400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тәрбие сағаты "«Әкем, анам және мен» "

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасылық сайыс

  • Құрметті балабақша ұжымы, ата – аналар, бүгін «Балдәурен» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Әкем, анам және мен» сайысына қош келдіңіздер!

Тақырыбы: «Әкем, анам және мен»

Мақсаты:Балалардың ойын кезіндегі белсенділігін, көңіл күйлерін көтеру, төзімділікке баулу, қабілетін, ептілігін, шапшаңдығын дамыту. Балалармен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнініңде тазаруы, денсаулығының нығайуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, үлкен доп, құрсаулар.

Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Отбасы» тойы басталса,

Қызықтан тыс қалмаңыздар.

Армысыздар, ата - аналар, қонақтар!

Бүгінгі «Әкем, анам және мен» - атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Отбасылар қадамы құтты болсып,

Мәртебесі биік болсын деп тілектестік

Білдіре отырып, отбасыларды ортаға шақырайық!

Балалар ата - аналарымен ортаға келеді.

  1. Базарбаевтар отбасын ортаға шықырамыз.

  2. Жасұлановтар отбасын ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Отбасылық сайыс еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  1. Балабақша әдіскері: Жапарова А.З.

  2. Балабақша психологі: Баранкулова М.С.

  3. Балабақша медбикесі: Балтабаева Ұ.А.

Сайысымыз: 6 бөлімнен тұрады.

I бөлім «Шеңбер мен жүгіру»

Ойын шарты: Бастапқы орыннан бір отбасы шығыршықтың ішіне кіріп,ойыншылар шығыршықпен жүгіреді.Әрі қарай ойын жалғасын табады.Межені айналып, қай топ келсе,сол топ жеңіске жетеді.

II бөлім «Теңге алу»

Ойын шарты: Әр топ хоп добымен секіріп,өздеріне берілген түстегі шарларды бір-бірден үш рет келіп межедегі шелекке салу керек.

ІІІ бөлім «Секірмек»

Ойын шарты: Үлкен доптың үстіне отырып, келергілердің арасымен секіріп жарысыды.

IV бөлім «Асық ату»

Ойын шарты: Ортада тізіліп тұрған асықтарды бір асықты лақтырып дәл түсірулері керек.

VI бөлім «Желаяқтар»

Ойын шарты: Бірінші бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп,екінші ойыншыға қол беру.Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады.Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

V бөлім «Кедергілерден өту»

Ойын шарты: Әр ойыншылар шеңбер астынан өтіп, тақтайшаның үстінен өтіп, модульдің үстінен секіріп өтеді де кейін жәй жүгіріп келеді.Ойын осылайша жалғасын табады.

VІ бөлім «Жұптасу»

Ойын шарты: Әкесі мен анасы қолдарын айқастырып баланы қолдарына отырғызып, белгілі бір нысанаға дейін жүгіріп келу.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тарасса бізге жарады.

Сайысымыздың қорытындысын шағаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.

(Әділқазыларды тыңдау)



Құрметті сайысқа қатысушылар, ата - аналар, сіздер бүгін өз өнерлеріңізді, күш жігерлеріңізді, ортаға салып, шыныққан шымыр екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге отбасыларыңызға дендеріңіздің саулығын тілей отыра, сіздерге алғысымызды білдіреміз.

Балаларды, ата- аналарды «Мадақтама грамотасымен» марапаттау және құттықтау. Жеңімпаз командаларға сыйлықтар тапсыру.

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар . Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

















МКҚК «Балдәурен» бөбекжай бақшасы









№ 3 «Ақбота» ІІ кіші тобы

«Әкем,анам және мен»



Өткізген: Рсаева Г.У.













Петропавл қаласы, 2018ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қаңтар
1304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі