Күні: 07.03.2017ж
Тәрбие сағаты : «Ана - өмірдің шуағы»
Мұғалім:
Ана.
Өмірде ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.
Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:
Аслан 1-жүргізуші:
Құрметті асыл аналар
мен әжелер ,аяулы ұстаздар
мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық
жерінде тойланатын
8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз.
Барлығы:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймыз, анашым.
Көркем 2 –ші жүргізуші:
Құрметті қонақтар, бүгінгі 2- сынып оқушыларының дайындаған « Ана өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашу құрметіне мектебіміздің директоры Утебаева Сәуле апайымызға сөз кезегін береміз.
Көркем 2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
Аслан 1-жүргізуші : Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.
Көркем 2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
Аслан 1-жүргізуші: : Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.
Көркем 2-жүргізуші: Бүгінгі 8-наурыз –аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
Дәурен:
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Төлебек:
Ана
деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Сапарәлі:
Бір
өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді
жалғадым.
Өзің мына сыйға берген
өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту -
арманым.
Оразәлі:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
Сардар:
Ана десем шешек ашып
жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
Досболат:
Барша ана, құтты болсын
мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен
берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл
анам.
Сонда біз кісілікке
теңесеміз.
Нурила:
Әйбат анам,әй анам,
Жұлдыз анам, ай анам!
« Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам!
Айналайын анашым.
Ақылы асқан данасын.
Балаң үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Ана- біздің гүліміз
Ананың біз гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Диас:
Ана дейміз
бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Нурай:
Туағаннан құлыным деп аймалаған
Өзіңдей қамқор адам қайда маған
Дүние аналармен көрікті ғой
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған
Алихан:
Ана –өмір шырағы,
Ана- өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр- әні,
Жүрегімде тұрады.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Сана:
Ана
деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Саят:
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған
Әлемде сен болмасаң осылайша
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат игі арман.
Л.
Мерей:
Ана десем, теңіз болам
шалқыған
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
С.Мерей:
Дүниенің ең
қымбаты ана екен,
Ананың ең
тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын
төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны
бөлек дара екен
Балаға ана
еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу
бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса
да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл
өсиет аңыз деймін,
12-оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Аслан
1-жүргізуші
Көрініс "Ата
мен бала"
Көркем:: Ерте,
ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде,
жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта көңілді
«Көктем» атты патшалық болыпты.
Осы көңілді
патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да
қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы
болыпты.
Сол патшалықты
басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды
сынамаққа бел буып, ұлдарын қасына
жинады
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым,
сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім
боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің
мұрагерім болып, осы патшалықты
басқарады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық
кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол –
мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес,
ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға
үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы
– сөзінде.
Көркем :Осы кезде
патшаға абыз қария
келеді.
Қария: Дат,
тақсыр!
Хан: Датың
болса, айт!
Қария: Менің
айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін
кім?
Бала: Ата ашты
тоқ, жоқты бар ететін мейірімді
әке.
Қария: Жоқ,
балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар,
ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран
ұйымайды.
Хан: Жоқ,
сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады.
Ханзадаларды
шақырыңдар!
Бала: Алдияр
әке, не бұйырасыз?
Хан:
Өнерлеріңді көрсетіңдер!
Ән « Анажан» (Нұртілеу, Досымжан,
Диас)
Көркем:
Осы
патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын.
Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң
бірі аналарын қалай сағынғандарын айта
бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен
көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды
аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған
кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара
сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің
түсіне енген шық тамшыларындай болып
көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен
сенің жолыңды қараумен болдым.
Көркем : Жетінші қызы үндеген
жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын
даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып
берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де
мені ең кіші қызым қатты сағыныпты. Айналайын, Алтыным менің, мен тыңдайтын
әніңді айта ғойшы
Ән : «Бала
тілегі»
Көркем 2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі Қара
жорға биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, –демекші, ендігі
кезекте «Қара жорға
биі», қабыл
алыңыздар!
Көркем 2-жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске
береміз.
Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»
Немересі:
-Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не
қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не
қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат,
қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі:
-Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не
тәтті?
Әжесі: Ананың сүті
тәтті.
Немересі: -Дүниеде не
қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім, әже.
«Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең
қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!.
Аслан 1-жүргізуші :
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, –деп, ендігі кезекте «Апатайым –
анашым» әні, қабыл алыңыздар!
Ән: «Апатайым – анашым»
Аслан 1-ші жүргізуші :
Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар,ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
Көркем 2 –ші жүргізуші :
Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тілсым сырлы жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтай қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
Ойын:
«Кімнің даусы ?»
(аналармен)
5бала шығады
да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір
сөз айтады. Мыс: ботақаным –
дейді.
5баланың
біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала
орнына отырады.
Аслан 1-жүргізуші: Енді аналарымызды сынып көрейік . «Кім тапқыр» ойыны
Ойынның шарты: 4-ана, 4-ұл мен қыз бала қатысады.Аналар көздері байлаулы тұрады. Өздерінің ұл-қыздарын табу. (Иіспен, ұстау арқылы)
Аслан 1-жүргізуші:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. Ән: « Бақыт деген»
Аслан
1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге –демекші, ендігі кезекте
қазақтың
«Қазақ биі», қабыл алыңыздар
Көркем
2-жүргізуші:
Дүние ойдан
шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, –дей отырып, ендігі кезекті әнге
берейік.
Ән : « Әке Ана»(Мирас, Саят ,Ержан)
Көркем 1-жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Мерекелік Вальс » қабыл алыңыздар.
Аслан 1-жүргізуші: «Ұлдардың сыйлық таратуға таласы» көрінісі
-Жігіттер менде бір жақсы идея бар.
-Ол қандай идея?
-Идея сол бүгінгі мерекеде аналарымыз бен қыздарымызға арнап сыйлықтар таратайық.
-Мен таратамын..... .....
- «Балалар одан да екі топ болып сайысайық ,кім жеңеді солар сыйлық таратады»
-Келістік
-Біз 2 «в» сынып Қырандары» тобы
Ал , Біз 2 «Ғ» сынып «Ұландары» тобы
-Сайысымыз қандай болмақ?
Аслан
1-жүргізуші:
Ата - дәстүр абырой
көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер
демде!
Тоқталамыз енді біз, ал
халайық,
Қанатты сөз мақал мен
мәтелдерге.
Cайыс: «Мың бір
мақал»
1 Көз жетпеген жерге
…………………
2
Қызға бергенді ……………...
Қыздың құны қырық
жеті
3
Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы
жұлдыз.
4 Қыз өссе елдің
көркі
Гүл өссе жердің
көркі.
5 Ананың сүті-бал, баланың тілі -
бал
6 Баласы атқа шапса ,анасы үйде тақымын
қысады.
7 Анаңа ауыр сөз
айтпа,
Атыңа ауыр жүк
артпа
8 Ананың ізін қыз
басар,
Атаның ізін ұл
басар.
9 Баланың білегі ауырса ананың жүрегі
ауырады.
Сыйлықтар
тарату
Көркем
2-жүргізуші:
Демеңіз біз
өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз
жерге таяп қалды.
Қош болып
тұрыңыздар көріскенше,
Осымен
концертіміз аяқталды
Аслан 1-жүргізуші:
Құрметті
қонақтар, біздің « Ана- өмірдің
шуағы»
атты мерекелік
кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп
рахмет.
2 жүргізуші: Қош, сау
болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ана -өмірдің шуағы: ""

шағым қалдыра аласыз