қорытынды:                     Бата  беру (үлкен кісіден бата сұрау)

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Дастархандарына береке берсін.

Бастарына мереке берсін.

Дендеріңе саулық берсін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
4495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі