жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Алтын теңге"
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ыбыраев ауылы.
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Кажрахимова Роза Калеловна
Тәрбие сағаты
2-сынып
Тақырыбы:«Алтын
теңге»
Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды
ұлттық теңгенің шығу тарихымен
таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді
құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге
тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көз
қарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Түрі: әдеби-монтаж бен танымдық
ойын.
Ойынның көрнекілігі: Интерактивті тақта,
суреттер, нақыл сөздер, алтын теңге, үлестірме
карточкалар.
Т. Сабақтың
барысы:
1) Ұйымдастыру
кезеңі.
1-ші жүргізуші:
– Сәлеметсіздер ме
құрметті оқушылар мен ұстаздар, баршамызға 15 қараша Қазақстан
Республикасының теңге күні құтты болсын, бүгінгі «Алтын теңге»
тәрбие сағатына қош
келіпсіздер.
1-оқушы:/Асылжан/Айналайын туған Отан елімнен,
Айналайын алтын бесік-төрімнен.
Тәуелсіздік, сенің асыл тартуың,
Шаңырағым зәулім көктен көрінген
2-оқушы: /Тамирлан/ Тәуелсіздік, Тәңірімдей сыйынған,
Айналайын асыл, асқақ сыйыңнан!
Алашыма бақыт болып бұйырған,
Ардақтымысың, қасиетті жиырма бесім-ай!
2-Жүргізуші:
- Әр мемлекеттің
тәуелсіздігін білдіретін өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі тәрбие
сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы
теңге туралы әңгімелейміз де, төл мерекесін
тойлайыз.
/Би «Қазақтың домбырасы»/
3-оқушы:/Алдияр/
Ерте,ерте,ертеде,
Жердегі барлық өлкеде,
Ақша жоқ та кез болған
Сенбесе де бала, сенсе де.
4-оқушы;/Санжар/ Онда да адам саспаған,
Қиындықтан қашпаған.
Өз бұйымын керекті
Заттарға айырбастаған.
5-оқушы:/Мирас/ Мысалы; қазақ бір атын
Айырбастаған он қойға.
Бір өзі жүз қой тұратын
Жақсы аттар болған ондай да.
6-оқушы:/Олжас/ Жібек жолы бойында
Жасаған ата-бабамыз.
Сауда-саттық жайында
Сіздерден дерек табамыз.
7-оқушы: /Мағди/Ақша тарихы жағынан
Емеспіз елден кенде біз.
Суяб,Тараздан табылған
Бар мыс, күміс теңгеміз. /Слайд 1-4 көрсету/
1-ші жүргізуші:
Тәуелсіздік алған елдің
ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта-теңге .Ол - Қазақстан
Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем
құралы.
2-ші
жүргізуші:Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан
соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы
болу керектігі аталды.
8-оқушы:/Дамир/ Өз теңгеміз
Жерім кең,ашық аспаным,
Дербеспіз,бар өз теңгеміз.
Бодан кезде басқаның
Ақшасымен күн көреміз. /тиын тану ойыны/ Слайд 12-13/
1-жүргізуші:Елбасының бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді.
2-жүргізуші:Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов.(сурет)
9-оқушы:/Әлемжан/Тұңғыш Президентіміз
Назарбаев Нұрсұлтан.
Бар деп енді өз еркіміз,
Өз теңгемізді жасатқан.
10-оқушы:/Эльдар/Теңгемізде алғашқы
Бейнеленді ұлылар.
Кейін оған жалғасты
Жетістіктер қыруар.
Ойын: Теңгені санау /слайд/
1- ші
жүргізуші: -Ең алғашқы бекітілген тенге купюраларының
бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби,
Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. / алғашқы
ақшаны көрсету/
11-оқушы:/Антон/ Ақ орда бар осында,
Бәйтерек тұр қасында
Қазақстан картасы
Ақша ажарын ашуда.
12-оқушы:/Тамирлан/ Ақшаны ойлап тапқан да,
Жасаған да адамдар.
Ақшамен ғана мақтанба,
Ақшадан артық бағаң бар.
2-ші жүргізуші: Мемлекеттік қазынада
Алтын,күміс қаншама
Шыққан қағаз ақша да,
Соны басқаратын адам бар ма?
Мұғалім: Ия,ақшаны басқаратын,халықтың еңбек ақысын төлейтін адам бар.Ол ұлттық банк , ҚР ұлттық банкті басқаратын адамды «банкир» дейді/аты жөндерін атау/
Сол қазақ жігіттерімізге бір әнімізді айтып берейік.
Ән /Туған
жерім/
1-жүргізуші
:«Мақал сөздің мәйегі»
кезеңіне кезекті
берейік.
2-жүргізуші: -Бұл кезеңде сіздерге мақал мәтелдер беріледі, сол мақалдардың бос орындарын сіздер қажетті сөздермен толықтырасыздар. Сіздерге көмек ретінде тапсырманың бірінші жолында қажетті сөздеріңіз бар.
Мақал -
мәтелдер
Берілген мақал - мәтелдер
арасындағы бос орынға төмендегі сөзді
жаз. ( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу,
есеп, ақшасы, судың, құлып, сом,
ақшасыз)
1. _____ тиыннан өсер (теңге). Жылқы
құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ
(дүние).
3. Алтын тапсаң _______ ал
(санап).
4. Ақша кетуге
тырысады,
________ ұстауға тырысады
(есеп).
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар
(дария).
6.______ оңай, жинау қиын
(шашу).
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ
(құлып).
8. ______ да сұрауы бар
(судың).
9.
Ақшада ____ жоқ (көз).
10. Ар - намысы
таза адамның ______ аз болады
(ақшасы)
.
11.Мың____
болғанша
Бір қылды басың болсын
(сом).
12.Базарда бәрі
бар,
__________ешкім бермейді.
(ақшасыз)
1-жүргізуші:Валюталарын аталған мемлекет азаматтары
мақтан тұтады және қастерлейді. Сіздер де құрметті балалар, төл
валюталарыңызды қастерлей
біліңіздер.
1.Қазақстан-теңге
2.Италия –
лира
3.Куба –
песо
4.Үндістан –
рупия
5.Иран –
риал
6.Қырғызстанда -
сом
7.Ресейде -
рубль
8.Германияда -
евро
9.Америкада —
доллар
10.Ұлыбританияда-фунт
11.Украинада—гривна
12.Қытайда —
юань
13.Тәжікстанда
—манат
13-оқушы:/Мерей/ «Ақшам көп» деп мақтанып,
Арымызды сатпалық.
Ақша жұмсап жолына
Адамгершілікті сақталық.
Барлығы:
Алла берсін берекесін
теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсіз біз, Қазақ деген елденбіз
Ән: /Балғын
шақ/
1-жүргізуші: Тәуелсіздік таңы арайлап атып,
егемендігіміз еңселі бола
берсін.
2-жүргізуші:Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!
1-оқушы:Айналайын туған Отан елімнен,
Айналайын алтын бесік-төрімнен.
Тәуелсіздік, сенің асыл тартуың,
Шаңырағым зәулім көктен көрінген
2-оқушы: Тәуелсіздік, Тәңірімдей сыйынған,
Айналайын асыл, асқақ сыйыңнан!
Алашыма бақыт болып бұйырған,
Ардақтымысың, қасиетті жиырма бесім-ай!
3-оқушы: Ерте,ерте,ертеде,
Жердегі барлық өлкеде,
Ақша жоқ та кез болған
Сенбесе де бала, сенсе де.
4-оқушы; Онда да адам саспаған,
Қиындықтан қашпаған.
Өз бұйымын керекті
Заттарға айырбастаған.
5-оқушы: Мысалы; қазақ бір атын
Айырбастаған он қойға.
Бір өзі жүз қой тұратын
Жақсы аттар болған ондай да.
6-оқушы: Жібек жолы бойында
Жасаған ата-бабамыз.
Сауда-саттық жайында
Сіздерден дерек табамыз.
7-оқушы:Ақша тарихы жағынан
Емеспіз елден кенде біз.
Суяб,Тараздан табылған
Бар мыс, күміс теңгеміз.
8-оқушы: Өз теңгеміз
Жерім кең,ашық аспаным,
Дербеспіз,бар өз теңгеміз.
Бодан кезде басқаның
Ақшасымен күн көреміз.
9-оқушы:Тұңғыш Президентіміз
Назарбаев Нұрсұлтан.
Бар деп енді өз еркіміз,
Өз теңгемізді жасатқан.
10-оқушы:Теңгемізде алғашқы
Бейнеленді ұлылар.
Кейін оған жалғасты
Жетістіктер қыруар.
12-оқушы: Ақшаны ойлап тапқан да,
Жасаған да адамдар.
Ақшаменмен ғана мақтанба,
Ақшадан артық бағаң бар.
13-оқушы: «Ақшам көп» деп мақтанып,
Арымызды сатпалық.
Ақша жұмсап жолына
Адамгершілікті сақталық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген