Тәрбие сағаты "Ән - ғұмыр" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ән - ғұмыр" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу. Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ән ғұмыр» патриоттық ән сайысы

Мақсаты: Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

Жүргізуші:Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!

Көп ұлттардың бір кісідей, мандай терін төккен жер!

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектебімізде Болашаққа бағдар: «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың ұлттық саңлақтары» атты апталық өтілуде.Міне, бүгінгі Сіздердің назарларыңызға апталықтың екінші күні мектеп оқушылары арасында өткелі отырған «Ән ғұмыр» патриоттық байқауына қош келдіңіздер!

ҚР Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар патриоттық тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады.Жүлдегерлерді апталықтың жабылу күні «Гала концертте» марапаттаймыз. Балдың ең кіші ұпай саны 10, ең үлкен балдық жүйе 30 ұпай.

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!

  1. Әділ – қазылар алқасының төрайымы – Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Жетенов Сұңғат Сәлімгерейұлы

  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Айғабылова Нұркенже Досбергенқызы

  3. Домбыра класының мұғалімі - Досдаулетова Нәзира Мұратқызы

Жүргізуші:

Қазақстаным көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,

Өзің менің қуынышым,бақытым

Өзің менің тынысым да тірегім

Жүргізуші:

Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! 
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,
 


Таңымды тамылжытқан әсем әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін!

Жүргізуші:

Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсым қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін! – дей келе, Байқауға қатысатын үміткерлерімізге сәттілік тілей отырып, «Ән ғұмыр» патриоттық әндер байқауының «Вокалдық кіші топ» номинациясы бойынша қатысатын алғашқы өнерпаздарымызды сахна төріне шақырамыз. Бірінші үміткерлеріміз, яғни мектебіміздің 1-класс бүлдіршіндерінің орындауында «Ассалаумағалейкум» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады- дей келе ,келесі үміткерлеріміз «Арман» дуэті «Ел қорғауға әзірміз» әнімен қарсы алайық 7 жас домбыра класының 1 класс оқушылары.

Жүргізуші:

Ел тұрады шаттық, қойып көңілге

Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде

Ірге тасын жатыр берік қаланып

Бетті бұрдық алға - жарқын өмірге!Сахнада Кушкенова Зухра «Тәуелсіз елім».Домбыра класының 1 класс оқушысы 8 жас

Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!А.Жұбанов «Ақ көгершін» орындайтын Қалдымұратова Ақсәнім.9 жас вокал класының 1 класс оқушысы

Жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқым

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына

Вокал класының 1 класс оқушысы Білдірмес Асылназды «Мереке» әнімен қарсы алайық 9 жас

Жүргізуші: Келесі кезекте 10-12 жас аралығындағы оқушыларға кезек берейік.


Қазағым, Қазақстан өрле алға,

Надандықтың өмірін көрме алда.

Қасиетті тәуелсіздік ұраным,

Созыла бер ғасырлардан, ғасырларға!Мектеп хорының жанынан құрылған вокалдық ансамблін «Елім нұрлы Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! 
«Туған жер» орындайтын домбыра-вокал класының оқушылары.

Жүргізуші: 
Аман боп халқымыз мәңгілік, 
Жүрейік достықта сән құрып. 
Бірлік пен ынтымақ нығайса, 
Атады әрқашан таң күліп. Вокалдық топты «Ауылым-әнім» әнімен сахнаға шақырамыз.

«Ұлан» дуэтін «Батырлар ұраны» әнімен шақырамыз.

«Байтақ елім» «Алаш » дуэті

Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! 
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын, 
Таңымды тамылжытқан әсем әнмен 
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін! «Бақытты бала» Терме класының 1 класс оқушысы Қартбай Ерхан 10 жас

«Жаным қазақ» Баян класының 1 класс оқушысы Қартбай Нұрхан 11 жас

«Туған ел» Қадырхан Сәлкен және Амангелді Берік Баян класының оқушылары 11 жас

«Жаса Қазақстан» Вокал класының 3 класс оқушысы Сәндібаев Шыңғыс 12 жас

«Туған жер» Терме класының 3 класс оқушысы Айнағұлова Саида 12 жас

«Ақ көгершін» Вокал класының 2 класс оқушысы Дюсенғали Айкөркем 12 жас

Жүргізуші: 
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, 
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. 
Байрағым желбіреп тұр биіктерде, 
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе ендігі сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі. 

Жүргізуші: Бүгінгі «Ән ғұмыр» патриоттық әндер байқауымыз өз мәресіне жетті. Байқауымызды жабық деп жариялаймыз!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
739
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі