400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Тәрбие сағаты.: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» 3 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне, оқушыларға арналған. Аналар мерекесінде,тәрбие сағатында қажетті ойын түрлері, аналардың, оқушылардың көңіл-күйін көтеретін әзіл -сықақ қойылымдар бар. Сонымен қатар балаларға тақпақ, өлеңдер бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру. Даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Би.Флешмоб.


Шеше, Сен бақыттысың! Алмаз

Жыламағың.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!


Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың, Темірлан

Байырғы берекеңді қашырмағың!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдай иілген бесігімді...


Еркелеткен біз үшін Мақсат

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс


Ақ мамамды әрқашан Нұрасыл

Сағынамын сыйлаймын

Мейрам сайын мен оған

Түрлі сыйлық сыйлаймын


Ән. Саялы

Анашым

1.Оянғанда түнде жұбатып,
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй-тәй қуантып,
Тұсауымды кестірген 
Қайырмасы:
Анашым құдіретіңе табынамын,
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын 
2.Көз алдымда дәурен балалық,
Тілімді алмай есірген 
Балалық қылсам шалалық,
Әр кез мені кешірген
Қайырмасы:
Анашым құдіретіңе табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2 жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.


Той пердесін ашайық Марғұлан

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.



Жарқын жузді жан анам
Саялы

сендей болсын бар адам

сендей болса бар адам

шаттык кетпес баладан

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам!

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Сәнім

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.  

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Фатима

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

Анамның ақ сүтіндей қасиетің,
Ерасыл

Сол үшін жөніміз бар бас иетін.

Өзіңсің. Сенің ғана құдіретің,

Болашақ қазақтарды өсіретін.


Анашым ақ бесікті тербеткенде, М.Нұрасыл

Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде.

Жаныма шәрбат болып енген тілім,

Табынам әз қасиет бар деп сенде.


1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан

2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан

Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)

5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.

5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.


Ән шашу:

Ана.

1)Солғанша гулім көзде тұнып

Ана деп ан салам

Жүрейін мейлі жүзге толып

Бөбекпін мен саған.

Қ-сы:

Ана, ана, ана,

Мәңгі дос сен ғана

Абзал ана,ана,

Көңілің кең дала

Дарасың сен маған

Данасың сен маған

Мақтанатын,мархаббатым,махаббатым.

Ардақтайды есіміңді,

Ел ана деп адам,

Жер ана деп адам,

Тербет мәңгі бесігіңді,

Ана жаным саған,

Арнадым ән саған.


2)Қарызбын әжім,ақ шашыңа,

Көзіңнің жасына,

Өзіңсің бакыт бакшасы да,

Өмірдің басыда.

Қ-сы:


Ойын. «Ана мен бала»

Актерлік шеберлікті байқайық.


2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.


1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.


Жайдарман.Әзіл-сықақ қойылым.

  1. Такси тоқтатқан жігіт: – Вокзалға дейін қанша аласыз? – Екі мың теңге. – Ал мына жүктеріме қанша төлеймін? – Багаж тегін ғой бізде. – Онда жүгімді ала кетіңіз! Мен артыңыздан трамваймен жетемін.

  2. Бір бала тарих сабағының емтиханынан 2 деген баға алып шығыпты, сонда қасындағы досы оған ұрысып жатыр екен: - ей, акымак не деген мисызсын? - не болды? - Абылай ханның туған жылымен өлген жылын білмедінбе ақымақ? портретінің астына жазып қойғанғой қашан туылғанын, қашан өлгенін а? десе қасындағы жолдасы таңданып турып: - мен білмедім, мен ол портреттің астындағы сандарды Абылайханның телефон нөмірі шығар деп ойладым!! –депті.

  3. Ағарған шаш.

Баласы қайта- қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:

- Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! - дейді. Сонда баласы:

- Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, - деген екен.

4. Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып жатыр...

Мұғалім: Нұрасыл сен үлкен болғанда кім боласың?

Нұрасыл: Мен үлкен болғанда бай болам, ақшам көп болады, əйел аламын, сол əйеліме - машина, алтын, бриллиант, яхта, вилла алып беремін кейін шетелдерге алып барып саяхат жасатамын.

Мұғалім бəрекелді жарайсың. Ал Сәнім сен үлкейгенде кім боласың?

Сәнім: Мен үлкейгенде Нұрасылдың əйелі боламын!

  1. Қожанасыр қыстың күні арықтағы суға мысығын жуып отыр екен. Оны көрген көршісі, күн суықта жуғаның не өледі ғой депті. Көршісі бір айналып келсе Қожанасыр мысығым өліп қалды деп жылап отыр екен. Айттымғой саған күн суықта жусаң өледі деп дейді. Сонда Қожанасыр мен оны жуғаннан кейін тірі болатын сыққанда өлді депті.

  2. Банк тоналып жатыр. Тонаушы баса көктеп кіреді де, адамдарды кепілдікке алып мылтығын кезенеді. Бір қызға көздеп : “Атың кім?” -десе, – “Қарлыгаш”, – депті. – Жарайд, жүре берші. менің шешемнің аты Қарлығаш болатын. Сөйтеді де, қасында отырған жігітке мылтығын тақап: “Сен кімсің, ал?” – дейді. Байғұс жігіт қорқып кетіп: “Иван, бірақ достарым Қарлығаш деп атайды” -депті.


1 жүрг: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды да құттықтаймыз!

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын табыстайды.
Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.

Ән. «Аққұс» Саялы.Сәнім. Фатима.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі