Тақырыбы: «Алғысымыз
шексіз!»
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты
ұжым! «Алғысымыз
шексіз!» атты ризашылық күніне
арналған мерекелік концертімізге қош
келдіңіздер!
Жүргізуші: Талайлы тағдырлардың
басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен
қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет
көрсететін күні де белгіленді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық
ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.
Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының
құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш
рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол
қойды.
Слайд: (Алғысымыз
шексіз)
Жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл,
ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен
барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған
Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған
түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған
қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым
белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен
ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда
еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік
қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне
айналды.
Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
, - дей
келе ұжым арасында екі командаға
бөлініп жарыс ұйымдастырсақ. Жарыс
түрі:
-
Командаға ат қою.
Девиз.
-
Ойын: Мақал – мәтел. Шарты:
Алғыс айтуға байланысты мақал – мәтелдің жартысы оқылады. Жартысын
тауып жалғастыру керек.
-
Ойын: Тик – ток. Экраннан
көрсетілген тик – токты сол қалыпында
қайталау.
-
Ойын:
Импровизация
-
Қол өнер: Түрлі түсті
қағаздан қол өнер жасап, екі команда бір – біріне алғыс айту
сөздерін айта отырып
табыстайды.
Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және
әрқашанда айтып өтеміз.
Ендеше екі команданың
таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші:
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген, - дей келе келесі кезекті
ойынға береміз.
Ойын: Мақал -
мәтел
-
командаға
-
Алғыс алған
арымас,
Қарғыс алған
жарымас.
-
Алғыс алған жігітің аты
бәйгеден келеді.
-
Алтын деген жер
сыйы,
Алғыс деген ел
сыйы.
-
Қағынған қарғыс
алар,
Қарасқан алғыс
алар.
-
Қайырымдылық
жасасаң,
Қайырын өзің
көресің.
-
командаға
-
Қонағыңның алтынын алма,
алғысын ал.
-
Асыңа тойғызбасаң
да,
Ақ ниетіңе
тойғыз.
-
Ел алғысын
алсаң,
Елеулісі
боларсың.
-
Бота алғанша, бата
ал.
Алтын алғанша, алғыс
ал.
-
Құр алғыс азық
болмас.
Жүргізуші: Алғыс - адамның адамға
жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондай-ақ оның ойы мен іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі
үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының
басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп
өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар
тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп
табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі,
панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала
үшін шыңы биік асқар тау.
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді
сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғастырып дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын, Дей келе
кезекті
Ойын: Тик -
ток
Жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты
да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ. – дей келе келесі кезек
қолөнер
Ойын:
Импровизация
Жүргізуші:
Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,
қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол
дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып,
дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап,
аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың
бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың
амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы
қасиеттер бізге алдымен анадан
тарайды.
Келесі кезекті ойын:
Қолөнер
Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Екі
команданың жинаған ұпайларын санап, әділ қазы мүшелері жеңген
команданы анықтаса.
Жүргізуші:
Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік
концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп
рахмет!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Жүргізуші:
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан,- деп сөз кезегін орталық
директоры Эльнура
Төлендіқызына береміз.