Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. Ана тілің-арың бұл. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына тәрбие сағатына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ана тілің-арың бұл

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру ,үш тілдік саясатын дамыту.

1.Бейнефильм көрсетіледі.

1-жүргізуші: Армысыздар ,құрметті ұстаздар мен білім алушылар! Бүгін біз 22 қыркүйек «Тіл мерекесіне» арналған «Ана тілің-арың бұл» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Тіл, сөз дегеніміз –ата- бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана –парасатын , биіктігі мен тереңдңгңн паш ететін үлкен өнер. Тіл-адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса да басынан өткендері ,қилы кезеңдері ,өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан.

2-жұргізуші: Здраствуйте ,уважаемые учителя,учащиеся!Все ,те кто пришел на наш праздник.Мы рады приветствовать вас в нашем уютном кабинете.

2-жүргізуші: Dear teachers and students! Welcome to our today’s class-time!


1-жүргізуші: Сынып сағатымызды ҚР-ның мемлекеттік гимнімен бастайық.

2- жүргізуші: 1998 жылы 20 қаңтарда еліміздің Президенті Жарлығымен

22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың «Тілдер мерекесі» деп жарияланды. Сондықтан еліміздің барлық аймақтарында Тілдер мерекесі өткізілуде.Тіл адамдар арасындағы қарымқатынас құралы. Өмірде адамдар тіл арқылы бір –бірімен сөйлеседі,пікір алысады.

1-жүргізуші: Қазіргі уақытта көп тіл білу өмір. Ағылшын,фрацуз,орыс,испан, араб,қытай тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми жұмыс тілдері. Көптілдік әр мемлекеттің саяси экономикалық және мәдени рухани дамуына бағытталған заңды құбылыс.

2- жүргізуші:Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясаты да біздің мектебімізде жалғасын табуда , соның бір айғағы ретінде оқушыларымыздың үш тілді өлең-жырларын оқиды.

1-оқушы: /Гаухар/

Әр адамда өз анасынан басқа ,

Жебеп тұрар ,демеп тұрар арқада.

Болу керек құдыретті төрт ана,

Туған тілін –түп қазығың,айбының,

Туған жерің сатылмайтын байлығың.

Туған дәстүр, салт-анасы,тегі,

Шуақ шашар қадамына үнемі.

Және туған тарихы

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Еш уақытта бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –

Тағдырының тынысы.

Төрт ана үшінболған күрес –

Күрестердің ұлысы! -1-

2- оқушы: Рухия

Язык отцов ,язык тысячелетий

Ты временем,как глина обожжен

В тебе –удар меча и посвист плети ,

Мужская гордость и горячность жен.

3- оқушы:Ақторғын

Oh ,friend unseen ,unborn, unknown,

Student of sweet English tongue,

Read out my words at night alone:

I was a poet , I was young

Since I can never see your face ,

And never shake you by the hand,

I send my soul through time and space

To greet you. You will understand.

2- жүргізуші: Қасиетті тілімізді құрметтеп, қастерлеп жүру біздің парызымыз.

4-оқушы:Батыр

Тілім –арым, ол менің мақтанышым,

Ризамын жүрекке от жққаны үшін.

Тіл- адамның қаруы, қазынасы.

Туғанбыз соны баста сақтау үшін.

5-оқушы: Ержігіт

Тілің барда сен барсың ,жоғалмайсың.

Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.

Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді

Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.

6-оқушы:Айқын

Сан ғасардан сақталған асыл мұрам,

Сені қалай басқаға басындырам?!

«Тәуелсіз ел болғанда ,бағың жанар»,-

Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.

Ана тілім-ардағым,жырымбысың,

Бар сыныққа төзер ем өмірдегі,

Анам және аяулы тілім үшін.

7-оқушы:Т.Аяулым

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілі егер сені білмесем.

1-жүргізуші: Мақалдың алғашқы жолы айтылады,әрі қарай оқушылар жалғастырады.

1.Ақыл көркі-/тіл/, тілдің көркі-/сөз/

2.Өнер алды-/қызыл тіл/

3. Әдептің басы-/тіл/

4.Тілден артық-/қазына жоқ/

5.Айтылған сөз-/атылған оқ/

2-жүргізуші: Берліген сөздерден мақал құрастыру. -2-

/ата, гүл,жақсы,бала,еңбек,өзен,Отан,ат,ер, батыр,тас,ел ,ана/

1-жүргізуші: Келесі топ сіздер берліген суретті құрастырып , бір шумақ өлең құрастырып берсіздер! Берілген тапсырмаларды орындауға 2 минут уақыт беріледі.

2-жүргізуші: «Атамекен » әнін қабыл алыңыздар

2-жүргізуші:Адамды жұбататын да , ақыл беретін де ,күш –қуат беретін де , ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де , болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?! Олай болса , біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

Оқушылар хормен: Қазақ елім,қазаңына қорған бол,

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек ,нағыз ұлттық адам бол!

1-жүргізіші:Осымен «Ана тілің-арың бұл» атты сынып сағатымызға келіп, көңіл бөліп тыңдағандарңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

2-жүргізуші:Досвидания!

2-жүргізуші: Good bye!






























-3-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1882
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12