Тәрбие сағаты "Алтынсың ғой анашым!" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Алтынсың ғой анашым!" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты аяулы аналар мерекесіне арналады. Сондықтан әріптестеріммен бөліскім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

Айымжан: Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Дінмұхамед:Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын алтын анам

Қуанышты берекең

ӘН:

Ақтоты: Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді

Дінмұхамед: Мен мектептен келсем тамағым да дайын ,от та жағулы,

Үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен

Назым:Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі олай болса Аяулы аналарымызды бір сынап көрелік

Аялы алақан ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

ӘН:

Мұғалім: Әнде шырқап би де билеп жатырмыз

Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз

Би:

Мирас:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Динара:

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Айымжан: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.

Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.

Мұғалім:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Телефонмен сөйлесу . 1. Көрініс

Түскі ас кезі. Отбасы жиналып , тамақтануға отырды . Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді . Әке –шешесі баласына өздерін жоқ деп айтуды өтінді.

Ата –аналар пікірі тыңдалды

2. Көрініс Таңертеңгі мезгіл . Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді . Әкесі баласын жақтап , сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде телефон соғылды . Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін жоқ деп айтқызды .

Ата-аналар пікірі тыңдалды .

Айымжан
- Алло, әже?
Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.
Рамадан: Менің анам алтын

Динара: Менің де анам алтын

Ислам: Аналарды құрметтеп

Алуа: Қол соғыңдар жалпың

ӘН:

Мұғалім:Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен

Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ? Сынап көрелік

Ешектің құйрығын орнына қой

Суреттегі ешектің құйрығын көзін байлап орнына орналастыру

БИ:

Динара: Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз. 

Мирас: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар.
Назым:Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Дінмұхамед:Ана біздің гүліміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ақжарқын.Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, 
Айналайын ақ мамам!
Күнтолқын:Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
Алуа:Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан 
Мен мәз болып оянам.

Ақтоты:Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
Ислам:Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Рамадан: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Мұғалім:


Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер! Балалардың анасына деген сыйлықтарын қабыл алыңыздар














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
730
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі