400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Арайлы алтын күз" МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арайлы алтын күз



Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Жоспары:

  1. Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

  2. Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)

  3. Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімдерден үйден дайындап әкелуі керек)

  4. Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)

  5. Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)

  6. Қорытынды

Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшайымдар мен ханзадаларды ортаға шақырамыз.

Топтын:

1.

2.

3.

Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы, өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшайымдарымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

I- бөлім. Таныстыру.

Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды

Қуаныштан шалқыды.

Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де өздерін таныстырды. Құрметті әділқазылар алқасы айту мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.  Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

II - бөлім. Өнер сайысы.

Ханшайымдарымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымзы

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшайымдары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен.

Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Өнер сайысыың бағасын берсеңіздер.

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

III - бөлім. Мерекелік дастархан мәзірі.

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастархан мәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшайымдарымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған ханшайымдарымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен.

Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал, балалар, кім біледі,

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бақ ішінде.

IV - бөлім. Күзгі жапырақтардан аппликация жасау

Ал енді сайысымыздың төртінші бөліміне кезек берейік.

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздер дайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз  күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын. Сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, жапырақтардан жасалған аппликацияларының әділ бағасын көрсетсеңіздер.

V - бөлім. Сән үлгісі.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық. Әділ бағасын көрсетсеңіздер.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек,.

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)




Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

 




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі