400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты.Кездесу кеші ретінде ардагер ұстазбен жүздесу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғыс айту күні

Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету ,алғыс айту.Ұстаз еңбегін бағалау, ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Әл-Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» дегендей бүгінгі тәрбие сағатымыз алғыс айту күнідеп алып, кеш қонағы ардагер ұстаз,20 жыл осы мектепте қызмет атқарған, орыс тілі пән мұғалімі Тургалиева Рысжан Егинбаевнаны қонаққа шақырамыз.

- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?

Кезекті сұрақ-жауап айдарына береміз.

1.Орыс тілі пәнін таңдауыңыздың сыры неде?

2.Балалық шақтан есте қалар қызықты оқиғаңыз?

3.Өмірден не түйдіңіз?

4.Студенттік шақ туралы да айта кетсеңіз?

Осы сұрақтан соң кезекті Сымбат пен Бекзаттың орыс тілінен жаттаған жыр шумақтарына береміз. 

Сұрақтарымызды жалғастырайық.

5.Мектеп өмірі ,қайда туып өстіңіз?

6.Арманыңыз барма?

7.Қиын сәт болдыма сізде?

Кезекті фотосуреттерге береміз. Белсенді тақтаға назар аударып ,ұстаздың өмір жолына назар аударайық.

Келесі кезекті шығарма айдары.Оқушылар өздері жазып келген "Моя любимая учительница" атты шығармаларын оқиды.

Алғыс айту күніне арналған видеороликке назар аудару.

Келесі кезек тілек айдары оқушылар ұстазға деген жылы тілек лебіздерін білдіріп ,хормен ұстазым әні шырқалады.

Қорытындылау:

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.-деп әрқашан жүзіңізден күлкі кетпесін.-деген тілектен соң,сыйымызды тарту етеміз.

Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

Жәнеде сізге алғыс айту күнінде ұстаздық тәлім тәрбиеңізге алғыс айтамыз! ХОРМЕН:«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» осы ұранды сақтанамыз және тағыда алғыс, шексіз алғыс!

осымен сабақ өз мәресіне жетті сау болыңыздар.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі