Материалдар / Тәрбие сағаты "Әліппеге рахмет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Әліппеге рахмет"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
651
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: оқушыларға бар білімнің,ғылымның бастауы Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру;

Білімге құштарлыққа,адамгершілікке,ұйымшылдыққа баулу.

Барысы:

Көрніс: «Атасы мен баласы»

(немересін жетектеген ата сыныпқа кіреді)

Ата:Новокаменка негізгі мектебі осы ма?

Мұғалім: Осы ата,қош келдіңіз!

Ата: Мен немеремді алып келіп едім.

Құтты болсын,қарағым,

Білімге басқан қадамың.

Қатарыңның алды бол,

Сабағыңды жақсы оқы,

Айналайын!

Бала: Ия,ата айтқаныңды орындаймын,жақсы оқимын.


Мұғалім:Алты кетті жүгіріп,

Алпыс қалды кідіріп.

Ән: «Мектебім»


Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Күні кеше ғана жаңағы көрністегідей құлындай құлдыраңдап келген балалар бүгін бар білімнің бастауы қасиетті Әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр.

«Әліппеге рахмет» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Әліппені бітіру-алдыңғы өмірге бастайтын белестердің бірі.Ендеше біз бүгінде сол белестің бірінен астық.Сондықтан бүгінгі ертеңгілік-сідер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Бұл салтанаты мерекені тамашалайтын боласыздар. Зор құрметпен оқушыларды қарсы алайық.


Енді сөз кезегін оқушыларға беремін.


Айшагүл:Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын

Айшагүл деген бір қызыңмын.


Нұрай: Баршаңызға иіліп салем беремін

Мен қызымын Жанболаттың Нұрай деген.

Оқуды да,жазуды да тез меңгердім,

42 әріпті жатқа білем.


Тілек:Жақсы әдепті,жақсы істі

Бойыма әркез термекпін.

Қиын-ау деп қайыспайтын,

Ер мінезді Тілекпін.




Айтолқын:Ай нұрынан жаралған,

Айы мен күні анамның,

Ақылдысы баланың,

Кілең бестік сабағы

Айтолқын деген ару қыз

Мен боламын,ағайын.


Айбол: Сабақтан еш қалмаған

Ерінбей оқып талмаған.

Боламын дейді үлгілі

Айбол атты бір балаң.


Күнсауле: Әліппені жатқа білем бүгінде,

Өз бетімен оқи алам ертегі.

Танысыңыз,әдепті қыз Күнсауле

Мен боламын еліміздің ертеңі.


Аяулым:Түсінсем деп бар кітапты

Ынта қойып қарамақпын.

Сыныптың ең кішісі-

Мен Тілеубердіқызы Аяулымын.


Күнсауле:Армысыздар, көрермендер,әз жандар.


Айтолқын:Бармысыздар, инемен құдық қазғандар.


Айбол:Әліппеге рахмет деп шырқайық!


Нұрай:Ал канекей ,тойды бастайық!


Тілек:Ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


Мұғалім:Бәрекелді, балалар! Олай болса көрермен ата-аналар мен ұстаздар алдына шырқайық!


Ән: «Қошақан»


Айшагүл:Достар, Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.


Күнсауле:Ой! Не болды? Неге олай дейсің?


Нұрай:Ал,мен жылағым кеп тұр.


Айтолқын:О,несі,неге жылағың кеп тұр?


Тілек: мен, білем,бірақ айтпаймын,өздерің тауып алыңдар.


Мұғалім:Дауласпайық,балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын.Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы «Әліппемен» қоштасқалы тұрсыңдар.Қимай тұрсыңдар, солай ма?


Айтолқын: Дұрыс, айтасыз.Әліппемізге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.


Мұғалім: Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?


Бәрі:Әліппе


Мұғалім:Біз оқи аламыз,жаза аламыз.Оны қалай үйрендік.


Бәрі:әліппеден үйрендік.


Мұғалім:Сонымен қатар өлеңдер,жұмбақтар,жаңылпаш, мақал-мәтелдер оқуды үйрендік.Ендеше, балалар,сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.


Барлығы: Келіңіз,Әліппе,келіңіз.


Әліппе:Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым.Менің бұл жерде 40 әріп, 2 таңбам бар.Сіздерге әріптердің сөйлегендегі туралы ертегі айтып берейін.

Ерте,ерте,ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Баяғыда орманда екі үй болыпты,біреуі көк,біреуі қызыл.Көк үйде дауыссыз дыбыстар,қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты.Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптер дауыс шығарып көңілді тұрыпты да.ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті.

Бұны көрген Әліпби «мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып,араластырыпты.Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты.Әріптері сөйлей жөнеліпті.Осылайша әріптерден сөз,сөйлем пайда болыпты.Енді кезекті осы әріптерге берейік.


Аяулым:Әліппеге рахмет!


Айшагүл:Қош келдіңіз,ата-аналар!


Айбол:Мереке құтты болсын!


Тілек: Ұстазыма мың алғыс


Күнсауле:Ақылшым-мұғалім!


Ән: Мектебім


Нұрсая: Ал,әріптер,шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар.

Бастайық кәне айтысты,

Жібермейік намысты.


Нұрай:Әліпбидің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде, түсінші?


Күнсауле:А деген ол аналар ғой ардақты,

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі


Бәрі:Алшақ кетпей сондықтан расында,

Тұрады олар әліпбидің басында.


1-оқушы:А деген ол ана ғой

Ана деген дана ғой.


2-оқушы:Ә дегенің-жарты ай,

Іші ойылған жартылай.


3-оқушы:Б дегенің бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.


4-оқушы:Е Елге есті ер крек,

Ер жет,өсіп етерек.


5-оқушы: «О»-кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп.


6-оқушы: «Т»-кәдімгі телеграф бағаны,

Кейде оған ұқсатасың балғаны.


7-оқушы: «И» игі істі батыр болам,

Игілікке жақын болам.


8-оқушы: «Ф»-ның екі көзі бар,

Футбол деген сөзі бар.


9-оқушы: «Ш» әріпін айтсаң жасырмай,

Үш аша айыр басындай


10-оқушы: «Я» менмін соңғы әріп,

Менен әрі көр барып.

Мұғалім:Енді,балалар, «Әліппеден», «Математикадан» алған білімдерімізді қонақтарға көрсетейік.

Ойындар: Анамызға гүл сыйлайық. (Гүлдің артындағы мәтінді оқып береді)


Әліппе: Рахмет балалар.Қандай ертегі білесіңдер.



Ертегіден көрніс: «Шалқан»

Әліппе:Өркендерің өссін! Болашақтарың жарқын болсын!


Ән:Ертегілер.


Мұғалім:Үлкен саным он жақта

Кіші саным сол жақта.

Тұрушы еді жан-жақта,

Қайда кеттің,қай жаққа?

2. «Баспалдақ» (баспалдаққа ауызша шығарылатын есептер орналастырылады)

3.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы,сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?


Екі аяқ пен екі қол

Бір ауыз бен бір тілің

Нешеу болды кәне,бол

Санап шығар кім бұрын?


Мұғалім:Балалар, біз сонымен қатар мектеп ережесін орындауды,әдептілік әліппесін де меңгердік.

-Сыпайылық неден басталады?

-Сыпайылық сәлемдесуден басталады.

-Бір-бірімізге жақсы тілек айтуды үйрендік.

-Қуансаңыз сіз Үлкенге де сіз

Қуанамыз біз. Кішіге де сіз.

Сізге де,сізге де Баршаңызды құрметтеп

Бақыт тілейміз біз. Бас иеміз біз.


-Балалар,бізге бір бала келіп тұр.Сіздермен дос болғысы келеді және «Айтатын ақылым бар» дейді,тыңдап көрейік.

(Дымбілмес бейнесіндегі бала сәлемдеспей кіріп келеді)

Дымбілмес:Балалар менің атым-Дымбілмес, кейде мені Жалқаубек деп те атайды. Мен ұйықтағаныды жақсы көремін,ұйықтай берген рахат қой.Сабақ оқып не керек. Оқымай да білуге болады ғой. Ойнағым келсе, үйдің ішінде ысқырып (ысқырады) ойнамын.Дос болайық,балалар!


Оқушылар:Жоқ,жоқ, дос болмаймыз.Шық сыныптан! (қуып шығады).


Мұғалім:Енді,балалар,сүйікті Әліппемізді ортаға алып,оған арналған тақпақтарымызды айтайық.


Айтолқын:Әліппем менің,Әліппем,

Сені қолға алып мен

Есшігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Күнсауле:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Тілек:Қош бол,құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Аяулым: Қош бол, Әліппем,

Тіл тұсауың кестің сен.

Аяулы ана болыпта

Айыбымды кештің сен.

Айшагүл:Ауылға қадірлі

Кім екенін айта ғой

Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні.

Бәрі:Мұғалім апай ғой


Нұрай:Мәпелеп өсірген,

Кім атын айта ғой

Үйреткен санауды,

Көп еңбек сіңірген?

Бәрі: Мұғалім апай ғой.

Ән: «Мұғалім ол біздің».


Мұғалім:Балалар, сіздердің жақсы оқуларыңа ата-аналарың да көмектесті.Сондықтан оларға да көп рахмет айтайық.

Бәрі: Рахмет сіздерге,ата-аналар!


Ән: «Аналардың тілегі»


Айтолқын:Біз Әліппені бітірген соң не істейміз?

Күнсауле:Соны мен де ойлап тұрмын.

Нұрай: Шынымен де не оқимыз?

Тілек:Қиналатын түгі де жоқ.


Әліппе:Мен енді сіздерді жаңа достарыммен таныстырамын.Ана тілін оқитын боласыңдар.Жаңа достарыңыз Ана тілін қарсы алыңыздар.


Бәрі:Қош келдің,Ана тілі


Ана тілі:Сәлеметсіздер ме, менің жаңа достарым.Енді мені оқитын боласыңдар.

Мен де келдім дайындалып тойыңа,

Оқы талмай,түй санаңа,жас бөбек.

Сыр құямын,нұр құямын бойыңа,

Таза ұста,оқы мені қастерлеп.


Бәрі:Оқимыз,таза ұстаймыз.


Ана тілі:Балалар, Менің жұмбағым бар.

Кәне кім тез ойланып шеше алар екен?

Жұмбақ шешу:

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап)

Бір үйдің қырық баласы бар,

Сөзге шорқақ екі дарасы бар.

( 40 әріп пен 2 таңба)

Бүлдірсең дәптерді,

Кетірем,тап мені.

(өшіргіш)

Ақ қағазға сан қайталаған,

Жазудан еш шаршамаған

(дәптер беті, қалам)

Көрніс: «Қожанасырдың мысығын өлтіріп алуы»


Мұғалім:Балалар, енді Ана тіліне арнаған тақпақтарымызды айтайық.


Айтолқын:Ана тілің,біліп қой,

Еркіндігің теңдігің.

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың,елдігің.

Тілек:Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Күнсауле:Қазақпын деп айтатын

Кіп-кішкентай қызыңмын.

Қазақпын деп мақтанып

Айтатұғын келді күн.

Айбол:Жадыраған,жайнаған

Еркін елдің гүліміз.

Айналайын ана тіл,

Қазақша оқып жүрміз біз.

Нұрай:Әліппем менің, Әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет.

Әліппе: Ия, балалар жарайсыңдар!

Асыл тастан,өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса,халық сөзі,

Білімнің шын жолын қуған.

Шағын менің тартуымды,

Қабылдаңдар шын жүректен,- сыйлық таратады.

Сау болыңыздар,балалар! (Оқушылар қол бұлғап шығарып салады).


Ән: «Әнші балапан»

Күнсауле:Ұқсаттың да сіздер бізді балаңызға

Ұқсатып ек біздер сіздерді анамызға

Жақын тарттық,біртіндеп бауыр бастық

Роза мен Нұрдыгүл апайға

«Мың алғыс» деп шәкірттер жар салады.


Айтолқын:Ұстаз болған баршаға

Ардақты жандар қаншама

Шәкірттің күнде қуансын.

Шаршама,ұстаз,шаршама

Айнұр,Таня мен Лена апайға

Айтамыз оларға мың алғыс.


Мұғалім:Бүгінгі мереке әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар,қонақтар.

Ендігі сөзді мектеп меңгерушісі Аскер Н беріледі.


Сөз кезегі 1-сынып ата-аналарына беріледі.


Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,ата-аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін.Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат болсын.Тойларыңыз тойға ұлассын! Осымен 1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігі аяқталды.Тыңдап тамашалағандарыңызға рахмет.























































Shape1

















Сынып жетекшісі:Хайруллина А А

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!