«Арайлы алтын күз»
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан
«Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық,
күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін
оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке,
ынтымақтастыққа баулу.
Көрнекіліктері: шар, сурет,
т.б.
1 -
жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты
ұстаздар, оқушылар! Арайлы «Алтын күз» атты 5 – 6 сыныптар арасында
күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, ұлағатты
ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас
достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз
құтты болсын!
2 -
жүргізуші: Уа, халайық
халайық,
Мұнда назар
салайық!
Мерекесі
халықтың
Алтын күзге
арналған
Кешімізді
бастайық!
1 - жүргізуші: Бүгінгі
кешіміздің турларымен таныс
болыңыздар.
-
Таныстыру
-
Өнер
-
Күзгі
макет
-
Пародия
-
Сән
үлгісі
Ендеше ортаға әр сыныптан
сайысқа қатысушы үміткерлерімізді
шақырайық.
5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в», 5
«г», 5 «ғ»,
6 «а», 6 «ә»
, 6
«б»,
6 «в» ,
6 «г»
сыныптары
2 -
жүргізуші: Күз мейрам құтты болсын
баршаға,
Күздің сәні келіп қапты
ортамызға,
Әділқазы алқалармен
таныстырып,
Кетейік осы отырған
баршаңызға, - дей отырып, құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен
таныстырып өтейін.
1. Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Мукашева Гулфани
Шакуовна
2. Бейнелеу пәні мұғалімі:
Изтелеуова Бота
3. Алғашқы әскери дайындық пән
аға мұғалімі: Кенжеғалиев Санат
4. Музыка пәні мұғалімі:
Ермекова Әмина
5. География пәні мұғалімі:
Амантурлиева Ақмарал
1 -
жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер
қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, бірінші таныстыру
номинациясы бойынша сыныптарға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп
отырайық.
5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в», 5
«г», 5 «ғ»
6 «а», 6 «ә»
, 6
«б»,
6 «в» ,
6 «г»
сыныптары
2 –
жүргізуші: Асыл тастан, өнер
жастан
Шығады деп
дарынды.
Халық айтса, қалып
айтпас,
Әрқашан да
нанымды.
Сол шындықты
күнделікті
Көріп жүрміз
өмірден.
Өнерімен
танысайық,
Тілекші боп
көңілден.
Бұл бөліміміз
«Өнер
сайысы» деп аталады. Келесі
кезекті өз өнерін көрсетуге
береміз.
5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в», 5
«г», 5 «ғ»
6 «а», 6 «ә»
, 6
«б»,
6 «в» ,
6 «г»
сыныптары
1 -
жүргізуші: Келесі кезекті күзгі макетке
кезек береміз.
5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в», 5
«г», 5 «ғ»
6 «а», 6 «ә»
, 6
«б»,
6 «в» ,
6 «г»
сыныптары
1 -
жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман
соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат
көрген.
Күз келді мезгілінде
арқаланып,
Күн барма байлығын ол тегін
берген!?
Келесі номинация пародияға
кезек береміз.
5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в», 5
«г», 5 «ғ»
6 «а», 6 «ә»
, 6
«б»,
6 «в» ,
6 «г»
сыныптары
2 -
жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз
мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз
сәнімен.
Өз қолынан шығарған киім
үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,
- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз. Қол соғып,
қошеметтеп отырайық.
5 «а», 5 «ә», 5 «б», 5 «в», 5
«г», 5 «ғ»,
6 «а», 6 «ә»
, 6
«б»,
6 «в» ,
6 «г»
сыныптары
1 -
жүргізуші: Білім аққан сел
дейді,
Бірақ оңай
келмейді,
Ала білсең білім
көп,
Ақыл ойға кел
дейді
Білім ой мен
арамыз,
Рухани ол
нәріміз
Сайыскерлер
сіздерге,
Қол соғамыз
бәріміз!
2 -
жүргізуші: Әділ қазылар алқасы сайыстың
қорытындысын шығарып жеңімпазын анықтағанша, ханзадалар мен
ханшаларымызды ортаға шақырамыз.
1 -
жүргізуші: Ендігі
кезекте «Күзгі
бал» кешінің жүлдегерін
анықтайық. Әділқазылар алқасына сөз
береміз.
(Жеңімпаз
марапатталады!)
2 -
жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме
дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге
дейміз,
Әдебі мен тәлімі
үндесетін,
Жастарды болашаққа
жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен
тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме
мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп
ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен
ұғатын.
Қош
демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін,
қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен
күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып
бүгінгі
«Алтын күз» кешін аяқтаймыз.
Қош сау
болыңыздар.