400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, ой-өрістерін арттыру, жалпы дүниетанымын молайту. Табиғатты қоргауға тәрбиелеу.

Мұғалім: Өрік,алма,шие,алша,

Жидек,жүзім піседі.

Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз.

Қоймаларға түседі.

Айтыңдарш, балаларым.

Бұл қай кезде болады.


Оқушылар: Кузде.


1-оқушы: Қуандырып біздерді

Мерекелі куз келді.

Кел жемісті алтын куз,

Кемелденсін халқымыз.


Мұғалім: Балалар ,ендеше Алтын кузді ортаға шақырайық.

Алтын куз: Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Балалар, мен сендерге мынадай сұрақтар қоямын:

Қандай жыл мезгілін білесіңдер?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Куз мезгілін кім атап береді?

2-оқушы: Көбейді құт-береке!

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке,

Алтын кузді тойлаймыз,

Қыркуйек: Қыркуйек кеп куз келіп

Шопан көшті кузеуге.

Мектепке бет түзеді,

Гүл құшақтап көп бала.


Қазан: Қазан айы басталды.

Құстар қайта бастады.

Туыстық,адал достықпен

Сәтті болсын өмірің.

Қараша: Күздің қараша айында

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр түседі.

Өлең: «Жау, жау жаңбыр.»


Алтын куз: Балалар, күзді неге «Алтын күз» деп атаған.


3-оқушы: Алтын сары,қызыл көк

Алуан,алуан жапырақ

Күзгі бақта ажырап,

Көз тартады күлімдеп.

Мұны көріп қалай біз

Теңейміз сары алтынға.


Нан: Нан анасы бидаймын

Елге астық силаймын.

Хор: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.


4-оқушы: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Алма: Мен алмамын,алмамын.

Таңдай татар мол дәмім

Дастарқанға көрік беріп,

Келтіремін бар сәнін.


Жүзім: Мені бәрі жүзім дер,

Бір-бірлеп-ақ үзіп жер.

Дәмі кетпей аузынан,

Жеген адам шырын дер.


Шие: Шиемін мен,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.


Алмұрт: Мен алмұртпын,алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Жегенде сондай тәттімін

Өзім жұмсақ балдаймын.


Қауын: Білесіңдер ауылда,

Ауылда өскен қауынды.

Қауын деген сары алтын

Еңбекпен табылды.


Құлпынай: Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бау.

Күрең қызыл, шіркін-ай.

Оның аты құлпынай.


Жаңғақ: Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты жаңғақ.


Өрік: Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде дәні бар.

Қызығасың көріп,

Оның аты өрік.


5-оқушы: Шат көңілді балалар,

Шаршағанды білмейді.

Алтын күздің құрметіне

Би билейді дөңгелей.


Би «Қолшатыр».

6-оқушы: Міне. Күз де келіпті.

Құстар сапар шегіпті.

Қаз: Қош бол өскен жеріміз,

Айдын-шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар,

Қамқор болған еліміз.

Қарлығаш: Қаһарлы қыс өткенде

Қайтып келіп көктемде.

Күнде думан құрамыз,

Күн шуағын төккенде.

Ән «Құстар қайтып барады.»

7-оқушы. Құстар қайтып ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

(Күзгі сән үлгісі.)

8-оқушы: Ал, балалар,балалар,

Астық жеміс жиылды.

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өніміңді.

9-оқушы: Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар,балалар,

Ойнайық та күлейік,

Енді оқуға кірелік.

Хор: ән «Күз келгенде».

10-оқушы: Күз келіпті дегенше

Мереке келді дегейсің.

Қонаққа келіп тұратын.

Апайларымыз көбейсін.

Алтын күздің ең асыл, ең қымбатты дәмін қабыл алыңыздар.(Нан)

Алтын күз: Рахмет,балалар, өнерлеріңе ризамын. Мен кетейін. Қош,сау болыңдар!

Оқушылар: Рахмет саған, Алтын күз. Біз сені асыға күтеміз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі