Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты. "Ана - гүл, ана-өмір шуағы". 8-наурыз. 5-7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір
шуағы»
Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер
арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге,
адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген
құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге
үйрету.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
1-жүргізуші: Серікбай
Әсет. Армысыздар, аяулы аналар,
құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен
көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер
күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен
әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл
мерекесі. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір
шуағы» - атты ашық сынып сағаты сіздерге
арналады.
2-жүргізуші:
Унгарбек
Аружан.
Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын
алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы
туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз
мерекесі келіп жетті.
1-жүргізуші:
Серікбай
Әсет. Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі
мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың
көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене
берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты
болсын.
1-жүргізуші: Серікбай Әсет. Унгарбек Аружанның орындауында «Анашым қартаймашы» әні.
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
(Аналар туралы презентация)
1-оқушы: Амангелді
Назарбай. Ана, Ана, Ана!
Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен
құралған қасиетті сөздің түбінде қандай
ұлы сезім жатыр
десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып
тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма
екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен
жаралған.
2-оқушы: Жүзбаев Алихан. «Ана дегеніміз - Әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.»
3-оқушы: Жуанышбек Сырым. Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.
4-оқушы: Бейсенбек Ару. «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
5-оқушы: Нұртай Аружан. К. Д. Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».
6-оқушы: Амантай Алия. Б.Г.Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
7-оқушы: Аясхан
Нұрлыхан. В.Гюго:
«Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың
алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы
ұя».
8-оқушы: Нұрқалық Қуаныш. О.
Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі
жоқ».
9-оқушы: Алғазы Ақәділ. Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
10-оқушы: Құттыбай Қайсар. Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші: Унгарбек Аружан. Рахмет. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Кім ана туралы өлең шумақтарын дайындап келді?
1-оқушы. Расылхан Айлара
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
2-оқушы. Каримов Алихан
Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
3-оқушы. Нұрқалық Қуаныш
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
4-оқушы. Унгарбек
Аружан
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап
Ана деген бәйтерегі
өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын
бақ
Ана деген – асыл жаңдар
бұлақтай
О адамдар қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды
тонатпай
Ана десем сезім білер тым
ыстық
Жарасымды адамдарға
туыстық
Бар адамға берсе ананың
мейірін
Орнар еді бар әлемге
тыныштық
5-оқушы. Өтебай
Эльбрус
Ана десем, алғыс алам
халқымнан,
Ана десем, теңіз болам
шалқыған
Ана десем, ашылады
қабағым
Ана десем, әділдікті
ұғамын
6-оқушы. Абдырсалим
Асылжан
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
1-жүргізуші: Серікбай
Әсет. Әр бір ана өз баласының сүйікті досы,
мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана
махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке
рухтандырады.
1-жүргізуші:
Серікбай
Әсет. Унгарбек Аружанның
орындауында «Ана! Сен
бақыттысың!!!» поэзиялық тартуын қабыл
алыңыз.
Ана
Сен
бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да
құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой
сұрағаның
Сондықтан жыламағың,
жыламағың!
Бармын
ғой
Тірімін
ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей
асылданмын.
Таусылып, өз - өзіңнен
шашылмағың,
Байырғы берекеңді
қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз
жасыңа
Өзім кепіл тот басып,
тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін
арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз
басына.
(Тәңірім кеше көрсін
кесірімді)
Аспанға жазсам сенің
есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете
бер
Құба талдан иілген
бесігімді…
(М.
Мақатаев)
1-жүргізуші: Серікбай Әсет. Арамызда ана
туралы нақыл сөздер білетіндеріміз бар
ма?
"Ата - ананың қадірін балалы болғанда
білерсің". Сунутулла
Әділжан
"Ананың көңілі балада, баланың көңілі
далада". Каримов
Алихан
"Ата - асқар тау, ана - етегіндегі бұлақ,
бала - жағасындағы құрақ". Унгарбек
Аружан
"Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,
парызыңнан құтылмассың". Абдырсалим
Асылжан
"Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз
өсер". Турегелді
Али
"Ана аяғының астында жұмақ
жатыр". Расылхан
Айлара
"Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер". Нұрқалық
Қуаныш
"Анасы бар адамдар ешқашан
қартаймайды". Аясхан
Нұрлыхан
"Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без, шешесі
тұрып, қызы сөйлегеннен без".
Жуанышбек
Сырым
"Баласы атқа мінсе, үйде отырған шешесі
тақымын қысады". Алғазы
Ақәділ
2-жүргізуші: Унгарбек Аружан. «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бізде қонақта болған ұстаздарымызға рахмет айтамыз. Мейрамнан мейрамға аман – есен жетіп, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер деп тілек айтамыз. Қош сау болыңыздар.
Екеуі бірге:
Мерекелеріңіз құтты
болсын!
АНА → Асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ардақты
2. Сұрақ - жауап
1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата - анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?