400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ана тілі- жүрек үні " 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл - тірегім


Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.


Мазмұнға байланысты міндеттер:


  • көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді;

  • ой-түйіндерінің қорытындысын айта алады;

  • сабақта алған білімдерін қолдана алады;

- ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады;

- ақпарат мүмкіндігін еркін қолдана алуға үйренеді.


Кіріспе сөз:

Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Тілдер мерекесіне арналған даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.

Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.


Оқушы: Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің,


Оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


Оқушы: Қазақ тілің-Атаң, Анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.


Оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!

Тіл туралы Заңым енді күшінде,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!


Оқушы: - Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Халық жауы атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.


Оқушы: Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.


Оқушы: - Қуан балам! Туған тілдің киесі.

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің күресі.


Оқушы: - Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.


1-жүргізуші Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.

2-жүргізуші Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.

Бата беру.

Қатысушылар:

Ақсақал - Аглиулин Дамир

Қария - Миннекаев Сергей

Бойжеткен - Булатова Оля

Балалы келіншек - Айдана

Күйеуі – Ержан

Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:

Талдай бой берсін,

Жақсы ой берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын.

Нәзік жаны болсын,

Елінің ары болсын.

Басыңа өнердің бағы қонсын,

Ақ Орданың шамы болсын!

Әумин!


Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:

- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.

- Ақсақал:

- Қолыңды жай, балам!


Нәрестенің бауы берік болсын.

Азамат болып ер жетсін.

Ақсақал болып төрлетсін.

Мінері болсын салмақты

Өнері болсын жан-жақты

Осы айтқанның бәрі кеп,

Алла берсін зор бақты!

Әумин!


Ана тілім-бақытым.

Оқушы: Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.


Оқушы: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.


Оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.


Оқушы: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

Тіл деген қасиетті ұғым екекн,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.


Оқушы: Мәртебесі тіліміздің биік екен


Оқушы: Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілін білмесең сен егер де,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.


Оқушы: Қазақ тілім сенсің бар гүлім

Арналады менің саған бар күнім.

Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,

Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.


Мақал-мәтелдер сайысы:

1 топ.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).


2-топ.

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).


Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.


Викториналық сұрақтар:

1-топқа:

1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).

5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

6. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).

7. Күй атасы кім? (Құрманғазы).


2-топқа:


1. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).

2. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).

3. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

4. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).

5. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).

6. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).

7. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).

8. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).


Сабақты қорыту:

Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.

.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі