400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ар - ұят, намыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы тәрбие сағаты оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялатады, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпалын тигізеді. Тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздық деңгейлерін дамытады.Бұл тәрбие сағатын бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарбие сағаты

Сабақтың атауы

Ар-ұят, намыс туралы

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,нақылсөздер,флипчарт,суреттер,

видеоролик

Жалпы мақсаттар

Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздық деңгейлерін дамыту. Туған жерді қадірлеп, сүйе білуге жұмылдыру. Адамның бойындағы ең жоғары қасиет ар-намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу. 

Топқа бөлу

1.Оқушылар «Шаттық шеңберінде» тұрып, өз есімін және өзінің бойындағы құнды қасиеттерін айтады.

2.Парақшаларды таңдау арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1-топ «Білім»

2-топ «Ақыл»

3-топ «Адамгершілік»

4-топ «Еңбек»

Қызығушылықты ояту


 Оқушылар «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі бойынша ситуациялық сұрақты талқылайды.

1-топ: Ар- ұят туралы Ж.Молдағалиевтің өлеңін оқып, кітаптан, басқа да дереккөздерінен мәлімет іздеу.

2-топ: Ш.Құдайбердиев «Адамшылық» өлең мазмұнына жоспар құру


Кісіге адамшылық неге керек?

Адамдық -өзге айуаннан артық демек!

Ит талаған төбеттен қалай дейсің.

Аямай әл келгеннен жұлып жемек.

Мейрімсіз қасқырда да күшті өмір бар

Артылған жерің қайсы онан бөлек?

3-топ: «Жаратылыс табиғаты» мәтін мазмұнына талдау жасау.

Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқармақшы болып қолын созғанда шаян шағып алады.Адам сонда да шаянды құтқармақшы болыпты,бірақ шаян

тағы шағып алады.Мұны көрген біреу жақындап келіп,шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп, мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын»-дейді. Бұл қандай қасиетке жатады,оқушылар?

4-топ «Мейірімнің сынықтары» мәтінді талдау

Бір отбасы демалыс күнін жағажайда өткізеді.Балалар теңізде шомылып, жағажайда құмнан қорғандар тұрғызып ойнайды. Кенет алыстан бір кішкентай кемпір көрінеді. Оның ақ шаштары желмен бірге желбірейді. Оның үстіне киген киімдері кір әрі жыртық болады. Ол ішінен күбірлеп сөйлеп, құмнан бір нәрселерді алып, сөмкесіне жинап жүреді.

Ата-аналары балаларын шақырып алып, кемпірден алыс жүрулерін бұйырады. Кемпір бұлардың қасынан өткенде жерден бір нәрсені көтеріп жатып, отбасына күле қарайды. Бірақ онымен ешкім амандаспайды.

Бірнеше апта өткеннен кейін олар кішкентай кемпірдің балалар аяғын кесіп алмасын деп жағажайдағы шыны сынықтарын жинап жүретінін байқады.

Мағынаны тану


1.Сұрақтараға жауап беру

2. Постер қорғау

3.Сурет салу

4.Мақал-мәтел,нақыл сөз жазу

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар

денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Мюнстенберг әдісі бойынша сөз құрастырады.

1-топ:Вншарашожданагаемеабыройжаотатақлдпұятқұнамыс

2-топ:Тижадаллджылоллдмекпарызқрожігерметлопмектепм

3-топ:Жұбаншгдщшміндеторнпавкнаданрощшжігітмптқария

4-топ: нрпажүрексчяқуатчфыәдепмтрбілімоджэхзщ

Дұрыс жауабы: ар, ождан, абырой, от, атақ, ұят, намыс, адал, жыл, ол, парыз, жігер, мектеп, Жұбан, міндет, надан, жігіт, қария, жүрек, қу, ат, әдеп, білім (23 сөз)

Табыс критерийлері арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Табыс критерийлері

Жеттім

Талпындым

Ақын туралы тың деректер білдім.



Өлеңнің,мәтіннің мазмұнын түсініп, талдай аламын.



«Ар-ұят» сөзінің мағынасын түсіндім.




Үй тапсырмасы

Адамгершілік туралы әңгіме жазып келу

Күнделіктеріне жазады

Кері байланыс


Парақшаларды толтырады





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
65 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
13156
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі