Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. "Әр тынысың "Отан" дейтін күн бүгін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатын жариялау себебім: Тоғызыншы мамыр - жеңіс күні. Сол мерекеге орай Қазақстанның әрбір мектебінде тәрбие шаралар өтетіні бәрімізге белгілі.Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық тәрбие сағатым. Әрбір бастауыш сынып мұғаліміне көмек болар деп ойлаймын.Бұл материал жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде қажет деп ойлаймын. Осындай сайт арқылы мұғалімдер бірі-бірінен көмек алып, тәжірибе алмасып отырса мен үшін үлкен бақыт.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұщыбек негізгі орта мектебі











«Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін»





(тәрбие сағаты)









Өткізген: Торшатаева Тлектес









08.05.2014ж.

Тақырыбы: «Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін»

Мақсаты: Жас ұрпаққа ұлы жеңіс туралы мағлұмат бере отырып, оладың бойына Отанын сүюге, өз елін қорғауға, ерлікке,адал.батыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ұлы отан соғысының батырланының суреттері,.

Өтетін орны: мәңгілік ескерткіш алаңы

Жүрісі: Ұйымдастыру бөлім.

  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

  2. Саппен «мәңгілік ескерткіш» алаңына апару.

Кіріспе бөлім.

Жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, ардагерлер, оқушылар! Бүгін сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнінің 69-жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Жеңіс күні! Бұл күн – төрт жыл бойына саябыр таппаан сұрапыл соыстың жеңіспен аяқталып, фашистік Германияның қуатты армиясының тас-талқаны шыққан күн.

Бұл күн- Отан үшін өз кеудесін оққа төсеп, от кешкен жүздеген ұлт өкілдерінің мызғымас бірлігі мен достығының ауыр сыннан абыроймен өткен күні.

Бұл күн-жау қолына өліспей беріспейтін батыр халқымыздың өр мәнезі мен ерлік қасиеттерінің салтанат құрған күні.

Бұл күн- «Бәрі де майдан үшін!» деп, бел шешпей еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің маңдай терлерінің ақталған күні.

Бұл күн- ата-бабаларымыздың жеңісті жолдарын жалғастырған ардагер ағаларымыз бен апаларымызды алақанымыза аялайтын күн.

Негізгі бөлім.

Айнагүл: Ұмытпа сен, елімізге, Бақыт тегін келмеген. Ұмытпа сен, елімізге, Бақыт тегін келмеген.

Рүстем: Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болса даы қай ғасырдың қай жылы. Ұлы Отаным басымды иіп бір минут Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны. (бір минут еске алу үнсіздігі)

Әселхан: Көп қой батыр ағалар, Халық сүйіп бағалар. Көп қой батыр ағалар, Жаттап алғын балалар.

Хормен: Болашақты бізге мирас етем деп, Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

Ән шашу: «Әлия» әні. Орындайтын: Ізмұрат Серікболсын

Қазбек: Сен құрметте оны! Түсіндің бе , қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын!

Гүлфариза: Жерден, көлден, аспаннан, Соқты жауды ел күнде . Берлинде алғаш басталған, Бітті соғыс Берлинде.

Көрініс: «Ту тіккен»

Талант: Қамықпаған қиындықтың түбіне Өздеріңе жинап қырдың гүлінен. Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Ақжан: Жеңіс! Жеңіс! Бабамыздың – Қызыл қаны төгілген. Кеше туған және біздің Бағымыз боп көрінген.

Дулат: Жеңіс! Жеңіс! Мектебіміз Ашқан бізге есігін. Ұмытылмас өткеніміз Батырлардың есімі.

Ән шашу: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындаған: Ізмұрат Серікболсын.



Қорытынды бөлім.

Гүлнұр: Ау, адамдар – даналар! Соғысқа қарсы балалар! Өркендей берсін қалалар!

Бекболат: Өркендесін туған жер, Өркендесін туған ел. Шайқалмасын асқар бел, Шайқалмасын шалқар көл!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12