жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: "Ана-аса қымбатты жан"
Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
\8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. Ұл балалар саппен кіреді де, жарты шеңбер жасап тұрады\.
Жүргізуші: Ой балалар, қыздарымыз қайда?\балалар жан- жақтарына қарайды\қызық екен.
Ал, балалар мерекені жалғастыру үшін қыздарымызды шақырайық. \шақырады келмейді\
Жүргізуші ішінде хаты бар шарға назар аударады.
Сендер бізіді ренжіттіңдер,
Ойыншықтарды тартып алдыңдар.
Шашымыздан тарттыңыздар.
Арқамыздан түрткілеп.
Жұдырықпен түйдіңдер,
Шыдамымыз таусылды.
Сондықтан, кешірім сұрасаңдар ғана келеміз.
Ұл балалар: Біз кінәліміз оны мойындаймыз. Бізге ренжімеңдер, өйткені біз сендерді жақсы көреміз.
Көңілді әуенмен қыздар кіріп жарты шеңбер болып тұрады.
Қыз бала: Кешірсек кешірейік бүгін көктем мерекесі, аналар мерекесі ғой.
Жүргізуші: жарайсыңдар, әрқашан осындай кешірімді, тату болыңдар, балалар, ал енді мерекемізді бастайық.
Тәрбиеші:
- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел
жанымен байланысты тамаша көктем
мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен
құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі
Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды,
сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны
қандай тамаша мереке!
Той
пердесін ашайық,
Тойға шашу
шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Жырдан
шашу шашайық.
Мадияр: Дүниеде
ең кеменгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады,
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Т.Санжар: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір- бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Амина: Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, ойға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен.
Бақытты ғой ұл- қыздар!
Ән: "Көктем келді"
Жүргізуші: балалар қараңыздаршы мында бір ерекше ағаш тұр екен. Жақындап қарайын бұл не ағаш, оның иесі барма екен?
Ар жақтан кәмпит келеді. Бұл менің ағаштарым. Мынау ағаш ертегі ағашы бұнда көріп тұрғандай кәмпиттер өсіп тұр.Бірақ ойлаймын бұл жай кәмпит емес шығар.
Мүмкін онда мармелад бар шығар?
Балалар: Жоқ.
Мүмкін онда шокалад бар шығар?
Балалар: жоқ.
Мүмкін онда жаңғақ бар шығар?
Балалар: Жоқ.
Қане балалар бұл ағаштың құпиясын ашайық. Не кәмпит екенін көрейік.
Ендеше, Ерасыл өзің, қайсысынан аласың? \кәмпитті алады\
Жүргізуші: Жасыл көктем, сен көктем.
Гүлді гүлмен өрнектеп,
Ел бақытты, мейірлі.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып.
Гүл бәйшешек басады,
Мал маңырап, төл жамырап.
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде. Көктем кіреді гүлдерін шашып.
Көктем: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар.
Мол шуақты ала келдім,
Шаттық,мейірім қуанышты.
Жүргізуші: Оо қандай тамаша болды. Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем:Мен жалғыз емеспін. Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік
Би: Қызддардың орындауында әсем би.
Көктем ханшайымы біз мынау ағаштан кәмпиттердің тапсырмасын орындап жатырмыз.
Сізде біреуін алып көрсеңіз болады.
Көктем кәмпитті алады. - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Назым: Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек?
Анашымның жүрегі.
Мейірімді ғой керемет.
А. Альмира: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті аналар!
Диас: Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Сулейман: Бәрімізге анамыз,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым.
Айым: Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласа,
Жайнай берші жарқырап.
Жаны жайсаң аналар.
Дастан: Баланың да тірегі,
Ананың да тірегі.
Ауырмасын ешқашан,
Анамыздың жүрегі.
Төртінші кәмпит:
Жүргізуші: Тамаша, Тағы бір бала алады.
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» балбұл жанған ақ жаулықты әжелеріміздің алдында барша азамат мәңгі қарыздармыз, ендеше сүйікті немерелеріңіздің шын көңілдерінен шыққан жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Асқар: Немересін жанындай,
Әжем жақсы көреді.
Қонаққа барса ұмытпай,
Кәмпит әкеп береді.
Нұрислам: Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Ерасыл: Тәттілерін сақтайды,
Немереме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.
Әмір: Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Мағанда сол керегі.
Замира: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Ән: "Әжем"
Ойын:
Бесінші кәмпит:
Жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Осы аяулы да мейірімді жандарымызға арналған тағы да тақпағымыз бар.
Арслан: Апатайым анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоршысы баланың,
Гүлі сенсің әр үйдің.
Аделя: Аналарды сүйеміз ,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жасмина: Анам менің анашым,
Сені жақсы көремін,
Мерекемен бүгінгі.
Құттықтаймын мен сізді.
Ерназар: Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең.
Әр кез саған тілеймін,
Ұзақ өмір жолдарын.
Б.Амира: Бізді өсірген анашым,
Еңбегіңіз зор екен.
Құтты болсын Анашым,
Құтты болсын мерекең.
Ән:
Алтыншы кәмпит:
Жүргізуші: .
Тапсырма: Ертегі кейіпкерлерін құрастыру.
Жүргізуші: аналарымыз ертегіні білема екенін көрейік.\ Үйшік, шалқан ертегісі\
Жетінші кәмпит: Ең соңғы кәмпит.Ағылшынша тақпақ, ән айту.
К.Санжар, Айым.
Көктем
ханшайымы:
-Балалар, сендер бүгін тапсырмаларымды
өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге
көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі,
әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге
ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты
тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге
әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім
бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен
енді сендермен қоштасайын, басқа да
балабақшада мерекелер болып жатыр соған
барайын. (Көктем-Ханшайым балалармен
қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші:
Мерекені
қарсы алып,
Мәз болғанда барша
жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық
бердім мен өзім - дей отырып қыздарға
арналған сыйлығымызды табыс етуге
рұқсат етіңіздер.
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ
өмір жүз жасап
Ауырмашы
анашым!
Бәріміздің де анамыз бар,
әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз
бар. Жылына бір рет келетін осы аналар
мейрамында аналарымызға қандай сыйлық
жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді
өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын
сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса,
әр баланың өзі дайындаған аналарына
сыйлықтары бар екен, соны табыс
етсін!
Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасын
жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл
бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып
бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар
мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта
болыңыздар!
Мына әсем ән сіздерге
арналады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген