Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Алғашқы қоңырау"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2017 - 2018 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты
жиының
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туын енгізу
4. ҚР әнұраны
5. Қонақтардың құттықтауы
6. Ән
7. Мектеп директорының құттықтауы
8. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары
9. Ата - аналар атынан құттықтау сөз
10. Алғашқы қоңырау салтанаты
11. ҚР мемлекеттік туын шығару
12. Қорытынды сөз
13. Оқушыларды мектепке кіргізу
Өтетін күні: 01. 09. 2010
Уақыты: 10. 00
Сыныптар: 1 - 9 сыныптар
9. 30 – Музыка жіберу
9. 50 – Сапқа тұрғызу
10. 00 – Салтанатты жиынды бастау
Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар
ілу
Мұғалім:Құрметті оқушылар мен ардақты ұстаздар барлығыңызды бүгінгі жаңа оқу жылымен құттықтаймын!
«Оқу-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы» дегендей осынау өміріміздің шамшырағы білім күні дүниежүзіндегі барша адамзат баласына ортақ күн. Бұл күнді бүкіл әлем болып білім табалдырығын салтанатпен атайды.Әр мемлекет ғылым, біліммен танылады,ғылым мен білімнің арқасында өркен жайып,дамиды.Сондықтан ел болашағы жас ұрпақтың әрбірінің білім алуы басты міндет.Ол Ата заңымыз –Конститутцияда да жазылып көрсетілген.Ал әр азамат заңды бұлжытпай орындауға ,оны сыйлап,құрметтеуге тиіс.
Жаңа оқу жылында сіздерге сәттілік,ұлағатты ұстаз,шапағатты шәкірт тілеймін.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар, қонақтар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ардақты ата -аналар, мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндер!
Бірге : Қайырлы күн, аяулы мектебім!
1-жүргізуші:Бүгінгі күн кең байтақ еліміздің түпкір-түпкіріндегі білім ордаларында 2014-2015 оқу жылының басталуына байланысты күз мезгілінің алғашқы мерекесі – Білім күні салтанаты өткізілуде.
2-жүргізуші; Ендеше сіздерді күз мезгілінің алғашқы мерекесі – Білім күнімен, жаңа 2014-2015 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше сағынады.
1-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,
Осы шақты аңсайды бүкіл халық.
2-жүргізуші:Әкелсін туын,көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді,жасартып мәңгі ай,күнін.
Әкелсін туды,шырқалсын өршіл әнұран,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін.
1 -
Жүргізуші:
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
енгізілсін!
2-жүргізуші:Естілгенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей боп шарықта,
Бір қазақ боп мен өзіңе бас ұрам.
Шарықтаған әнұраным шарықта!
Оны айтуға ел жастары жалықпа.
Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр,
Мынау тарих, келешекте ,халық та.
(Әнұран айтылады)
2-жүргізуші: 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды.
1-жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан,Егемен Қазақстанның болашағы- алтын ұя –мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
(Музыка ырғағымен ортаға жас бүлдіршіндер шығады)
2-жүргізуші: Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
1-жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы,
Құтты болсын, болашақ баспалдағы!
Хор: «Мектебім»
1-ж. Бүгінгі мерекеге бізбен бірге қуанышымызды, тойымызды бөлісуге келген қадірлі қонақтарымызбен таныс болайық.
Ерейментау ауданың
2-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, – дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Аскер Нұрбақытқа беріледі
1-жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.,- дей оытырып бүгінгі салтанатты жиынымызға арнайы келіп отырған қонағымыз---------------------------------------сөз беріледі.
Қонақтарға 1- сынып оқушылары гүл тапсырады.
Би: «Сарыжайлау»
2-жүргізуші: Жыл сайын мектебіміздің педагогикалық ұжымы жасарып келеді.
Жас маманды қошеметтеп ортаға шақырайық.
(Құрмет көрсетіліп гүл беріледі.Сөз беріледі.)
1-жүргізуші: «Ұстаздан шәкірт озар» демекші жас мамандардан инновациялық білім мен тәрбие технологияларын күтеміз және үміттенеміз.
Ән: «Мектебім» Жаңылсын
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
1-жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.
1-балдырған: Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп,
(Самал) Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.
2-жүргізуші: Онда мына машинаңды неге тастамайсың?
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.
2-балдырған: Жоқ, біз алтыға толдық,
(Айдана) Үлкен бала болдық.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпемізге сыйлайтын болдық.
Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 9-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.
9-сынып оқушысы: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?
1- Балдырған: Мектеп. Мектеп деген ол не өзі?
(Айдана) Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?
9-сынып оқушысы: Мектеп – ол үлкен орда,
(Айбек) Оқимын дегеннің бәрі сонда.
2- Балдырған: Онда не береді?
(Самал) Менің де барғым келеді.
9-сынып оқушысы: Алтыға толсаң, ойын қумай бос текке,
(Ерболат) Оқисың, әрине, сен де мектепте.
1-жүргізуші: Мектептен үйрендің сен нені?
Көп пе оның сендерге бергені
9-сынып оқушысы: Мектепте бәріміз білім аламыз,
(Күнтуар) Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің,
Мектепте домбыра қағуды үйренесің,
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың,
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.
2-жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
1-жүргізуші: Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған және дайындық тобына баратын бүлдіршіндер келеді,жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
1-оқушы: Көп күткен күз келді,
(Дархан) Күн енді ең тәуір.
Қуантты енді біздерді
Бірінші қыркүйек.
2-оқушы: Қоңырау үні мектепке
(Шұғыла) Шақырдың мені жолға алыс.
Әкетті мені жетектеп
Арманға қарай сол дауыс
3-оқушы: Ойыншық қалды жайына
(Қарақат) Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға,
Сезінем үлкен өзінді
4-оқушы: Қуантуға елімді
(Самал) Қуантуға жерімді
Қуантуға түлекті
Қуантуға жүректі
Мен мектепке барамын.
5-оқушы: Ал бірінші қыркүйек
(Айдана) Күнсің ғой сен ең тәуір
Қолда қағаз, қаламым,
Мектепке барамын.
Ән. «Қошақаным» 1-сынып оқушыларының орындауында хор.
2-жүргізуші: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.
Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,
Құттықтайды 9-сынып баршаңды.
9-сынып оқушысы:
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.
9-сынып оқушысы:
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
(Музыка әуенімен 9-сынып оқушылары «Әліппе» оқулығын 1-сыныптарға сыйлайды)
1-жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін
1-сыныптың шәкірттерін қабылдап отырған Тауасар Нұрдыгүлге сөз кезегін береміз.(1-сынып мұғалімдерінің құттықтау сөздері)
2-жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз.
БИ: «Қамажай»
Әдеби монтаж
Жадыра:Әліппемен аштым мектеп есігін
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
Есімде өрен ұстазым
Басымнан сипап өткенің
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.
Тілек:
Келді міне, қоңыр күз,
Келді қағып қоңырау.
Мектеп – ана жылы жүз.
Ашты құшақ омырау.
Күнсауле:
Жаз қызығын тауысып.
Лүпіл қағып жүрегі
Оқушы жүр қауышып,
Мектеп ана тірегі
Мейірім,нәр,гүл өңі-
Ұстаздардың реңі.
Шәкірттерін құшақтап.
Шаттанады,күледі
Айбол:
Мектеп –анаң бүгінен,
Мектеп –алтын босағаң.
Мектеп берген білімнен,
Марқаясың , жас ұлан.
Нұрсая:
Еске түсті ұмытпас,
Өмірдегі көктемім.
Есігін кеп мен алғаш,
Ашқан ұлы мектебім.
Әліппені қолға ұстап,
Томпаң қаға бергенім.
Мектебім маған жол нұсқап,
Менің оған ергенім.
Содан бері неше күз,
Өтсе де талай жаз бен күз.
Көктеміндей өмірдің,
Сол қыркүйек қалдырды із.
Нұрай:Оятып таңның бұлбұлын,
Құстары келсе көктемнің.
Кеудеме тағып қыр гүлін,
Жайнаттың, мені мектебім!
Жомарт қолмен жылды аттап,
Жинаса жұрт еккенін,
Алтын күзбен құндақтап,
Нұрланттың мені, мектебім!
Ақжол:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.
Айқара есік ашып тастаған
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны
Енді міне сағымдай өте шықты
Алты жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір-бір мықты.
Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»
Аяулым: Аралап елді біз,
Жаз бойы демалдық.
Күлімдеп келді күз,
Мектепке бет алдық.
Айдын: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік,
Асыл қасиет жас жүрекке сепсеңіз
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
Айтолқын:
Бар баланың тілегі
Осы,білім күні еді.
Алғашқы соққан қоңырау,
Қыркүйектің бірі еді.
Омыраулар гүл таққан
Бүгінгі күн ерекше
Айналайын ұрпақтан
Желкілдеген желекше!
Бекбол: Жаным менің жайнатып,
Баураған өзің мұғалім
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп шығар күн.
Шәкірттің өткен іздерден,
Үмітің гүлдер,мұғалім,
Білеміз ертең бізден де
Өмірдің талап сұрарын.
Сонда ардақты мұғалім
Уәдемде берік тұрармын.
Айшагүл: Көрсең жазғы даланың
Жұпар желі ескенін,
Жаз болғай деп жанарың,
Жырғалаттың мені, мектебім!
Өмір деген биіктің
Ең алғашқы өткелін,
Сездім тұңғыш,сүйіктім,
Сен-алтын менің мектебім!
Жангелді:Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын,үйренсін деп
Күнде ертең құшақ жая шықты алдан.
Ләззат:Мынау менің сезгенім
Ол кластың анасы
Өзгенің де,өзінің
Анасы оның анасы.
Қай кезде де ол анық
Қайғырады біз үшін,
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін.
Бексұлтан:
Бақ орданың жүрегі
Ертеңімнің тірегі
Ұрпақтардың өмірі
Нұрлы болсын тілегі.
Тек ізгілік тілегі.
Әсем жүзі,гүлі өңі
Ұлағатты ұстаздар
Мәңгі ғұмыр сүреді,
Ұлық тұлға-өр екен
Таси түсін беркең.
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең!
Ән: «Ұстазым»
1-ж. Бол енді білімді, ақылды,
Сүйеді ел мықтыны, батылды.
Дегендей алғашқы қоңырау,
Шәкіртін мектепке шақырды.
2-ж.
Сыңғырла, сыңғырла тағы да,
Аңсаймыз үніңді сағына.
Қоңырау әсем саз әдемі
Мектептің сүйікті әуені!
Ән хормен: «Алғашқы қоңырау»
1-ж. Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылар тұңғыш қоңырау.
2-ж. Мектептің сүйікті әуеніне айналған алғашқы қоңырау соғу рәсімі 9 сынып оқушысы Мерей Күнтуармен 1 сынып табалдырығын жаңа аттап отырған Тұрымтайқызы Айданаға ұсынамыз.
(қоңырау соғылады)
1-ж. Мектеп – ана , мектеп – өмір, бүлдіршіндер үшін қызықты да, думанды, қуанышты да мерекелі болсын!
2-ж. Желбіреп тұр байтақ аймақта,
Елжірей қараймыз байраққа.
Киелі байрақта аруақ, бақ,
Иеді басын ол ардақтап.
Көк туды қастерлеп, сүйіп те,
Көтеріп ұстаймыз биікте!
АӘД мұғалімі: Мектеп түзел, тіктел! ҚР мемлекеттік туы түсірілсін.
Ән «Атамекен»
1-жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп- дей отырып 1-сынып бүлдіршіндерін ұстазымен бірге алғашқы Білім сабағына шығарып салайық.
(Музыка ойналсын)
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын!
Шәкірттеріміз өрісті,
Елім дер қыз бен ұл болсын! - деп бүгінгі «Білім күніне»
арналған мерекелік жиынымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Бекітемін:
Мектеп меңгерушісі Аскер Н
Өткізген:Хайруллина А
Ашимова Г