Тақырыбы:
Ана өмірдің
гүлі.
Мақсаты:
Анаға деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге,
оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту,
адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып
тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі
оқылады.
Ана
Сен
бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен
қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп
тұрады
Мұғалім: Армысыздар, аяулы
аналар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің
алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп
жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен
аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл
мерекесі.
Біз ғана емес, қадір тұтқан
бабалар.
Аналардан туған небір
даналар.
Ана деген тіршіліктің
тірегі,
Армысыздар, қасиетті
аналар!
Қош келдіңіздер, құрметті
аналар мен мектебіміздің ұстаз,
қыздары!
Бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы
күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.
Әрдайым біздердің жанымызда жүре
беріңіздер.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Ажырамай мектептен
бірелісіз,
Жақсылыққа жаралған
жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпен
өздеріңізге,
Келген хауымға тілегіңіз -дей
отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры және оқу
ісінің меңгерушісі береміз.
Мұғалім:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші
шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ақ мамам!» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы
алыңыздар.
Мұғалім:
Барша ана құтты болсын
мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке
теңесеміз,-дей отырып ұлдарыңыз жүрекжарды тілектерін
ұсынады.
1-оқушы: Анасыздар, әр үйге
панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
2-оқушы: Анасыздар —
Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
3-оқушы: Өр десек те
сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді —
лайықсыздар.
4-оқушы: Анасыздар, кең
байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
5-оқушы: Сіздер — Күнсіз,
аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы
сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
6-оқушы: Біз сіздерсіз
тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де
сіздерсіз жете
алмаймыз.
Айнала ұшып
сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете
алмаймыз.
7-оқушы: Менің әжем, бұл
әже
Айтқан сөзі дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі
әже
8-оқушы: Құтты болсын осы шаттық
күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір
сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен
әрдайым
Бұл өмірде күліп қана
жүріңіз
9-оқушы: Жарқыраған қызыл
гүлдей
Болсын әсем
өміріңіз
Сәуле шашқан әсем
күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз
–
10-оқушы: Біз ғана
емес,
Қадір тұтқан
бабалар
Ана деген – тіршіліктің
тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті
Аналар!
Мұғалім:
Аман болсын
басыңыз,
Ағармасын
шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі
де,
Жүзге жетсін жасыңыз-дей
отырып ортаға Іңкәрдің әжесін"----------------"атты әнін қабыл
алыңыздар
Мұғалім:
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді
жалғадым.
Өзің мына сыйға берген
өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту -
арманым-деп "Ана жүрегі" бейне
роликті тамашалаңыздар
Мұғалім:
Даусың қандай сырлы
еді
Табиғатты
тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы
еді
Таң шолпанмен астасқан-деп
отырып Алауның орындауында "Бала тілегі"
әнін
тамашалаңыздар.
Мұғалім:
Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, ұлдардың орындауында
"Джентльмен" биін ұсынамыз.
Мұғалім:
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып
келесі кезекті «Шөжелерім»
биіне
береміз.
Мұғалім:
Ана десем шешек ашып
жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, -деп сахнаға аналардың орындауында
флешмоб биі.Аналарды қошеметтеп қарсы
алыңыздар.
Мұғалім:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз-деп балалардың "Көктем
әні" өлеңнің ағылшын тілінде
тамашалаңыздар
Мұғалім:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазір қыздар
тобы,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі
кезекте «Гүлдер», биін
қабыл алыңыздар!
Мұғалім:
Оқу-білім - еліміздің
тірегі,
Ұлағатты ұстаз – мектеп
жүрегі,
Аман болшы, ауырмашы
ұстазым,
Шәкіртіңнің сізге айтар тілегі-дей отырып
Мөлдірдің орындауында
"Мектебім"әнән қабыл
алыңыздар.
Мұғалім:
Өміріміздің әрбір сәтін
есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен
оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз.
(Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге
түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен
слайд көрсетіледі.
Мұғалім:
Осы айтылғандардың бәрі
шындық, бәрі шын. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,
жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да
аямаған ардақтысы. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл
адамзаттың тәрбиешісі. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше
сол аналар алдында бас иелік!
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды-дей отырып бүгінгі кешімізді
аяқтаймыз.