жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Алтын күз" Ересек топ
«Алтын күз»
Балалар залға бимен кіреді. Жартылай шеңберге тұрады.
Жүргізуші:
Қайырлы таң, құрметті қонақтар! Балалар
сіздерді бүгінгі
«Алтын күз»
мерекесімен құттықтаймын. Күз барлығымызға
молшылық ырыс ала келіп қуантатын
мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты
болсын.
Жүргізуші: Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе
Сыңсып бағым әуелеп.
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Айтыңдаршы, балалар
Қандай мезгіл?
Балалар: Күз келді! Күз, күз, күз келді!
Ән: «Күз тамаша»
Алтын күз: Сәлеметсіз бе балалар мен Алтын күзбін.
Сәлем менің достарым
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Балалар мен өзіммен бірге, үш айдай сұлу аруларымды ала келдім.
Ортаға шақырайық:
Қыркүйек:Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырады алтын күз
Сайраңдап күліп ойнап,
Келіп кетті қыркүйек
Қазан:Қазан айы молшылық
Дәулет қорын қалады,
Заңғар көкке қол созып
Құстар ұшып барады.
Қараша: Құстар қайтып , қыс болды
Сұр бұлт жапты аспанды,
Жапырақ түсіп , гүл солып,
Қараша ызғары басталды.
Жүргізуші: Олай болса, төрге шық,Алтын күз мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыздар!
(күннің күркіреген және жаңбырдың жауған дыбыстары естіледі, балалар жаңбырдан қорқып өз орындарына жүгіреді)
Жүргізуші: Су болған жоқсыңдар ма?
Балалар: Жо-оқ
Жүргізуші:
Би:Жау-жау жаңбыр , қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Ер-Олжас: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Айдын:Қарашы күз келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабаған түйеді.
Бердібек:Әуенге еріп сиқырлы
Айтылды ән боп сыр қилы
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Нұрғали: Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан
Қаздар қайтып барады
Қайтқан елдей жайлаудан.
Ернұр:Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал,терек
Жапырағын жұлғызып.
Ғұбайдулла:Күз келді, алақай
Алтын келді далаға
Дән бітік бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Молшылыққа бөлеген
Күз айы неткен ырысты ең?
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Би: Көңілді достар.
А.Айжұлдыз:Келді,міне күз
Айнала сары түс
Керемет,тамаша
Қандай әсем күз
Жеміс жидек пісті
Қамбаға астық түсті
Қызу жұмыс басталып
Жинап алды жан салып.
Гүлназ:Ой,балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.
Диана:Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала
Астық дала сәулеті
Астық -Отан дәулеті
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала.
Фариза:Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала
Ел егінін жинайды
Қырманға дән симайды.
Еңлік: Сап –сары маңай
Сап-сары тоғай Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Ән: «Кап-кап, тук-тук»
Жүргізуші: Ән өте көңілді. Ендігі кезекті көңілді ойынға берейік...
Ойын: «Кім жылдам»
Тақпақтар:
Жанерке: Соңғы шуақ төгіліп
Жалқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеле шомылып
Жапырақтар жүр ойнап.
Аяжан: Көктен көзін бір алмай
Қызғылт тартты кәрі құз
Жер қызығын қия алмай
Маужырап тұр сары күз
К.Айжұлдыз:Ой,алақай,тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші-алаша
Аунар ма деп жатып ап.
Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Альфия:Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Би: «Саңырауқұлақтар» (ер балалар)
Ән: «Алтын күз»
(Әуен ойнайды түлкі кіреді)
Түлкі: Сәлеметсіздер ме? Кім мені шықырды? Кім мені есіне алды? Қандай әдемі балалар! Сүйкімді, томпиған балапандар. (балаларға жақындайды)
Мен күзбін! Тоным күз секілді сары, дауысым қандай әуезді, өзім де мейірімдімін.. Ал сендер сондай кішкентай әрі ақымақсыңдар..
Жүргізуші: Түлкі сен қандай өтірікшісің! Дауысың әуезді емес, тоның тек сары түсті. Күздің түрлі түстері бар. Біз ақымақ емеспіз! Қане тыңдашы, біз күз туралы қалай тақпақ айтамыз және би билейміз
Тақпақтар:
Аймира:Алтын сары,қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жалбырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбдырлайды қалтырап
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ
Ғибрат:Жұлдыз туып таң алды
Әнге орап ғаламды
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.
Айша:Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр
Мерейлі кұз,мырза күз
Сыйлығына ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Күнді көрсе толғанар
Бұлтты көрсе шамдалар
Қысты қазір жолатпа
Тола түссін қамбалар
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.
Бекасыл: Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды.
Үміт:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл туман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап ,бие қашқан ,тай жарысқан.
Би: «Күзгі алқап»
Түлкі: Мен сендерді алдай алмадым! Барлығын алдаушы едім, сендерді алдаудың жөні келмеді!
Жүргізуші: Түлкі сен қамықпа, алдаған жақсы емес. Түлкі сен күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністерді білесің бе?
Түлкі: жооқ.
Жүргізуші:Олай болса біздің балаларымыздың дайындаған көкөністер мен жеміс туралы биін тамашалаңыз.
Би: «Көкөніс пен жеміс»
Тамаша, балалар өте тапқыр екенсіңдер, енді ойын ойнап озайық.
Ойын: «Дыбысын ажыратып, қимылмен көрсет
Жүргізуші:: Жарайсыңдар, балалар!
Түлкі: Балалар қандай сүйкімды,ақылды Мені де орталарыңа қосыңдаршы енді мен алдамайтын болам ешкімді
Жүргізуші: Балалар ортамызға түлкіні қосайық па, кешірейік пе?
Балалар:Ия
Жүргізуші: Шырқаған балапаным өз тілінде
Күнің шықты алдыңнан сен күлімде
Алтын күзде ән айтып, би билеген
Құштар болып өнерге сен білімге- дегендей орындауда
Ән «Күзгі вальс»
Алтын күз: Рахмет балалар мен сендерег күзгі сыйлық ала келдім
Түлкі: , мен де сыйлық алайыншы?
Түлкі: Рахмет, балалар! Мен осынша көп дос тапқаныма қатты қуанып тұрмын!
(Балалар мен түлкі Күздің айналасындпа шеңбер жасап айналады)
Күз: Жарайсыңдар! Міне, сендерге менің атымнан сыйлық.(барлығына себетке салынған жемістер сыйлайды). Залдан шығады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген