Материалдар / Тәрбие сағаты Ана - өмірдің гүлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Ана - өмірдің гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2019
616
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі

Мақсаты:

а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту.

ә) Анаға деген мейірімді, чүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
б) Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

«Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.


Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…



1-Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған ардақты аналар, аяулы ару қыздар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


2-Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздерге арналады.




1. Оқушы: Тәукехан

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!



2. Оқушы: Елнұр

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!


1-Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекше өткізсек пе деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.


2-Жүргізуші: Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымыз бен қыздарымызға қол шапалақтап қошемет көрсетейік!


1-Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары.

1. Таныстыру.

2. Мақал – сөздің мәйегі.

3. Жағдаяттарға шешім таба білейік.

4. «Анаға қарап – қыз өсер» қолөнер сайысы.


2-Жүргізуші:

Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Әділқазылар:

1.

2.

3.


3.Оқушы: Азиз

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды


4. Оқушы: Темірлан

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!


5.Оқушы: Мұхаммеджан

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.


1-Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.


2-ші жүргізуші:

Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.


1-Жүргізуші: Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам, құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен.


2-Жүргізуші: Келесі сайыс түрі Әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу. Аналарымыз бен қыздарымызға жағдаят беріледі. Жағдаяттың шешімін табылғанша өлеңге кезек берейік.

6 окушы: Әміржан

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуге оны әрқашан парыздамын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы


7. Оқушы:

Ана дейміз бэріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

8. Оқушы:

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай



9. Оқушы:

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын әнұранды.



10. оқушы:

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен



1-Жүргізуші:

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен кыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек




2-Жүргізуші:

Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ-қазылар алқасына сөз берейік.


1-Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.


2- Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ-дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде! (2 жүргізуші бірге айтады)


1-Жүргізуші: Аяулы да ардақты аналар! Сіздердің құрметтеріңізге сыныбымыздың жігіттер қауымы әдемі ән дайындадық. «Ана» әні! Қарсы алыңыздар!!!




































«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ















Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі

















Сынып: 5 «В»

Сынып жетекшісі: Мейрамбаева С.С.

2017-2018 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!