Материалдар / Тәрбие сағаты Алғысым шексіз 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Алғысым шексіз 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 1-наурыз күні алғыс айту күніне арналып жасалынған сценарий. Тақырыбы "Алғысым шексіз" 6 сынып оқушылары өткізген. Материал 1-11 сынып жетекшілеріне арналған. Сынып сағатында әндер, билер және алғыс айтуға арналған тақпақ, өлеңдермен қамтылған. Сынып жетекшілер тәрбие сағатына немесе сынып сағатына қолдана алады. Және де тәрбие сағатында тек оқушылар ғана емес ата - ананың рөлі де кіріктірілген. Кеш соңында мектепке, ұстаздарға өз рахметімен көркемделген тақпағын айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
4630
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Алғысым шексіз»

Мақсаты:

1)Еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген қурметтің болуын үйренуге тәрбиелеу;

2) Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының бағытын түсіндіруге баулу;

3) Үлкенге құрмет етуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекілік:  слайд, хат жәшігі, сөздер.


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: АҚШ және Канада халықтары Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтетін көрінеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілеген екен.

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.

2-жүргізуші: Елбасымыз Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.


Би: «Земля Казахстана»


Аяулым: Кім білмес қазағымның қою шайын,

Жал-жая қазы-қарта, құрт пен майын,

Ақ тілекпен әрбір келген қонағына.

Құрметпен шығаратын төрі дайын.

Келіңіз ұсынамын төрден орын.

«Досым» деген адамға міне қолым.

Әр қазақтың жүрегінде осы тілек.

Адамзат, оң сапарда болсын жолың.


1-жүргізуші: 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр” тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. “Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді”, – деді Президент.


2-жүргізуші: Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. “Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды – киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым”, – деді Елбасы. Осы өзге ұлттар Қазақ еліне әлі де рахмет айтуда. («Қазақ еліне рахмет» видеоролик)


1- жүргізуші: Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат. Алдарыңызда өзбек биі қабыл алыңыздар.

Би: «Өзбек биі»


2-жүргізуші:  Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, ата-анана сыйлаған өмірі үшін, ұстазға білім мен тәрбие бергені үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


1-жүргізуші: Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән- мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық. Оның себебі көп: біріншіден ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы алғыс айтуды әуел бастан әдетке айналдырған. Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштымыз.


2-жүргізуші: Алдынғы аптада біз «Алғысым шексіз» поштасын ашқан болатынбыз, сол поштаға келген хаттармен таныс болыңыздар. (Шара поштадағы хаттарды оқиды).


Тоғжан: Мен осы рахмет күніне орай өзім арнайы репортаж жасағанмын, соны тамашаласақ. (көшеде, мектепте алғыс айтқандары)


1-жүргізуші: Алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатары сөзсіз. Дана халқымызда алғыс айту туралы мақалдардың өзі бір төбе. Ендеше, «тұсауы жаңа кесілген» мерекелеріңізбен құттықтай отырып, алғыс жайлы қазыналы  тіліміздің қоржынында сақталған мақал-мәтелдерді назарларыңызға ұсынамыз!


Арзу: Алғыс алған арымас, 

Қарғыс алған жарымас.


Айша: Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден бірінші келеді.


Камила: Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.


Серік: Қағынған қарғыс алар, 

Қарасқан алғыс алар.


Нұрасыл: Сілеу алма, тілеу ал.


Айша: Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.


Камила: Қарғыс алма, алғыс ал.


Серік: Асыңа тойғызбасаң да, 

Ақ ниетіңе тойғыз. 


1-жүргізуші: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» -деп сыбырлаған.
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. – деп, М.Мақатаев жырлағандай, әрбір адам өз елін, жерін –Отанын сүйе білу керек. Біздің туған еліміз –Отанымыз-кең байтақ Қазақстан. Алдарыңызда қазақ елінің құрметіне жігіттердің
орындауында «Рахмет саған Туған ел» әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Отанымыз – Қазақстанда алғыс айту күнін кейбіреулерге әдеттегі жұмыс күні секілді болып, мереке екені сезілмеуі мүмкін. Жақын-жуықтарымызға, көптен араласпаған таныс-тамырымызға хабарласып, жасаған жақсылығын еске алып, алғыс айту арқылы мерекені сезіну, сезіндіру өз қолымызда.


1-жүргізуші: Мың бұралып билеген,

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға.

Кімдер басын имеген – дей отырып, келесі кезекті 5-сынып қыздарының орындауында «Үнді биін» қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Сүйікті, парасатты мұғалімім

Өзіңдей жанымды ұғады кім?

Бас иіп, шәкіртіндей құрмет тұтып

Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.

Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек,

Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет! – деп, Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шұмақтары арқылы өзінің ұстазына деген алғысын осылай білдірген екен. Келесі кезекті 5-сынып оқушыларының өлең шұмақтарына береміз.


Сабина: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін

Бүгінгі  қүн  —  нұрлы  күн

Жарық  шашқан  әлемге

Ескеретін  күн  бүгін

Ризашылық  қой  әр  елде



С.Диана: Айналайын әкем менің, қорғаным,
Сіз арқылы бақытты өмір орнады.
Сіз арқылы аман-есен ержетіп,
Сіз арқылы білімді адам болғаным.
Жақсы болу-бізге міндет,түсінем,
Үлгі аламыз әкелердің ісінен.
Алғысымыз арналады сіздерге 
Балаларын әлпештеп-ақ өсірген!
Сіздер барда бақыттымыз әрдайым,
Өміріңді,тағдырыңды жалғайық.
Ұстаздардан білім алып өркендеп,
Қиялдарға қанат қағып самғайық.


А. Диана: Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған 
аналардан даналар да.

Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.


Мөлдір: Мұғалімдік ең құрметті мамандық.

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан адамзатқа таралған.

Мол мейірім ізгілік пен адалдық.

Бар тәлімін беріп елдің жанына.

Бір кездері қырауланар шашы да

Ұстаз адам ұстаз болып қалады.

Қол соқтырып заман менен ғасырға

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген

Айтыңдаршы адам бар ма өмірде.

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.


Шара: Өмір сыйлағаны үшін Анаға алғыс,

Қорған болғаны үшін Әкеге алғыс,

Гүлдері мен көк шалғыны үшін Далаға алғыс,

Жанды жылытатыны үшін Сөзге алғыс.

Шуағы мен назары үшін Күнге алғыс,

Қараңғы түндегі жарығы үшін Жұлдызға алғыс.

Құшағы мен иығы үшін Досқа алғыс.

Ыстық алақаны үшін Әжеге алғыс,

Тіршілік көзі болғаны үшін Суға алғыс.

Махаббаты мен бар болғаны үшін Жерге алғыс.

Жылулығы үшін Отқа алғыс.


Оралбек: Ұстаздарға мың алғыс,

Алғыстарым көп менің.

Асыл анам мектебім.

Үйреткені адалдық.


Серік: Асқарлы қарлы шың,

Аялаған ән құсым,

Туған жер армысың,

Саған мың алғысым.


Алмас: Қуаныштан желпілдейді түңдігім,

Шын ниетпен алғыс айтар күн бүгін.

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты.

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.


Аяжан: Аллаға әуелі рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, толғатқан.

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан. 

Ұстазға ұлы рахмет!

Нәрімен білім сусатқан.

Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан.

Сол жанға айтам мың алғыс!

Сезімі үшін жылытқан.

Халқыма туған рахмет!

Шыңдаған, елге танытқан. 

Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.

Жеріме байтақ рахмет!

Таза ауа үшін сімірген.

Барша әлем, саған рахмет!

Әр күнім үшін кешірген.

1-жүргізуші: Алдарыңызда көрініс. «Ана мен бала алғысы»


Аян: Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болсам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам.

Өмірге ана бақыт, ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай шешен, талай көсем.

Талай ер, талай дана, талай ақын.


Ата – ана-Толқын: Рахмет балаларым.

Жақсы болса балалар,

Қуанамыз әрдайым

Жүректен шыққан сендерге,

Осы бір сөзді арнайын!

Балам-өмір гүлімсің,

Жарық сәуле күнімсің!

Сендер үшін ата-анаң

Бірі – бәйтерек, бірі – шың!

Сендер, балам, өмірім,

Сөйлейін бүгін төгіліп,

Ұл-қызым жетіп қалды деп

Алаңдайды көңілім.

«Бауыр етім - балам» деп

Өмір сүріп келеміз.

«Үміттерді ақтайды» деп,

Сендерге біз сенеміз!

Өнер, білім, үйреніп,

Шыңына өмір шығыңдар.

Ата – ананы қуантып,

Мақтаны болып тұрыңдар!


(Жүргізушілер рахмет деп айтады)



2-жүргізуші: Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.


1 -жүргізуші:  Бүгінгі мерекелік шарамызды  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен қорытындылайық:

Дүниеде  тәуелсіз  қазақ  елі  бар;

Әлемде  Егемен  Қазақстан  бар;

Оның  көп  ұлтты, тату, ынтымақшыл  халқы  бар;

Қуатты  экономикасы, сенімді  саяси  жүйесі  бар;

Ең  бастысы —  бүгіннен  нұрлы, бүгіннен  кемел  болашағы  бар.

Сол  күнге  берік  сенім  бар!




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!