400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ана-өмір тірегі" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарқамыс балалар бақшасындағы «Балбөбек» тобының 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған ертеңгілік бағдарламасы.

«Ана - өмір тірегі»

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті аналар!

Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі аналар. Ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса бүгінгі «Ана – өмір тірегі» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық,

Бәрі жақсы ананың,

Бәрі де оның керек-ау.

Бірақ әрбір баланың,

Өз анасы бөлек-ау.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

ХОР: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»әні



Айдарбек.

Той пердесін ашайық,

Әнге шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Мархабат.

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен,

Құрметті аналар.

Әлихан.

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем келеді.

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге,

Жылуын күннің әкелем.

Ә.Ислам

Сыйлаймын мен әнімді,

Саған арнап жаттаған.

Мейрамыңмен бүгінгі,

Құттықтаймын анашым.

Иманғали.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күнмен.

Құттықтаймын анашым,

8-ші наурызбен.

Н.Ислам.

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Марғұлан.

Менің әжем сымбатты,

Әжем маған қымбатты.

Құрт пен майын жинайды,

Біздерге оны сыйлайды.

М.Мейірбек.

Әлпештеген баласын,

Ана –бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.



Ұлболсын.

Аппақ болған анашым,

Әлпештеген баласын.

Бәрін білген қашанда,

Үйрететін данасың.

Саян.

Әжем менің, ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен.

Құтты болсын мерекең.

Раян.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Әжем менің асыл жан,

Құтты болсын мерекең.

Мағжан.

Әлпештеген баласын,

Айналайын, анашым.

Құтты болсын мерекең,

Құтты болсын анашым.

Мөлдір.

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай әсем күлкісі.





Райымбек.

Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Ұл-қызыңды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Қуандық.

Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз.

Ана жанын түсініп,

Ойнаңыз да күліңіз.

Шаттық.

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Шырын.

Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің,

Гүлі де сен әр үйдің.

Ұлжан.

Аналарды сүйеміз,

Сөзі ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.



Біржан.

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар.

Көркем.

Зор денсаулық мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

Альбина.

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген анашым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Еркеназ.

Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт.

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Нұрсәнім.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.

Ақылбек.

Баққа гүл толғанда,

Біз оны жинаймыз.

Мереке болғанда,

Анаға сыйлаймыз.



Зере.

Өлең айтып би билер,

Тойларына балалар.

Бағалаймыз еңбегін,

Аман болсын аналар.

Хор: «Анамызға мың алғыс»

Мансұр.

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Айзере.

Еркелеткен анашым,

Маған өзің панасың.

Құтты болсын мерекең,

Құтты болсын анашым.

Аймекен.

Айналайын анашым,

Аялайтын баласын.

Құтты болсын мерекең,

Құтты болсын анашым.

Хор: «Балдырғандар маршы» әні

Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықтың ар намысын сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам-деп бүгінгі «Ана-өмір тірегі» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі