Сабақтың
тақырыбы: «Аналар асыл
жандар»
Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8 –
наурыз туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген
құрметті ұғындыру, ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, ана
мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру, ананы сүю арқылы еліне
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік
құралдары: Ана туралы нақыл сөздер,
суретті плакаттар, шарлар, гүлдер, сыйлықтар, құттықтау
қағаздары.
Түрі: концерттік
Әдісі: сахналық, сұрақ –
жауап
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
кезеңі
Нұрсұлтан: Құрметті асыл Ананлар,
мұғалімдер және қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы
айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8-наурыз әжелер, аналар,
қыздар мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз.
Еркебұлан: Сіздерге әлемнің нұрын,
өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні
де, сәні де сіздерсіздер!
Нұрсұлтан: Ананың тілегі, ананың жүрегі,
ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең
ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне
жетпейді.
Еркебұлан: Анаңды Меккеге үш рет арқалап
барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
Нұрсұлтан: Иә, дұрыс айтасың. Біздің
әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең қымбат жан ол –
анамыз.
Еркебұлан: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар
мерекесіне арналған «Аналар асыл жандар»атты мерекелік кешімізді
ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз сіздер
үшін.
Нұрсұлтан: Бүгінгі мейрамда көктемдей
көңіл сыйлайтын Закария
Гүлназдың аналарға
арналған қазақ
биін қабыл
алыңыздар.
Еркебұлан: Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды.
Олай
болса, Мұратова
Мадинанаң Төлеген
Айбергеновтың «Ана» жырымен қарсы
алыңыздар.
Нұрсұлтан: Иә.....Шырылдап жерге
түскеннен-ақ сенің ең бір жақының,ең бір досың,ең бір ұстазың бар.
Ол –Ана. Қара жерді баспай жатып,есіңді білмей жатып,тырмысып
жабысатының,шырылдап уанбай жылап сенің іздейтінің-Ана! «Құлақтан
кіріп бойды алар,әсем ән мен тәтті күй»,- деп Абай атамыз
айтқандай, Серкебаева Гаухардың
«Келіншек» күйін қабыл
алыңыздар.
Еркебұлан: Ана – барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің
дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында
отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған
ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым, -дей отыра,
6 «Е»
сынып оқушыларының әдеби
монтажын тамашалаңыздар.
Нұрсұлтан: Отан деген –
атамекен
Отан деген – туған ел
Отан – ана
Отан үлкен
Қазақстан деген жер! – дей келе Закария Гүлназбен Қуанбай
Әсемнің орындауындағы «Туған
Жер» әнін қабыл
алыңыздар.
Еркебұлан: «Ат биеден туады,
алып анадан туады» дейді халқымыз.Дүниеде
анасыз бала жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да,
данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де,
күміс көмей әнші мен мың бұралған
биші де анадан туып, соның көкірегінен
нәр алып өскен. Ана- тіршіліетің гүлі,
отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі.
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген, -дей отырып, келесі
кезекті:
Өтебалы
Айзияның орындауында «Қазақ»
биіне береміз.
Нұрсұлтан: Жоқты бар, ашты
тоқ ететін кім?
Жоқты бар, ашты тоқ
ететін- ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Ана-
үйдегі бақ, әке –отыратын тақ. Ана ақылды
болса, үйдің қуанышы, әкенің
жұбанышы.
Еркебұлан: Үйдегі алтын қазық
кім?
Үйдегі алтын
қазық-ана.Ана ақылды болса, бала дана
балады.Ана- тәрбиесі- қызға үлгі, әке тәрбиесі-
ұлға үлгі.Ана-ақылшың, әкең- қамқоршы.Ананы
сыйламағаның ақылы кем, әкені сыйламағаның
жақыны кем.Ананың мейірімі көзінде, ықыласы
сөзінде, ақылы көзінде.
Ана ол біздің елде ардақты
адам,
Кішісі де, үлкені де
ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын
да,
«Ана» деп біздің халық текке
айтпаған, – деп кезекті Есщан Нұрқабыл Мұқағали
Мақатаевтың «Шеше, сен
бақыттысың» жырые тарту
етеміз.
Еркебұлан: Дидактикалық
ойын
Менің қолымнан не көріп
тұрсыңдар. Әрине шар. Бұл шардың ішінде бізге
сұрақтар берілген екен. Қане шарды
жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беріп
көрелік.
1) Кім бізді өмірге әкеліп,
бағып қағып әлпештеп
өсірген?
2) Біз қатты қуанғанда,
қуанышымызды кімге
жеткіземіз?
3) Біз қатты ренжігенде,
жылағанда өзіміздің жағдайымызды кімге
айтамыз?
4) Бар тәттісін, бар жақсысын
бізге жеткізіп бізге кигізетін
кім?
Олай
болса Серікұлы
Ақанның орындауындағы «Мама» атты әнін қабыл
алыңыздар.
Еркебұлан: Күй күшті, тауды
тасты бұзатұғын
Орнына өз өрнегін
сызатұғын.
Талқандап тас кереңді үн
оятып,
Дүкеннің дүниенің
қызатұғын
Күй күшті, істі, еңбекті
сүйдіретін,
Тамырын тас емшектің
идіретін.
Жарлының тілек күй, жүрек
күйі,
Өмірді
бүлдіретін,күлдіретін....-дей отырып,
алдарыңызда:
орындайды.
Нұрсұлтан: Ана –барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің
дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында
отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған
ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.-дей отыра,
Бақытов Бекжан мен Амин
Мағжанның орындауында «Мама» атты әнді қабыл
алыңыздар!
Еркебұлан: Дүниедегі ең
сұлу әйел- қазақ әйелі. Қазақ әйелі-бар
тілегін перзентінің жолына арнаған
әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйтқысы,
ұрпақтың анасы. Бізге қажымас қайрат
беретін әйел- анаға мың алғыс!Аристотель,
Фирдоуси,Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан,
Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали... сол
әйелдердің ұлдары, бәрі ананың ақ
сүтінен нәр алған.
Нұрсұлтан: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге
осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар
әкелсін.Деңдеріңізге саулық,
бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен
шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып,
шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық,
мемлекетіміздің іргесі берік
болсын!
Еркебұлан: Құрметті қонақтар, біздің
«Аналар асыл жандар» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!