400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. Алтын күз. Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жыл мезгілдері туралы соның ішінде, күз мезгілі туралы білімін қалыптастыру.Сөздік қорын байытып,тілін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:Армысыздар, ұстаздар, қонақтар! «Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіз!

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген

Ақ жапырақ – сары алтын,

Айналайын бәрі алтын, - демекші ,- балалар сендер күз мезгілін ұнатасыңдар ма?

  • Иә.

Келістірген бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал кәне,

Қарсы алайық жамағат.

Күз:Сәлем өрен достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты.

Жүргізуші:Келіңіз, төрлетіңіз,Алтын күз!

Ән: «Алтын күз»

Балалардың өзіңізге арнаған өлең жырларын қабыл алыңыз.

Қарақат:Қазан болды молшылық

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Бұл құбылыс күзде ғана болады.

Аймира:Ерекше күз енді,

Айнала сары ала.

Комбайн жүзеді,

Толқыған далада.

Айдын:Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Альбина:Құстар қайтып күз болып,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп гүл солып,

Күз ызғары басталды.

Диана:Көк майса көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Бекасыл:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Би:Аралар биі

Айжұлдыз:Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады.

Жерге қонып үлгермей.

Ернұр:Ой,алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.

Асқармауыт:Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады.

Күн бірде суытып,

Жауын көп жауады.

Алуа:Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді,

Сап-сары боп тұрғанда.

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

Айбар:Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.



Күз: Жарайсыңдар балалар!Тағы да қандай өнерлерің бар.

Би: «Қолшатыр» қыздар

Ойын: Кім жылдам?

Жүргізуші: Пісіп толған кездерін

Тапқыр сөзбен сымбатты ,

Біраз қонақ өздерін

Таныстырсын тақпақтап.

Қауын: Гүлназ

Дастарханнан табылдық.

Мына бізден жасалар

Қауынқақ пен қауынқұрт

Шие: Гулбағым:

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Бала келсе жаныма

Басымды мен иемін

Пияз:Ғұбайдулла:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын,

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан мен сақтаймын.

Өрік:Еңлік:

Доп-домалақ сары ,

Ішінде бар дәмі

Қызығасың көріп,

Оның аты өрік.

Қызанақ:Альфия

Тал шыбықтай бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып

Құлпынай:Үміт:

Қызыл түсім қант алар

Қызыл түсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой

Құлпынаймын пайдам көп

Картоп:Бердібек:

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырда тараған

Ағайынбыз бәріміз

Сәбіз: Нұрсұлтан

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянғада азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Ән:Күз тамаша

Күз : Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды , айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім.Рахмет сендерге келесі кездескенше.

Би :Күзгі вальс

Сонымен бүгінгі мерекеміз берекелі болсын!Келесі күзге аман-есен жетейік! Қош сау болыңыз!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1026
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі