400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты :"Ән-қанатым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әншілер және музыка саласындағы мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЫНЫП САҒАТЫ ТАҚЫРЫБЫ : «ӘН –ҚАНАТЫМ»

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Құлшар Бақтыбайұлы атындағы

Бейнеу өнер мектебі»МКҚК

Вокал сыныбының мұғалімі

Бөрібаева Гүлбану Арыстанғалиқызы



Тақырыбы: «Ән қанатым»

1. Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру,ән өнерін ұғындыру

2. Тәрбиелігі:Оқушы бойындағы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру

3. Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту. Ән айтуға деген сүйіспеншілігін арттыру



Сабаққа қажеттті құралдар мен көрнекіліктер: Сахна безендіру, шарлар, күйсандық, домбыра., буклет,плакаттар



«ӘН - ҚАНАТЫМ»

жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Ән салу сыныбының «Ән- қанатым» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Ән өнері - ықылым заманнан бері көптің ортасына жылдам жетіп, кең таралатын өнердің ең түсінікті және көне түрі.

Әншінің ерекшелігі басқа музыканттардай емес, «әншілік аспабы» үнемі өзімен бірге болатындығында. Екінің бірі ән айтады және ән айтқысы келеді. Бірақ, Жаратылыстан, табиғаттан адамзаттың барлығына сол әншілік өнер беріле салмайды. Әнші болып жаратылу сол адамға «Алла-тағаланың мейірімі түсіп», табиғаттың берген үлкен сыйы деп түсінуіміз керек

Ұрпақпен өнер жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән –шашу, әсем-әуен түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады ,-дей келе сынып сағатымызды бастаймыз



1.Ән «Білімің –бұлағым » орындайтын ән салу сыныбының

4 сынып оқушысы Сәрсенбаева Ақбота. Күйсандықта сүйемелдейтін: Шагираева Бакыт

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар!

2.И. Власова «Колыбельная» орындайтын ән салу сыныбының

1 сынып оқушысы Реймова Махаббат

Күйсандықта сүйемелдейтін:Мерешова Қаракөз

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар!

Бүгінгі сынып сағатымызда оқушылар тек қана ән салып қоймай,бойларындағы басқа да өнерлерін паш етпекші, олай болса

3. Сахнада «Украин халық әнімен » Тыныштық Нұрахмет қарсы алыңыздар

4 «Спи моя милая» орындайтын ән салу сыныбының

3 сынып оқушысы Тұрлығазы Айсауле

Күйсандықта сүйемелдейтін: Шагираева Бакыт



5. И.Нүсіпбаев «Достық» орындайтын ән салу сыныбының

1 сынып оқушысы Тыныштық Нұрахмет

Күйсандықта сүйемелдейтін: Мерешова Қаракөз

6. «Мамыр келді» орындайтын ән салу сыныбының

1 сынып оқушысы Ургеншбаева Нұрай

Күйсандықта сүйемелдейтін: Мерешова Қаракөз

7. «Дедушка дедуля» орындайтын ән салу сыныбының

3 сынып оқушысы Қыдырбаев Даниял

Күйсандықта сүйемелдейтін: Шагираева Бакыт

8. А.Николаев Этюд орындайтын Реймова Махаббат

Мұғалімі-Мерешова Қаракөз



Домбырам , жүрегіммен үндес едің

Сенімен сырласымдай тілдесемін

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім-

9. «Ерке сылқым» орындайтын Тұрлығазы Айсауле

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар



Келесі кезек сергіту сәтіне де келіп жетті.

Бұл ата-аналардың қаншалықты әнді тез таба алатындығын байқайтын жарыс. Бұл жарысқа 4 ата-ана керек . Ата аналар 2 топқа бөлінеміз.

10. «Қайырлы таң балалар» орындайтын ән салу сыныбының

4 сынып оқушысы Күзембаев Айберген

Күйсандықта сүйемелдейтін: Шагираева Бакыт

11. Ансамбль «Немецский танец»орындайтын Ургеншбаева Нұрай және

Мұғалімі: Мерешова Қаракөз



1 оқушы: Әнші болғым келеді

Ел тындайтын бір қанбай

2 оқушы: Әнші болғым келеді

Күміс көмей жез таңдай

3 оқушы :Әнші болғым келеді-

Күллі әлемді шарлаған

Бірге:

Өнеріме тәнті боп

Бас иетін бар ғалам (Роза Рымбаева «Ән қанатым»)



Өнерді бағалайтын, талғамы биік қадірменді көрермендер бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетті.

Ән аман болса әлем әдемі болады. Әнді сүйген жүректеріңіз тоқтамасын.

Тыңдап қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Құрметті ата-аналар сынып сағатының өтуі бойынша жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз, немесе сын-ескертпелеріңіз болса мархабат.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
960
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі