400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Тәрбие сағаты. Ардақты өлкем-Атырауым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге рухани жаңғыру бағдарлама барысында көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ардақты өлкем -Атырауым"


Мақсаты: Тәуелсіздік аясындағы Атырау облысы Исатай мен Махамбет, Дина мен Құрманғазы бабалардың туған жері;тарихы бай, шежіреге толы тәуелсіз мемлекетіміздегі мұнайлы, алып экономикалық облыстардың бірі екенін және тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру. Оқушыларды өз Отанын,туған тілін туған жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Атырау облысының картасы, альбом
слайд.Кітаптар,сурет көрмесі

(Қазақстан Республикам менің, Жері байдың- елі бай,Атыраудың нар тұлғалары).

Хор:Әнұран Менің Қазақстаным
Жүргізуші Мәдина : Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы киелі ошағы. Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет.Қазақ халқы ғасырлар бойы азаттықты аңсады.1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған қазақ жастары ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Көп ұлтты, ұлттар достығымен нұрланған еліміздің батыс бөлігінде Каспий маңы ойпатында орналасқан Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) 1938 жылы15 қаңтарда құрылған, 1992жылы Атырау облысы болып өзгертілді.Облыс орталығы- Атырау қаласы (бұрынғы Гурьев) Жайық өзенінің бойына орналасқан оның негізі 1640жылы қаланған.Облыс қойнауы мұнай мен газға,калий мен натрий тұздарына,борат және басқада кен орындарына толы.

2-ші жүргізуші Шұғыла :Облыс аумағындағы ірі өзендер:Жайық,Жем (Ембі),Сағыз,Ойыл. Облыс халқының саны- 567938 мың адамды құрайды. Облыста 7 аудан,2 қала,183 ауылды елді мекендер орналасқан. Тәуелсіздік жылдары ішінде облыс бойынша Жайық өзені арқылы өтетін 6 көпір,2 жаяу жүргінші көпірі, 4 жол тарамының құрылыстары іске қосылды. Бүгінгі Атырау өмірдің қай саласы бойынша да жаңару,жаңғыру үстіндегі еліміз зор үміт күткен экономикалық қуатты орасан мол аймақ. Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдар ішінде өлкеміз адам танымастай өзгеріп, көркейіп «Мұнайлы Астана» аталды. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен баянды бірлікпен, тынымсыз тірлік өңірді өрге бастырып, келбеті келіскен қалаға айналдырды.


1-оқушы:

-----------------------Маржан Ершуова «Атырауым »
2-оқушы:Нәсіпті –Бақытгүл Бабаш «Асқақтай бер Атырауым » Айшагүл Хафиз Әбуұлы -Атырауым

Жүргізуші Мадина- Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер  өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.Қыздар тобы «Би»

Әмина :Көркемсөз

-----------------

Жүргізуші Шұғыла : Атырау –өлке бабалар кескен кіндігін

Аналар ашқан ак отаудың түндігін.

Арғы да бергі тарихын оның паш етіп,

Атағын айдан асыратындай күн бүгін.

Нұршат: -Махамбеттің соңғы әні

Мәдина : Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ –
Домбыра! дей келе Күн шалқып күмбір – күмбір бұйра белден
Соңынан әрбір ұрпақ сыйлап ерген.
Өнердің туын тікен өлкесің сен
Күй берген, күйге қоса Дина берген!
-деп ортаға Құрманғазының Балбырауын күйімен Өнерлі өрендерді шақырамыз Анел Жамбыл Айқан Бақдаулет

.Шұғыла :1. Атырау (Гурьев) облысы қашан құрылған?
Мадина:(Гурьев облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды, 1992 жылы Атырау облысы болып өзгертілді).
Шұғыла :2.Атырау облысында қанша аудан бар?

Мадина:(Атырау облысында 7 аудан бар. Олар:Махамбет,Құрманғазы,Индер,Мақат,Қызылқоға,Жылыой,Исатай аудандары) Аяулым :Көркемсөз

--------------
1 – жүргізуші Мадина : Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда
«Көңіл күйі» 5 в сынып бишілері Марта Мөлдір!

Шұғыла

Тамсандырып дүйім жұртты мәнермен,

Сусындатып өлең деген әлеммен. Деп Гүлсая Нұрсая Ақниетоваларды «Атырауым» әнімен көпшіліктің қошеметімен ортамызға шақырамыз

Мадина : Өлкеммен шаттанам,мақтанам,

Кенеліп байлыққа бақ табам.

Атыңды қазағым жаттаған

Атырау – мұнайлы астанам

–Әке үкімі: Мұхтар Шаханов

Әке рөлінде- Еркебұлан

Бала рөлінде- Нұртай

Мөлдір :Көркемсөз

----------

Шұғыла :Ғажайып өлкем Атырау!
Жомарт ең неткен япыр- ау?!
Құшағың жайсаң қойныңнан
Төгіп маржан жатыр – ау.
Көгінде қыран өрлеген
Көліңді самал тербеген,
Ақ жарқын арман сенбе едің?
Шіркін – ай, туған жер деген?

Альбина М.Дауылбаев «Атырау әнім Атырауым »

Мадина: Атырау! Туған өлкем аялаған
Саяңда салған ойнақ талай балаң
Төсіңде төрт түлік мал каптай жайлап.
Суың бал, шөбің шүйгін, арай далам
Қарт Каспий естігенді тамсандырып
Бұлқынтып бекіреге салсаң құрық,
Атырау қойнауынан мұнай атқан
Кең байлық есеп барма шалқып жатқан.
Тасытқан қара алтынмен ел дәулетін,
Сүбелі үлесіңді етем мақтан.

: Жарлы емес топырағың батыр ұлға
Болды аңызға Исатайдың аты мыңға
Атырау аты шулы толқынымен
Туғызды Махамбеттей ақынын да!

Айзат «Қызғыш құс»Махамбет Өтемісұлы

Жүргізуші Шұғыла : «Үйшік» - деп ен таққанбыз күні кеше
Атырау – астанасы мұнайлы өлке
Түлепті танымастай қала бүгін
Сәулетті үй, көз тартады – сәнді көше.
Алтынай : «Атырау»Нұралы Әжіғалиев

Нұрайна :Көркемсөз

-----------------------------

Ән: «
Қазақ елі» Данагүл

Осымен «Ардақты өлкем -Атырауым"атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті алтын уақыттарыңызды бөліп келген баршаңызға рахмет дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып отырған Тәрбие ісінің орынбасары Айгүл апайға қортынды сөз береміз .






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі