Материалдар / Тәрбие сағаты. "Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. "Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбында "Алтын күз" мерекесіне орай тәрбие сағатының жоспары. сабақтың мақсаты Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл-күй орнату; Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Балалар жеміс, көкөністердің киімдерін киіп, олардың пайдасы туралы айтты. Өсімдіктерді қалай өсіру керек екенін ұғынды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 20.10.2021ж.

 Мақсаты:  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл-күй орнату; Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.

/Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі әнойналып тұрады/ .

Жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар!

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Көктем мезгілі. Бақшаға жеміс-жидектер егіледі.


Музыка ойнап тұрады, ортаға қыз шығып билеп жүріп, шелектен көкөніс пен жемістердің дәндерін егеді де кетіп қалады. Осы кезде ортаға көкөніс, жемістердің киімдерін киген балалар жүгіріп келіп отыра, отыра қалады.

Жүргізуші:Жаз мезгілі. Қыз тағы келеді де оларға су құйып кетеді.

Жүргізуші:Күз мезгілі.Енді айналып келгенде көкөністер мен жемістері өсіп, піседі. Олар қолдарын көтеріп, орындарынан тұрады да: «Оооо, күз келі» деп айтады. Күз ханшайымы олармен амандасады. Билеп болғасын, балалар ортаға тұрады.


Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                      Жасымыз бен кәріміз.
                      Қырдан кепті қыдырып,
                      Алтын күз бізге нұр төгіп.


Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.


Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.


Күзханшайымы: Береке бақдарыған,

Жомарткөңіл, жарқынжаз.

Сары алтынғамалынған,

Алтын күздеген мен болам.


Балалар: Сәлеметсізбе, Алтын күз!


Дулат: Жиналып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Аяла: Ортамыздан адамға,

Тиеді ненің пайдасы?

Айлин: Мен алмамын, алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Сәбіз: Мен сәбізбін, пайдалы,

Ұзартады бойынды.

Жансая: Мен алмұрпын, алмұртпын,

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін,

Жесен тойып қалатын.

Аяла: Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Дулат:Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық – барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Айдар:Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалмандар.

Мен қарбызбын, қарбызбын,

Ерте үзіп алмаңдар.


Күз ханшайымы:
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Оданда ойын ойнайық.


«Күз» ханшайымы: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

-Күзде егін ..............(орады).

үзде балалармектепке ............... (барады).


Жүргізуші: балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
 Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

Жүргізуші:  Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.

Мейірлан: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Аяла: Күздің казан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

Дулат: Келеді көшіп комбайн,

Алтын Дария егінді.

Жинап маржан бидайын,

Күзіміз неткен көңілді.

Айдар: Сапсары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Жансая:Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Айлин: Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Аяла: Ән салыңдар, күліндер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Айдар: Жемісі  мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Жансая: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Айлин: Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісті.

Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.

Мейірлан: Алтын ,сары,қызыл, көк
Алуан,алуан ,жапырар

Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ

Дулат: Көбейді құт береке
Астык толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.


Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олдай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгіліне арнап өз өнерлерін көрсетсін.


 Жүргізуші: Қызыл жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык, би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге

«Күзгі вальс»  әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?


Күз ханшайымы: Иә, керемет. Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.  
1.Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.
2. Жердің сәні егін Ердің сәні білім
3. Ас атасы-нан

4. Арпа, бидай ас екен, Алтын күміс тас екен
5. Не ексен соны орасың 

6. Жері байдың – елі бай.


Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді мен сендерге ойын ойнатамын,
Ойынның шарты әр балаға сурет беремін, сутертте жарты жеміс немесе жарты көкөніс берілген. Сендербилеп жүресіңдер, әуен тоқтаған кезде екінші жартыңызды тауып тез қасына тұрасыңдар.

Ойын осылай жалғаса береді.


Жүргізуші: Ендігі кезекте мектепалды даярлық сыныбының балалары өздерінің және папалары мен мамаларының, аталары мен әжелерінің Күзгі еңбегін бағалайық

Слайд «Күзгі еңбек»

/Осы кезде балалар үстерін ауыстырады/

Жүргізуші: Сахналық қойылым кезек берейік.

Ертегіден көрініс «Ормандағы оқиға»


Жүргізуші: «Күз кереметі» бейнебаян


Жүргізуші: Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз

Би: Қырманға кел

Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық

Би билейік бәріміз

Алтын күзде бүгінгі

Шырқап әнге салайық-

Ән: Ойыншықтар әні.

Жүргізуші: Ортаға мектеп басшысы Аппасов Сағындық Бейсенбайұлын шақырамын.


/Құттықтау сөз, марапаттау/


Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелібақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күзмерекесінеарналғанертеңгілігімізөзмәресінежетті. Тамашалағандарыңызғарахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!