Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Әліппе-білім анасы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әліппе-білім анасы!
Өткізген:Хайруллина А А
Мақсаты:
1.Оқушыларды әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін,қабіллеттерін көрсету,
шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3.Оқушыларды жақсы оқуға,өзін-өзі басқару мен ата-анаға өнерлерін көрсету,
эстетикалық талғамдарын тереңдете түсуге,ана тілін сүйіп,қастерлеуга тәрбиелеу.
Түрі:ертеңгілік.
Көрнекілік:суреттер,әліппе,математика,ана тілі макеттері,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: -Қайырлы күн, қадірлі қауым,аяулы ұстаздар,асыл жанды ата-аналар! Бүгін сіздер үлкен мерекеге келіп отырсыздар.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өткен биік асуға беттеген аяулы құмыр,ғажайып өмір осынау шат күлкі балалық шақтан бастау алады емес пе? «Елін,жерін сүйетін жақсы азамат болып өсетініңе сенемін»-деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға арналған алғыс сөзімен басталған өзіміздің төл оқулығымызды оқып аяқтадық. Бүгінгі «Әліппе» оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып,оқып жазуға үйреткен әліппе оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салар кез келді.Әліппе бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық.Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер ортақ та салтанатты мереке. Қош келдіңіздер! Бастауға рұқсат етіңіздер!
-Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып,оқитын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
(Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады)
Хан:-Уа,халайық! Армысың.
Ағайын туған,бармысың?
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар.
Мен сендерге сенемін,
Қызымды мектепке апарғанға,
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ,әке,бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін.
Сабақ,оқу,әріп,жазу
Дәптер,кітап-ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын,ханшамын,
Тәтті қыздың бірімін.
Оқуыңа өзің бар.
Керек емес білімің.
Мұғалім:Уа,тақсыр,армысыз,
Ханшайымда бармысыз
Жақсы хабарым бар,1-сыныптың оқушылары Әліппемен қоштасу тойын тойлайын деп жатырмыз,соны көріп тамашалаңыздар,сонда ханшаның пікірі өзгерер.
Хан:Ой,қандай жаңалық айттыңыз,қызыма көмегі тисе барайық,жүр алға!
Ханша:Барсақ,баралық,көрсек,көрелік!
Мұғалім:Нұрлы үміті арқалаған арқаға
Жан сәулесін таратып баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерімізді шақырамыз ортаға.
(музыка ойнап тұрады)
Ертеңгілігімізді ҚР мемлекеттік әнұранымен бастайық.
(Әнұран орындалады.)
Мұғалім:Балаларды қарсы алып,
Шашу,шашу,шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке,бұл тойдың,
Бастанғысын жасайық
Шаушу,шашу,шашайық!
(қазақ киген қыз бала шашу шашады).
Мұғалім: Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне,қараңыз
Ғылым,білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Енді біз өзіміз оқып,жаза аламыз.Бұл әрине,Әліппенің арқасы.Сендердің мектептегі ең алғаш күндерің естеріңде ме?
Оқушылар: Әрине есіміз де,оны қалай ұмытамыз!
Мұғалім:Ал,балалар,енді менің сұрағыма жауап беріңдерші қазір сендер ойынды тастап,білім жолын тандағандарыңа өкінбейсіңдер ме?
Оқушылар:ЖОООҚ.Керсінше, біз өте қуаныштымыз.
Күнсәуле:Армысыздар,аналар!
Бармысыздар,балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Айбол:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін,
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
Күнсәуле:Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1.Дархан деген ұл едім,
Білім алып,түледім.
Сабағымнан «бес» алып,
Озат болып жүремін.
2.Шұғыламын,айдаймын,
Тек оқуды ойлаймын
Оқып,жазып үйреніп,
Бүгін аздап ойнаймын.
3.Әрбір іске жауапты,
Қарақатпын талапты.
Білім көгін шарлаған,
Қыран болам қанатты.
Айбол: Күнсәуле:
Әліппе- Бұлім бұлағы
Әліппе- Өмір шырағы
Әліппе- Білім көзі
Әліппе- Ұстазымның сан айтқан ақыл сөзі
Айбол:Олай болса, «Әліппе-білім анасы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Күнсәуле:Бүгін біздің оқушыларымыздың қуанышында шек жоқ.Өйткені олар тұнғыш рет сауаттарын ашқан Әліппені бітірді.
Айбол:Олар енді кез келген сөздерді,сөйлемдерді,тіпті қысқа әңгімелерді оқи алады.
Күнсәуле:Осы уақытқа дейін сурет,салуға,ән айтуға,есептеуге, денемізді шынықтыруға,еңбек етуге мұғалімнің көмегімен дағдыланудамыз.
Айбол:Балалар, мен сендерге бір сұрақ қоямын,соған жауап айтыңдаршы.
-Іші толған әріпке,білімдегі жарық не?
Хор:Болашаққа жол ашар.
Ол сүйікті,Әліппе!
Ол сүйікті,Әліппе!
Күнсәуле:-Бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хор.Әліппе,Әліппе,Әліппе!
Әліппе:Армысыздар,жас достар,
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым -Әліппе
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
-Достарым, «Әліппе тойы» деген шақыру қағазын алып,осы мектепке келдім
Мұғалім: Сәлеметсіз әліппе! Төрлетіңіз.Той осында,кешіккен жоқсыз.
Шұғыла:Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық.
Дархан:Әліппені бастадық,
Көп ойнауды тастадық.
Адам болу ниетімен,
Білім жолын таңдадық.
Қарақат:Әліппем менің,әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Күнсәуле:Балалар,осы біз қандаймыз?
1.Дархан-Талабы биік таудаймыз.
2.Айшагүл-Мың бұралған бишіміз.
3.Аяулым-Күмбірлеген күйшіміз.
4.Шұғыла-Біз қызықпыз,қызықпыз
Сәл еркелеу бұзықпыз
5.Тілек-Біз шеберміз.Ақылдымыз
6.Айтолқын-Парасаттымыз
7.Нұрай-Көңілдіміз.Ізгі нұрмыз.
8..Айбол-Үлгенге ізеттіміз.Кішіге қамқоршымыз
9.Күнсәуле-Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
10.Қарақат-Көп оқимыз.Терең оқимыз.
11.Айтолқын-Жанып тұрған шырақпыз.
12.Айбол-Толқынды су бұлақпыз
13.Тілек-Елімізді өркендететін.
Қазақ тілін көркемдететін.
Хор:Біз қазақ елінің болашағымыз!
Әліппе:Достар,сендер менен не оқыдыңдар,не үйрендіңдер?
-Әріпке әріп қосқанда не шығады?(Буын)
-Буынға буын қосқанда ше?(Сөз)
-Сөзден не құралады?(сөйлем)
-Қазақ тілінде қанша дыбыс,қпнша әріп бар?
(42 әріп,40 дыбыс бар)
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?(Дауысты,дауыссыз дыбыстар)
Әліппе:Жақсы достар,Жарайсыңдар!
-Мен әуелі әріптерді түгендеп алайын.
Әліппе:-Дауыстылар қайдасыңдар?
Нұрай:
-Біз мұндамыз.
Әліппе:-Дауыссыздар қайдасыңдар?
Айтолқын:
-Біз де мұндамыз.
Әліппе:Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой?
Тілек:Олар ойнап жүр.
Әліппе:Олар тойға неге қатыспай ойнап жүр?
Аяулым:Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.
Әліппе:Біреуің барып шақырып келе қойыңдар.(Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі келеді).
-Жіңішке белгісі мен айыры белгісі сендердің де өз орыңдарың бар. Тәртіпсіздік жасамай,орыңдарына барыңдар.
Әліппе:Енді міне сендерге тапсырмалар әкелдім.Қалай оқитындарыңды бақылап көрейік.
Әліппе:Алфавиттер,шығыңдар!
Орыңдарына тұрыңдар!
Бастайық кәне айтысты!
Жібермейік намысты!
(Ортаға әріп жазылған тәж киген оқушылар шығады.)
Дархан: «А»-Ата-ананың тілгеі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Қарақат: «Ә»-Әдептілік дегенің,
Әрқашан да керегің,
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің.
Шұғыла: «Б»-Бал бұлақтың басында,
Бір бәйтерек қасында
Бұлан,бұғы келіпті
Бір-біріне кезікті.
Айшагүл: «Қ»-Қошқар мүйіз ошақтай,
Қаулайды от ортада.
Қайнап жатқан қазанда.
Қазы ма әлде қарты ма?
Аяулым: «Н»-Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз.
Нан-қасиет,нан-байлық.
Деп ән айтып жүреміз.
Тілек: «П»-Парызың ақыл қосу кішіге,\
Парызың сәлем беру кісіге,
Парызың халын сұрау ауырса,
Парызың көмектесу бәріне.
Нұрай: «Ө»-«Өренің өссін»-деп атам,
«Өкпешіл болма»деп әжем
«Өсек айтпа» деп әкем,
«Өнерлі бол»деп анам.
Айтолқын: «Д»-Дос қуанар балаша,
Өмір сүрер жараса.
Достарымыз көбейді,
Сан жетпейді санаса.
Айбол: «Е»-Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп.
Есерлігін қоймаған.
Күнсәуле: «Ж»-Жатырқама кісіні
Жатсынбайды түсінген,
Жәбірлеме кішіні,
Жақсылығың ісіңмен.
Ән: «Қошақаным»
Көрніс: «Аңдар айтысы»
Тілек:(аю): Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!
Айтолқын (түлкі): Сәлеметсің бе аю? Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
Тілек:Мына жазуларды оқығым келеді.
Айтолқын:КЕл аю,екеуіміз бірге оқиық,мен де оқығым келеді.
Айшагүл (қоян): Сәлеметсіңдер ме,достар!
Екеуі:сәлеметсің бе,қоян!
Айшагүл:Айтыңдаршы,екеуің не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр
Қоян:А, олай болса бірге оқиық,енді мен де оқығым келеді.
Екеуі: Кел онда,оқысақ оқиық.
Нұрай: (тиін):Сәлеметсіздер ме,достарым!
Үшеуі:сәлеметсіз бе, тиін!
Нұрай:Барлығың мында жиналыпсыңдар,не істемек ойларың бар?
Үшеуі:Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.
Нұрай:Бірге оқиық
Үшеуі: Оқысақ,оқиық.
Аяулым (тышқан):Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Төртеуі: Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.
Аяулым: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді,бірге оқиық.
Төртеуі:Оқысақ,оқиық
Тілек:Менің ойымша,бұл- «бал» деген жазу.
Айтолқын: Ал,менің ойымша,бұл «тауық» деген жазу
Айшагүл:Ал,менің ойымша,бұл «сәбіз» деген жазу
Нұрай: Жоқ,жоқ бұл «жаңғақ» деген жазу
Аяулым: Не деген көп жазу,бұл қандай сөз болды екен,а?
Әліппе:Неге дауласып жатырсыңдар,достарым?Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма? Балалар сендер Әліппені оқып бітірдіңдер,олай болса аңдарға оқып көмектесейік.
Балалар: Мек-теп,
Аңдар:Мектеп,мектеп деген не?
Әліппе:Мектеп деген балалар білім алатын үй. Қазір сендер Новокаменка негізгі мектебінде тұрсыңдар. Бүгін 1- сыныпта әліппемен қоштасу салтанаты өтуде,мектепте не үйренуге болатынын балалардан білетін боласыңдар.
Ән: «Мектебім»
Қарақат:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті.
Үйреткен оны Әліппе!
Дархан:Енді біз жаза білеміз.
Әріпті қосып әріпке
Риза боп соған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!
Шұғыла:Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
Дархан Іші толған әріпке-
Жақсы кітап Әліппе
Әріптерді жаттаймыз.
Есте мықтап сақтаймыз.
Шұғыла:Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет,ұстаз алғашқы!
Қарақат:Әліппе-білім анасы
Әліппе-кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған.
Адамның бар ма баласы.
Әліппе:Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар.Сонымен бірге қандай пәндерді оқыдыңдар.
Бәрі: математика,дүниетану,ән сабағы т.б
Мұғалім: Ендеше балалар математика қонаққа келіпті.Қарсы алыңдар.
Математика:Амансыңба,жас достар,
Есенбсіз бе, қонақтар?
-Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
-Енді қызықты есептер шығарып берейік.
1.Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік,
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?(7)
2.Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуін де жеп қойсам,
Қалады онда неше алма?(0)
3.Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2=10
Математика: -сендер мені төрт ай оқыдыңдар.
-Қалай мені меңгердіңдер?
-Сандар өсу ретімен тұрыңдар!
-Сандар кему ретімен тұрыңдар!
-«Санамақ» айтып беріңдерші.
Дархан:Бір дегенім-бесік,
Содан шықтым өсіп.
Айшагүл:Екі дегенім-елім,
Далам,тауым,көгім.
Айтолқын:Үш дегенім-үміт
Үміт артар жігіт.
Айбол:Төрт дегенім-төзім,
Төзе білем өзім.
Аяулым:Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Күнсәуле: Алты деген-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Тілек:Жеті деген-жалау,
Жүректегі алау.
Шұғыла:Сегіз деген-сөзің,
Серт беретін кезің.
Нұрай:Тоғыз деген-тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Қарақат:Он дегенім-Отан,
Қорға соны,ботам!
Әліппе:Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математиканы жақсы оқыпсыңдар,
балалар.Жарайсыңдар!
Мұғалім:Математикаға арнап би билеп берейік.
Мұғалім:-Ал балалар,біз сонымен қатар ағылшын тілін де оқып,білім алып жатырмыз.Ендеше ағылшын тілінде амандасу,отбасы мүшелерін санау сияқты сөздермен танысқанымызды ән арқылы қонақтарымызға жеткізейік.
Хор:Ағылшын тілінде ән.
Айшагүл: Бізді үйреткен жалықпастан,
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз шәкірт,біз Отаның болашағы-
Білімнің басқышына қадам басқан.
Аяулым:Көзге ыстық партасы,
Оқулығы,картасы
Оқу қызық болғаны-
Мұғалімнің арқасы.
Тілек:Үйреткені-адалдық,
Ұсынғаны-адамдық
Текті мінез,даналық,
Бар ұстазға тілейміз.
Хор:Бақыт,табыс,амандық!
Ұстаздарға мың алғыс!
Күнсауле:Анаңдай аяулы,
Мәпелеп өсірген.
Санауды үйреткен,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой.
Мұғалім:Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салған егінші де,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған.Сондықтан да,ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Ендеше ұстаздардың құрметіне арналған әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»
Әліппе: Айналайын балдырған,
Менен білім алыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтанам!
Ал,достар,бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын «Ана тілі» пәнімен танысасыңдар.Ана тілін ортаға шақырайық
Ана тілі:Сәлем,ойшыл достарым
Бүгін ниет қосқан күн
Аянбаймын сырымды
Баяндаймын ғылымды
Талаптыға бәрі бар.
Менен оқып алыңдар.
Туған елдің тілімін.
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімің
-Балалар,қандай жаңылпаштар,ертегі білесіндер?
Шұғыла:Піскен алма топ-топ түсті
Топ-топ түсіп,көптеп түсті.
Дархан: Пеш үстінде 5 мысық,5 күзетші,5 пысық
Қарақат:Тау дәу,дәу тау.
Көрніс: «Бала тілі бал»
1.Нұрай:Тілек,анау құс неге бір аяғымен тұрғанын білесіз бе?
Тілек:Ол қоқиқаз,бір аяғымен,екінші аяғын демалдырып тұрған шығар.
Аяулым:Меніңше,оны тентектік жасағаны үшін солай тұрғызып қойған.
2.Күнсәуле:Айбол,мысығыңды бір күнге бере тұршы біздің үйде тышқандар бар екен.
Айбол: ОЛ тышқандарды біздің үйге алып келіңіз жеп береді.
3.Айтолқын:Айшагүл,сабаққа неге кешіктің?
Айшагүл: Милиционер ағай маған «Жолдан асықпай өт» деген соң асықпадым.
Ана тілі:Мен әліппеден оқып, білгендеріңді ары қарай жалғастырамын.Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіндер.Мені де осылай оқыңдар.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға,
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп.
Бәрі:Ана тілін,Ана тілін,Ана тілін сүйеміз!
Ана тілі:-Ана тілін жақсы меңгеруге ант бересіңдер ме?
-Ант береміз.
Ана тілі:-Кітапты таза ұстауға-
-Ант береміз.
Ана тілі:-Ішіндегі білімді маржандай теруге-
-Ант береміз.
АНа тілі:-Сабақты жақсы оқуға-
-Ант береміз.
Ана тілі:Рахмет,балалар,мені жақсы оқыңдар.
Әліппе:Жарайсыңдар,балғындар!Сендерге ризамын.
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер
Осыған бас иіңдер!
Мұғалім:Ана тілі таң қалсын,
Ән-бимен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Ана тілінің Құрметіне «Қазақ биі»
Мұғалім:-Міне көптен күткен Әліппемен қоштасу күніне де жеттік.Осы күнді бізбен бірге асыға күткен,Әліппе оқулығын бізбен бірге оқып,әріптерді бірге жазып,күнделігіміз жақсы бағаға толса бізбен бірге қуанып,нашар баға алдырмауға тырысып жүрген ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз.Балаларыңыз сіздерге деген шексіз алғыстарын жыр шумақтармен жеткізсін.
Айтолқын:Анам—үнім,жүрегім,
Әкем-өмір тірегім.
Біз бақытты ұланбыз.
Бәрі бізге қуансын!
Нұрай:Әжем-асыл ардағым,
Атам-дана қорғаным.
Біз бақытты ұланбыз.
Бәрі бізге қуансын!
Қарақат:
Баланың да тілегі,
Дананың да тілегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Шұғыла: Кім ойлап тапқан?
Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де
«Аға» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Әпке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
«Апа» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар!
«Күнім,жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
«Қошақаным» дегенді
«Айналайын» дегенді
«Толған айым» дегенді
Ойлап тапқан аналар!
Мұғалім:Бізді осы күнге жеткізіп,бірге қуанып,бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз,аталар мен әжелерімізге-
Хор:Мың алғыс айтамыз.
Мұғалім:Ендігі өлең сіздерге арналады.
Ән: «Қос бәйтерек»
Мұғалім:Енді,балалар сендермен Әліппе қоштасқалы тұр.
Әліппе:(бата береді) Сағаттың жаңылма есебінен,
Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен
Дер кезінде тамақтан.
Кешікпей кел сабақтан
Оқуда зейінді бол
Еңбекке бейімді бол
Кір шалмасын беттерін
Таза болсын дәптерің
Күнделіктерің беске толсын! Әумин!
Кош, менің кішкентай шәкірттерім!
Хормен: Қош сау бол,Әліппе!
Мұғалім:Әліппе,бетің жарық болсын,
Ұл-қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына,
Аман-есен,бүтін жет!
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір.
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.
Құттықтау сөзіне кезек беріледі.
Мұғалім:Тойымызға бүгінгі,
Ақ тілегін арқалап
Келді ата-анамыз,
Кезек беріп соларға.
Сөзіне құлақ саламыз.(ата-аналарға сөз беру)
Ән: «Асыл ана»
Күнсауле:Бойларында от бар екен,достарым
Жүректеріңде шоқ бар екен, достарым
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар,достарым!
Хор:Бізге білім салып берген.
Бізге оқу үйреткен
Бар уақыты бірге өткен.
Қош бол,сүйікті Әліппем!
Би: «Макарелла»
Мұғалім:-Ханша мектепке барасың ба?
Ханша:Мен енді мектепке баратын болдым,осы балалар сияқты сабақ оқығым келеді.
Хан:Мен сендерге ризамын,қызымның көзін аштыңдар,менің сендерге деген сыйлығым бар ала қойыңдар.Өркендерің өссін!
Мұғалім:Алалық келер сәтті ойға түйіп,
Қалар бір шапағаты көпке тиіп
Қол жайып періштенің пейіліне
Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік.
Балаларға ақ батасын беруге
Мұғалім: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің,әр айың
Тойларыңыз құтты болсын,ата-ана!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Бүгінгі«Әліппе-білім анасы» атты ертеңгілігімізге уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.