жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты. Алтын теңге. Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Алтын теңге»
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі —теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар.
Барысы: Ұйымдастыру. Ән: Көк тудың желбірегені
І бөлім. «Теңгенің шығу тарихы»
-
Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 1991жыл Кеңес одағы
ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің
мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын,
Туын, Әнұранын заңмен бекітті… Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы
Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып,
өзінің ұлттық валютасын шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп
атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық
Тәкежанов ұсынған еді.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10,
20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық
тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды
кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары»компаниясымен өзара
жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге
айналысқа
енгізілді.
Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді. Теңгенің авторы дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов.
Алғашқы теңге « Харрисон Санс » фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген.Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Слайд: 1,3,5,10, 50 теңгелер
Әбу-Насыр –әл –Фараби Ол Отырарда дүниеге келген.Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі.Бала күнінен, мергендігімен көзге түседі.Түркі, парсы, араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек, латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.
Сүйінбай Аронұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік, жоқшылық көреді.Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма, айтыстың ақйық ақынына айналады. Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы, адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді
Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, сазгері, домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды. Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
Шоқан Уәлиханов Ол өте ақылды, көреген,өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген.Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб, парсы,ұйғыр тілдерін меңгерген.1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы, географ, суретші,әдебиетші, тарихшы
Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді.Мұнда араб, парсы, шағатай тілдерін меңгереді.Науаи, Низами, Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды.Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі
Әбілқайыр. Кіші жүздің ханы.Қазақ жастарының қолбасшысы. Күшімен, айласымен, батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шықты
Абылай хан Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі « қанішер » Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында туған.Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі өліп,өзі далаға қашып, аман қалады.Шашы өскен,қара тымақ киген жұпыны киімі бар балаға Төле би « Сабалақ » деп ат қойыпты.Өсе келе ұрыстарға қатысады.Ол « Абылайлап » ұран салады. Жеңістерден кейін ол Абылай атанады
Ел ырысы – тайқазан
Төл теңгеміз қақпағы
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге — ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт
Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік- тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым
Теңге теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы ,
Теңгеменен дөңгелер.
ІІ бөлім.« Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
Тапсырмалар: 1 . Сандар сөйлейді
2.«Әр елде — өз валютасы»
3. Жағдаяттар шешу
4. Сұрақ жауап
1. Сандар сөйлейді:
1991ж. 16 –желтоқсан
1993 ж.15 қараша
1995ж. 30 тамыз
2010ж. 1-желтоқсан
2.«Әр елде — өз валютасы»
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /
3.Жағдаяттар шешу . Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз.
«Теңге» 1-жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі, жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр.Сенің іс-әрекетің …?
« Тиын»
2-жағдай:Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.
Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге
Қай затты алар едің? Неге?
Сергіту сәті. «Теңге алу »ойыны
6. Сұрақ –жауап
- Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қорытынды шығару: Ақша еңбекпен, біліммен келеді.
Қорытынды. Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген