400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ана - өмір шырағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Shape1

ана – өмір шуағы









/ашық тәрбие сағаты 2 «А» сынып/









Сынып жетекшісі: Бекжанова Б.С.










2018 – 2019 оқу жылы


Тақырыбы: «Ана –өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.

Жүргізуші: Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).

(Аналар туралы презентация)

Айжан

Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар – Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

Рамина

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Назеркем

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 
оқушы
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Оқушы: Ана десем, алғыс алам халқымнан, Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым Ана десем, әділдікті ұғамын
Айналайын Анашым Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз Маматайдың мамасын
Оқушы: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар Сен барда менің әр бір күнім өлең
жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Ән «Ана». Орындайтын Аблаева Мерей

1-оқушы: Бас қосты бүгін жиынға Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген Олар дәйім тыныштықты тіледі.
2-оқушы: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн, Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн. Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
3-оқушы: Дүниенің ең қымбаты ана екен, Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген, Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін, Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген, Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін, Ана мерекесі құтты болсын. Жүргізуші: Сынып оқушыларының орындауында «Гүлдер» биін қабыл алыңыздар. Ал қазір ата – аналармен ойын ойнаймыз (ойын)
Ойынның 2 шарты бар, олар:
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын. Яғни қазір ортаға ойынға қатысамын деген 5 ата-ана шықсын.

2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі логикалық сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр.

Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

Жауабы: шырпы

4.  5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? Жауабы:  12 минута, бәрін бірге саламыз.

5  Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы:   5
Жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралған жоқ.

Ән: Анашым Орындайтын: хор

1- оқушы: О, анашым, Таянышым, тірегім, Бар бақытты бір басыңа тіледім

Мен жақсы болса екен деп қашан да, Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Туған жердің, Жайнап тұрған даламның Өзіңе деп гүлін үзіп алармын.

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым, Міне, гүлім! Мен де гүлдей балаңмын

2 -оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін, Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысын, ардақтысын, данасың!

Қарайтыным қас - қабағын бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

3 -оқушы: Аналар, ақ пейілін жайғандарым, Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

Арыстай талай перзент тудыңыздар, Алаштың асқақтатқан айбарларын.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп, Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.

Сіздердің арқаңызда еркектер жүр, Сипатып ескен желге айдарларын.

4- оқушы: Жарық дүние сыйға тартып сәбиге, Мол бақытқа бөленеді ана әрине.

Адамзатқа бұл өмірді сыйлаған, Ана сөзі ұлы дайым фәниде.

Жас өмірін құрбан қылып бала үшін, Барлығынан артық көрген баласын.

Бұл өмірде сыйлап өтем мәңгілік, Қартаймаңдар қасиетті Аналар!!!

5 -оқушы: Бұл жерде таппай тұрмын тіпті байыз. Бар дейсің бұл күндері тіп - тік қай із.

Наурызда аналарға сый ұсынып, Жылына бір - ақ рет құттықтаймыз.

Аналарға күн сайын алғыс айтпай, Олардың жағдайынан түк те ұқпаймыз.

Аналарды ардақтап өту керек, Егер де өссін десек ұлттық пайыз.

Би: Флешмоб Қыздарға сыйлық

жүргізуші: Рахмет, сізге арнап «Шешенің балаларын сүюі» поэзиялық тартуын қабыл алыңыз. 1-Мерей Шешенің балаларын сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?
- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

2-Аяулым Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

3-Айлита Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
- Бетін жуған жасымен сорлы анаңа Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

4-Жанерке Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып. Еш арманым болмас еді өлгенімше...
Ән: Апатайым, анашым. Орындайтын: Айлита Аналарға сыйлық.
«Ана – өмір шуағы» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бізде қонақта болған аналарға рахмет айтамыз. Мейрамнан мейрамға аман – есен жетіп, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер деп тілек айтамыз. Қош сау болыңыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Picture 2
















Picture 3















Picture 8













Picture 7

















Picture 9













Picture 5



Picture 4



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі