400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тәрбие сағаты: Алматының мыңжылдық тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілгені туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Алматының мыңжылдық тарихы
Мақсаты:
Білімділік: Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілгені туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Атамекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, аударма, ойын элементтері
Көрнекілігі: Суреттер, Алматы қаласының суреттері.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен жүздесу, сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа бұру

Алматым – жүректің жыры!
Алматым – жанардың нұры!
Алматым – сөнбес күнім!
Алматым - өлмес гүлім!

Алматы – көне тарихымен әлемді таңқалдыра алатын ежелгі қала. Алып шаһар әсемдігімен ару, мың жылдан аса тарихымен асқақ.  Жыл өткен сайын құндылығы арта түсетін Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар аз емес. Арнайы ат басын бұратын туристердің де қарасы қалың. Қазіргі туристерді аспанмен таласқан зәулім сарайлардан гөрі қойнауы қатпар-қатпар көне заманның тарихи жәдігерлері көбірек қызықтыратындай… Оған қаладағы тарихи мұражайларға бас сұғып, тау-тасты аралап, естелік суретке түсіп жататын шетелдіктердің көптігі дәлел бола алады.

Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, археолог Карл Байпақов мәлім етті. 

«Мен жақында белгілі болған керемет жаңалықты жариялағым келіп отыр. Алматының 1000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО тізіміне енді. Алматының тарихы 150 жыл емес екендігі дәлелденген жайт және оның құрылуы Верный қамалының салынуымен байланысты емес. Алматыға - 1000 жыл. Бұл - тұтас тарихи дәуір».

Алматы туристер ошағына айналуы тиіс. «Түркістан, Отырар, Сауран - туристерге, тағзым етушілерге толы. Алматы да сол сияқты ірі туристік орталыққа айнала алады» деген сенімдеміз.

Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.

Сұрақ-жауап
Енді, балалар бізге «Сұрақтар әлемінен» хат келіпті. Ол хатта сұрақтар бар екен. Кәне, сұрақтарға жауап берейік.

Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
Алматыда нелер бар?
Медеу мұзайдынында нелер өтеді?

Алматының бағы қандай?
Алмасының дәмі балдай.
Аспанынан арайлы,
Алтын сәуле тарайды. (Н. Әлімқұлов)

Айтылым: Кел, сөйлесейік! (диалог)
- Асыл, сен Алматы қаласына бардың ба?
- Иә, демалыс кезінде апаммен қыдырып бардым.
- Алматы қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің?
- Көктөбеге бардым. Көктөбедегі әйгілі мұнараны көрдім.

Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Орнымыздан тұрамыз.
Төрт, бес, алты,
Аққу болып ұшамыз,
Жеті, сегіз, тоғыз,
Орнымызға қонамыз.

Ойындар
Көп нүктенің орнына тиісті сөз жаз.
Алматы ......(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағынды Алатау бар. Алатаудың ... (жағасында, етегінде) «Медеу» мұзайдыны бар. Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады.

«Ойлан, тап!»
1. Өте, әдемі, қала, Алматы.
2. етегінде, Алатаудың, орналасқан.
3. «Медеу» мұзайдыны, бар, Алматыда.
4. Алматыда, бар, цирк.

…….
«Шатыспақ!» Сөздердің дұрысын тап!
Лаам
Матыал
Аалқ
Сөздердің аудармасын тап!
Край -..
Комната - ...
Флаг - ...
Вода – су
Город - ...
Мальчик - ...

Үй тапсырмасы.
Алматы қаласы туралы әңгіме құрау.

Қорытынды.
Алматы қаласы туралы не білдік?
Алматы қаласында тұрғанымызға мақтан ете аламыз ба?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі