400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. АНА СЕН БАҚЫТТЫСЫН!

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«О. Тайманов атындағы өнер және саз мектебі» МКҚК








АНА!

Сен бақыттысың!

тәрбие сағатының

сценариі.



Директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары:Қасымбекова М.

Ұлт аспаптар бөлімінің домбыра пәні мұғалімі: Жолдасбекова Ж.




2019 – 2020 оқу жылы.


Жүргізуші:


Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Жүргізуші:


Кеш жарық, қымбатты ұстаз, аналар, арулар және оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да

8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.


Жүргізуші:


Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды!

Құрметті қонақтар «Ана сен бақыттысың» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Олай болса аяулы аналар, «Білім беру ісінің үздігі» Жазира Жолдасбекова апайымыз жетекшілік ететін домбыра сыныбы оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.


М. Мақатаев: «Ана сен бақыттысың». Орындайтын: Бекбосынова Асылзат. Қошеметпен қарсы алайық.

(Көркемсөз)




Жүргізуші:


Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.


Манарбек Ержановтың әні «Сайра бұлбұл». Сахна төріне «Білім беру ісінің үздігі» Жолдасбекова Жазира апайымызды шақырамыз. Орындайтын: Мектеп оқушыларынан құралған ұлт – аспаптар оркестрі. Жетекшісі: Қайрат Бекмұратов.


Жүргізуші:

Осы орындауда: Абайдың күйі «Торы жорға»


Жүргізуші:


Аяулы айбыным,

Арайлы әр – күнім

Бақытым байлығым,

Қадірлі анашым.

Нұрғиса Тілендиевтың күйі «Әлқисса». Орындайтын оркестр. Жеке домбырада ұстазымыз Жазира Жолдасбекова.


Жүргізуші:


Сезімің неткен ыстық балаңа тым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың,

Қаншама азап шектің сәби үшін

Мен саған қарыздармын жан анашым!

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсақ сәбидей қып бағамыз да.

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда!

«Ана» деген есіммен қоса әке де қадірлі екені сөзсіз. Әкелеріміз аман болса, аналарымыз бақытты болатыны анық, олай болса «Әке - ана» әнімен Республикалық «Жас өнер» байқауының I – дәрежелі «Лауреаты» Бекбосынова Асылзатты қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:


Ана, мынау жарық жалғанда

Ана, сенен асыл жан бар ма?

Ана, сенен әсем ән бар ма?

Дарасың, данасың сен ана!

1 – 2 – сынып оқушыларынан құралған домбырашылар ансамблінің орындауында Украин халқының «Ехал казак за Дунай» әнін қабыл алыңыздар. Баян аспабында сүйемелдеуші, мектебіміздің тәжірибелі мұғалімі Қайрат Бекмұратов.

Жүргізуші:


Осы орындауда өнерлі балалардың аналарына арналған мерекелік шығармасын қабыл алыңыздар. Нұрғиса Тілендиевтың әні «Ақ мамам»


Жүргізуші:


Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.


«Өзбек биімен» алдарыңызға мың бұралған биші аруымыз Шымырбай Асылайымды шақырамыз. Қошеметтеп отырайық құрметті қонақтар.


Жүргізуші:


Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Нұрболатты қарсы алайық
Аспабына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!


Республикалық «Жас өнер» байқауының I – дәрежелі «Диплом» иегері, домбыра сыныбының оқушысы Амангелді Нұрболатты Төлеген Мұхамеджановтың «Детство» композициясымен сахна төріне шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші:


Жалғандағы сенсің ғой жанашырым

Бәлкім мен көздеріңнің қарасымын.

Ақ жүректі аяулы ардағым – ай

Мен өзіңе арнадым ән асылын – дей келе «Дүйсеналиевтер» отбасылық ансамблінің орындауында Медет Салықовтың әніне жазылған «Аққу арман» әнін қабыл алыңыздар.



Аяулы айбыным,

Арайлы әр – күнім

Бақытым байлығым,

Қадірлі анашым.

Құрманғазының күйі «Түрмеден қашқан» орындайтындар сынып оқушылары.


Жүргізуші:


Мама, ардағымсың, арманымсың, мама!

Асқарымсың, аспанымсың, мама!

Мөлдірімсің, сен гүлімсің, мама!

Арайланған таңымсың сен, мама!

Сынып оқушыларының ішіндегі ең кішкентай аруымыз Бекбосынова Айзадтын орындауында «Қазақ биін» тамашалаңыздар.


Жүргізуші:


Айналайын ақ анам,

Құшағың кең аспаннан

Алдыңда таулар аласа

Биікпін деп мақтанған

Алақаның ақ мамық

Өзіңмен әлем жап – жарық

Қуантайын мен сені

Аман болшы мәңгілік.


Домбыра сыныбының аруларынан құралған домбырашылар ансамблін сахна төріне шақырамыз. Абдулхамит Райымбергеновтың күйі «Секіртпе». Құрметті қонақтар аруларымызға қолдау білдіріп отырыңыздар.


Жүргізуші:


Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыздың құрметіне Ғазизхан Шекербековтың әні «Әке - ана» орындайтындар

«Шабыт» дуеті.


Жүргізуші:


Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Аналармен ойын «Алақан жылуы»


Жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Домбыра сыныбы оқушыларының аналарына арналған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!

(Тақпақтар)


Жүргізуші:


Тұрсада дауыл майыса көрме, ұсташы тіктеп бойыңды,

Анашым, сенің көргім келеді жүз жасқа келеген тойыңды

Ақ тілектерді қабыл ет, Алла, қабыл ет, Алла, ойымды,

Анашы, сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды.


Жүргізуші:


Жүректің жалынысың

Мәңгілік сағынышым

Қарызым өтелер ме,

Ұйқысыз таңың үшін?


Жүргізуші:


Анамның ақ жаудығы аппақ, аппақ

Айналдым пейіліңнен қардан аппақ

Анашым ақ батаңның арқасында

Басымда тұрады әркез бақ қонақтап.


Самайдағы, ақ шашыңның әр талына қарызбын

Еш нәрсемен өтелмейді – ау парызым.

Жауыптымын жанарыңнан сырғанаса тамшы жас,

Бұл өмірде жан анашым маған бәрі сын.

Сахна төріне «Білім беру ісінің үздіктері» Нұржібек Абдикеримова мен Жазира Жолдасбекова апайларымызды шақырамыз. Барша аналарымызды көктемнің алғашқы айымен тұспа – тұс келген аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аналарымыз аман болсын!


Жүргізуші:


Құрметті аналар, Жазира Жолдасбекова апайымыз жетекшілік еткен домбыра сыныбы оқушыларының аналарына арналған өнерлерін тамашаладыңыздар. Баланың бойындағы өнерін шыңдап, сахна мәдениетіне үйрету әрбір мұғалімнің мақсаты, ал сол мақсаттың орындалып, жүзеге асуы үшін қаншама еңбектің, ісденістің болары ақиқат. Шәкірттеріне өз білімін аямай сусындатқан Жазира Жолдасбекова апайымызға үлкен рахметімізді айта отырып, барлық оқушылары атынан зор денсаулық, үлкен бақыт тілейміз.


Қадірлі де, аяулы аналар, балаларыңызды өнер ордасы, саз мектебінің табалдырығын аттатып, әр сабаққа келіп – кетуін қадағалап, баланың білімін шыңдап, өнерлі етуге ат салысып жүргендеріңіз үшін мың алғыс. Әрбір бала ұлы өнердің жұлдызы болуға лайық. Олай болса әр баланың жұлдызын бірге жағайық қадірлі аналар.


Домбыра сыныбы оқушыларының мерекелік концерті осымен тәмәм. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға үлкен рахмет.


Мерекерелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!



















Қ/с

Шығарма атауы

Авторы

Орындаушы

1

«Ана сен бақыттысың»

М. Мақатаев

Бекбосынова Асылзат

2

«Сайра бұлбұл»

М. Ержанов

Жазира Жолдасбекова

3

«Торы жорға»

Абай

Оркестр

4

«Әлқисса»

Н. Тілендиев

Оркестр

5

«Ехал казак за Дунай»

Украин халық әні

Ансамбль

6

«Ақ мамам»

Н. Тілендиев

Ансамбль

7

Өзбек Биі


Шымырбай Асылайым

8

«Детство»

Т. Мұхамеджанов

Амангелди Нұрболат

9

«Аққу арман»

М. Салықов

Дүйсеналиевтер отбасы

10


«Түрмеден қашқан»

Құрманғазы

Ансамбль

11

Қазақ биі


Бекбосынова Айзад

12

«Секіртпе»

А. Райымбергенов

Ансамбль

13

«Әке - ана»

Ғ. Шекербеков


Рамазан, Мәдихан

14

Жаттаулар




15

«Алақан жылуы»

Ойын



16

«Мен сені сүйем өмір»

Р. Әлқожа

Н. Абдикеримова

Ж. Жолдасбекова

17

«Абзал ана»


Н. Абдикеримова

Ж. Жолдасбекова


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі