Материалдар / Тәрбие сағаты "Ана - өмірдің сәні" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ана - өмірдің сәні" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік іс-шаралар өткізу үшін сынып жетекшілеріне көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1445
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған күндері

аналардың аттары

Жұлдызнама (зодиак)


Ағаштары

қаңтар-январь (13.02)

Жанат (Жансаяның анасы)

суқұйғыш (водолей)


Балқарағай (кедр)

мамыр-май (01.05)


Гулжахан (Улжанның анасы)

торпақ (телец)

Терек (топаль)

мамыр-май (22.05)

Гүлзада (Гүлайымның анасы)

егіздер (близнецы)


Қызылқайың (красная береза)

мамыр-май (30.05)

Асия (Сараның анасы)

егіздер (близнецы)


Қызылқайың (красная береза)

қазан-октябрь (27.10)

Сауле (Русланның анасы)

сарышаян (скорпион)


Алма ағашы (яблоня)

қараша-ноябрь (17.11)

Гулайхан (Қуаныштың анасы)

сарышаян (скорпион)


Емен (дуб)

қараша-ноябрь (21.11)

Айсұлу (Санджардың анасы)

сарышаян (скорпион)


Емен (дуб)

желтоқсан-декабрь (05.12)


Айман (Дарынның анасы)

мерген (стрелец)

Қызылқайың (красная береза)
















Балқарағай-байсалды, көрікті, салмақты. Маңызды және бойшаң ағаш. Ерекше сымабатты адамдар. Денсаулығы мықты. Өзіне сенімді, өзін сыйлата алады. Еңбекқор және шығармашылық қабілеті бар. Серіктестері оның сенімінен нәр алады. Күй таңдағыш және талғампаз. Қызметте басшылыққа бейім. Музыка тыңдағанды ұнатады.


Алма ағашы-сымбаты мен сүйкімділігімен баурап алатын адам. Өмірін шытырмандар мен албырттыққа жұмсауға дайын, бірақ отбасылық өмірден қанағат тапса, барлық қызығушылығынан бас таруға дайын. Керек болса, соңғы тиынын да бере салады. Оның осы мейірбандылығын пайдаланып кететіндер де көп. Ғылымға қабілеті бар. Қызықты, қызу, қозғалысқа толы өмір сүреді.


Терек-сәнді, көрнекті, қартаймайтын ағаш. Бұл белгінің астында туылған адамдар өзіне сенімсіз, әрдайым біреудің тілектестік білдіруіне зәрі. Мінезі қыңыр, кірпияз және талғампаз, өте әсершіл. Сондықтан адамдармен қарым-қатынаста қиын. Жүрегі үлкен махаббатты қалайды. Бірақ сезімге әрдайым көңілі толмайды. Қиын-қыстау сәттерде серігіне қорған бола алады.


Емен-физикалық тұрғыда да, адамгершілік тұрғыда да өміршең, ержүрек, мықты адам. Дәрі-дәрмек, сырқаттану, қыңқылды ұнатпайды. Кезкелген жағдайда ержүректік танытады. Махаббатта бір көзқарастан-ақ ғашық болып, қарым-қатынастың өмірлік екеніне сенеді. Әрекеттің адамы.


Қызылқайың-түр-сымбатына көп мән береді. Парасатты және тәртіпті өмір салтын ұстанады. Сүйкімді, адал және өте ұқыпты. Атақты болуды армандайды. Көпке сыйлы, үлгілі болуды қалайды. Жұрттың оған масаттана қарағанын жек көреді. Махабатта ерекше бір сезімді бастан кешіргісі келеді. Көбіне өзі ғашық болғаннан, оған ғашық болатындар көп. Жеке өмірі жайлы көп сыр ашпайды.





















Бәйтерек орта мектебі



Ашық сынып сағаты

10 «А» сынып







ТАҚЫРЫБЫ:

«Ана – өмірдің сәні»





Сынып жетекшісі: Бекишева Г.Ж







2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Ана-өмірдің сәні!»

Мақсаты: Ананың балаға деген махаббатының шексіздігі, оның арман-тілегі туралы түсіндіру, отбасындағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, оқушының шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күні: 04.03.2017 ж.

Түрі: ашық тәрбие сағаты, мастеркласс

Көрнекіліктер: шарлар, даналық сөздер, презентациялар

Барысы:

«8 наурыз» презентациясы көрсетіліп тұрады.

Шаттық шеңбері. Барлығы ортаға шығып, тілек шамы арқылы бір-біріне тілек тілейді.

Сынып оқушылары, аналары, қонақтар гүлдердің түсі бойынша 3 топқа бөлінеді.

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі – далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

1-Санджар:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын.         Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Өздеріңізге арналған ашық сынып сағатын ашық деп жариялаймыз!



  • Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.


Мұғалім: Қар астында қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.

Санджар: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атауға төзімді болады.

Санджар: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. 
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

  1. Мұғалім: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнаған сыйын қабыл алыңыздар.

1 - «Анашым, қартаймашы» - Ұлжанның орындауында

2 – «Адай» күйі – Сараның орындауында

3 – «Ханшайымым» ұлдар және Гулайымның орындауында

  1. Бірлескен шығармашылық жұмыс. «Мейірімділік» тақырыбында.

  2. Сұрақ –жауап кезеңі:


Мұғалім: Бүгінгі біздің сынып сағатымызға апайларымыз келіп отыр, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, жанұяларыңызға береке тілейміз, сонымен қатар біраз сұрақтар қойып, сұхбаттассақ деген ойымыз бар.

Санджар: Шарларды үлестіреді. Шарларда сұрақтар жазылған.

Келген қонақтарға сұрақ қою

  1. Балалық шағыңызда сіз қандай бала болдыңыз?

  2. Балаларыңызды қалай еркелетесіз?

  3. 8 наурыз мерекесі несімен қызықты?

  4. 8 наурызға қандай тілегіңіз бар?

  5. 5. Отбасыңыздан қандай сыйлық күтесіз?



IV. Сергіту сәті: «Көңілді күн»

V. Мақал – мәтелдің ізін жалғастыр:

VI. Мұғалім: Әр ана мен баласының арасында, көзге көрінбейтін жіппен байлап қойған сияқты, байланыс болады дейді. Келесі кезекте аналарымызға арналған жұмбақ сайыс ұсынғымыз келеді. Нағыз ана өз баласын көзін жұма тауып алады деп сенеміз. Сондықтан, құрметті аналар, тақтаға назарларыңызды аударуларыңызды сұраймыз! (Тақтада балалардың мүшелері ғана көрсетілген презентация көрсетіледі. Әр ана өз баласын тауып алуы тиіс).


VII. «Менің анамның туған күні»

Қорытындылау:

Санджар: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Аналарымызға, ұстаз апайларымызға деген көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз.


Мұғалім: Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады Сіздерге келе жатқан Аналар мерекесі құтты болсын дей отырып, зор денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Осымен «Ана –өмірдің сәні» атты ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз.





  1. Балалық шағыңызда сіз қандай бала болдыңыз?







  1. Балаларыңызды қалай еркелетесіз?







  1. 8 наурыз мерекесі несімен қызықты?







  1. 8 наурызға қандай тілегіңіз бар?







  1. Отбасыңыздан қандай сыйлық күтесіз?





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!