Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты Арман қалам-Астанам
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағатының тақырыбы: Арман қалам – Астанам!
Тәрбие сағатының мақсаты:
білімдік: Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі кездегі
маңызды орындары мен мақтаныштары туралы айту, бұрынғы білетін
мәліметтерін
толықтыру.
дамытушылық: ой-өрісін, ынтасын дамытып,
сөздік қорын байыту
тәрбиелік: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тарихын дәріптеп, елін сүйер патриот етіп тәрбиелеу
Тәрбие сағатының әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, Блум жүйесі
Түрі: саяхат сабақ
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру:
Сынып оқушыларыныңсабаққа қатысын, құрал-жабдықтарын,сабаққа дайындығын тексеру
Сыныпты «Мозайка» әдісімен 3 топқа бөлеміз. Оқушыларға Бәйтерек, Ханшатыр ,Пирамида суреттерінің қиындылары таратылады 1- слайд
Қиындыларды құрастыру арқылы , үш топқа бөлінеді
2.Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Балалар, осы сендер құрастырған суреттер қандай ойға жетелейді?
Бұл ғимаратты қай жерден кездестірдіңдер?
Әрине, бұлар - Астана қаласының көрікті жерлері.
Астана қаласы туралы не білеміз ?
Арман қала – Астанаға барғыларың келе ме?
Олай болса, біз бүгін сабағымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз.
Үш топ 3 вагонға бөлініп орналасады.
1-топ «Бәйтерек» 2-топ «Ханшатыр» 3- топ «Пирамида»
Олай болса, біз саяхатымызды бастаймыз.Әр аялдамаға тоқтаған сайын,өзімізге арналған тапсырмаларды орындап отырамыз
3.Мағынаны тану
Вокзалда
Алдымен Астана сөзінің мағынасына үңілейік
Астана сөзі парсы тілінен аударғанда , табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты Орданың есігі деген мағына береді
Әр елдің астанасы мемлекеттің алтын бесігі болып саналады.
Қазақтың төрт құбыласындай төрт астанасы болды
1.Орынбор
2.Ақмешіт
3.Алматы
4.Астана
1920 жылдың қыркүйегінде Орынбор еліміздің бас қаласы болып бекітілді. Елорда мәртебесі Орынборда 1925 жылға дейін сақталған. Кейін ол Ақмешіт қаласына ауысты.
1925 жылдың 9 ақпанында мемлекет орталығы Ақмешітке көшірілді.
1929 жылы мемлекет орталығы Алматының өзіне көшірілді.
1997 жылы қазақ халқы алғаш рет өз астанасын
өзі таңдады (1920 жылдан бері). Яғни, осы жылдың 20 қазанында
Президент Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын еліміздің жаңа орталығы
болғандығын ресми түрде жариялаған болатын. 8 қарашада Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағы
Алматыдан Ақмолаға салтанатты түрде жеткізілді. Ал, 9 желтоқсанда
Елбасының өзі ресми түрде жаңа ордаға
аттанды.
1998 жылдың 6 мамырында Ақмола атауы Астана
болып өзгерді.Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық
тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді. Астананың аумағы
710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында –
584,8 мың адамды құрады.
Астана халықаралық іскерлік және мәдени
орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік,
әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың,
тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының
стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының
құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР
Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары
орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен
компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени
орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары,
ойын-сауық орталықтары орналасады. Астанадағы терең әрі кең көлемді
өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде
айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие
болды.
Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев,
Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин,
Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак
(Түркия) , Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман
(Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен
достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз
байланыстырады.
2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана
Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚтің ірі қалалары
мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас саласында беделді
ұйым болып табылатын Астаналар мен ірі қалалар халықаралық
Ассемблеясына (ХҚА) мүше
Оқушылар біз саяхатымыздың негізгі себебін білдік. Енді вагондарымызға орналасып, саяхатымызды бастайық
Алғашқы аялдама «Ханшатыр»
Қазақстанның елордасы - Астанада «Хан Шатыр» ойын-сауық кешені ашылды. «Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр.
Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан.
Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер толқынды бассейн, өзенше және сарқыраманы да ойластырған.
Шатыр құрылысы төрт жылға созылды, оның бастапқы жобасының құны 200 млн. долларды құрады.
Джиксо әдісі
Әр топқа ресурстар таратып беріледі
«Самұрық құс туралы аңыз»
Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.Осы алып ағаштың тағы бір идеясы өлім мен өмірді теңестіретін дүниежүзілік мифтің мазмұнына негізделген. Қазақ мифологиясында ол космос ағашы ретінде қаралады. Бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен көрсетіледі. Ел арасында адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым ежелден қалыптасқан. Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірінде, басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер жүзінде жасаған әр адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жапырағы жайқалып өскенде есейіп, кемеліне келіп, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса қартайып, жапырағы үзіліп, жерге түскенде, қазаға ұшырайды делінген. Осылай бәйтеректің жапырағына жан орналастырып, адамның өмір сүру кезеңдерімен үйлестіре бейнелейді.Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.
Тапсырма 1- топ Постер құру
2-топ «Ер Төстік» ертегісімен салыстыру
3-топ Мәтін желісімен сурет салу
Келесі аялдама «Пирамида» (Бейбітшілік және Келісім сарайы)
Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Имарат өзі жасанды онбесметрлік үйінді үстінде орналасқан. Атақты мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өзінің жобасы үшін діни жаққа қатысы жоқ пошымды арнайы таңдап алды. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді.
Бейбітшілік және келісім пирамидасы – бұл толеранттық идеясының апофе-озі іспеттес, Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Әлемде барлығы уақыттан қорықса, тек уақыт қана пирамидадан қорқады. Ежелгі мысырлықтар солай деп айтқан және өздерінің жұмбаққа толы пирамидаларын тұрғызған, перғауындарының аттарын уақыт және кеңістік аралығында мәңгіге аттарын қалдырған. Пирамида, қатты және қырлы, бізге мәңгіліктің мызғымас символы ретінде жетіп отыр. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас архитектуралық культті нысан бүкіл әлемде жоқ.
Әрине, әртүрлі діни дәстүрлерді өз шаңырағы астына жинайтын имараттар баршылық, бірақ қазақстандық ғибадатхана – бұның олардан өзгешелігі құрылымдық диалогқа арналған бір үлкен алаңның болуы. Әртүрлі әлемдік дәстүрлі діндер өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық Опера театры орналастырылғандығы өте орынды. Болат, алюминий, көптеген арнайы шыны құрылымдар, бірегей техникалық идеялар, архитектуралық жаңашылдық – ғимарат шынында да таңғажайыпқа ұқсайды. Панорамалы лифт барлық ниет білдірушілерге жасыл террассалар мен пирамида төбесінен құйылып тұрған жарық ойынына сүйсіне қарауға мүмкіндік береді. Тағы бір қызықты жайт: шыңға жаяу шығуға болады: қазір «Астананың аспалы бақтары» аталатын толқынды баспалдақтары арқылы жүруге тура келеді. Қысқасы, сыртынан қарағанда да көз тоқтатарлық жерлері бар: Фостердің ұлы пирамидасы Есілдің екі жағалауынан да көрінеді. Ал түнде оның шыңы ішінен жанып тұрады.
Тапсырма «Кім жылдам?»
1-топ Адасқан сөздерді бір жүйеге келтіру
аталды «Бәйтерек» ол деп
Астана оң қаласының орналасқан жақ жағалауында
қаласында ғимараттар Астана әсем көп
2- топ Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер жаз
3-топ Астана сөзіне топтастыру жасау
Соңғы аялдама «Бәйтерек»
«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.
Саяхаттан алған әсерімізді жинақтап, бағалайтын да кезеңге кеп жеттік.
«Ой-толғаныс» сәті
Астананың туған күніне қандай тарту жасайсың?
Тапсырма
1-топ Өлең құрастыру
-------------------------- асығып,
--------------------------бар аспан!
--------------------------тұр асырып
--------------------------таласқан!
2-топ Эссе жазу (Ілмек сөздер арқылы )
3-топ Менің қиялымдағы болашақ Астананың көрінісі (Макет жасау немесе сурет салу)
Біз барлық тапсырмаларды орындай отырып, Бәйтеректің басына шықтық
Ең жоғарғы жағындағы «Аялы алақан» композициясына алақанымызды қойып тұрып, келер күнге өз тілегімізді айтайық
Рефлексия
Балалар, сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Онда өз көңіл-күйлеріңізді көрсетіңіз
Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.Осы алып ағаштың тағы бір идеясы өлім мен өмірді теңестіретін дүниежүзілік мифтің мазмұнына негізделген. Қазақ мифологиясында ол космос ағашы ретінде қаралады. Бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен көрсетіледі. Ел арасында адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым ежелден қалыптасқан. Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірінде, басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер жүзінде жасаған әр адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жапырағы жайқалып өскенде есейіп, кемеліне келіп, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса қартайып, жапырағы үзіліп, жерге түскенде, қазаға ұшырайды делінген. Осылай бәйтеректің жапырағына жан орналастырып, адамның өмір сүру кезеңдерімен үйлестіре бейнелейді.Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.
-топ Астана, Алматы туралы мәлімет.
3-топ Астанамыздың символы Бәйтеректің Бәйтерек деп аталуының себебе неде? Дәлелдейміз. Бес жолды өлең құрастырамыз.
4-топ эссе. Астана – арман қала.
«Тілек ағашы» Астанаға тілектерімізді оқып,
ілейік балалар.
Зәулім, биік үйлер, ғимараттар
көбейсің!•
Тұрғындары-
жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар
болсын.•
Ғажайып бағы
болсын!•
Көркейе бер
Астана!•
Бүкіл әлем
Астананың сұлулығына таң
қалсын!•
Есіл өзенінің
суы ортаймасын!•
Өсіп өркендей
берсің!•
Астана-мемлекет
дидары бол!•
Жаса, Жаңа
Астанам!•
Жайнай бер, жас
қала!•
Астана
көңілімізге шаттық сезім
ұялатсын!•
Тәуелсіздігіміз
нығайсың!•
Қазақстан
жасасын!•
Шекарамыз берік
болсын.!•
Қазақ елі
гүлденсін!•
Еліміз тыныш
болсын!•
Өлең мазмұнын
талдайды.
Оқушылар
Топпен жұмыс
жасайды.
«Бәйтерек» сөзі өмір ағашы
дегенді білдіреді, онда дүниежүзілік әмбебап мифологиялық концепция
белгіленеді. «Астана-Бәйтерек» монументі өзінің орналасуымен және
композициялық құрылысымен ежелгі көшпенділердің космогониялық
түсінігін көрсетеді.
Аспанды өзінің алып
қанаттарымен жауып қасиетті құс Самрұқ ұшып
келеді.
Ол биік
жапырақтарды паналап өмір мен үміт әкелетін алтын жұмыртқа - Күнді
салу үшін Өмір ағашы Бәйтерекке ұмтылады. Ал астынғы жағында дәл
түбірінде өзінің сағатын күтіп, күннің орнына түнді, жаздың орнына
қысты шақыратын аш Айдахар күтуде. Осылайша зұлымдықпен адалдықтың
арасындағы таусылмас күрес пайда болады, екі өмірдің ортсында
өзінің суымен Әлем көлі ағады, оның жағасында тамырымен жерді
ұстайтын, өзінің салаларымен аспанға өрлейтін Бәйтерек
көтеріледі...
Ұлы ағаш байырғы антогонизмінде өлім мен өмірді теңестіреді – дүниежүзілік әмбебап мифологиялық концепцияларының бірі. Жер қыртысында дүниеге келіп, ол өзінің мәңгілік жолдан өтеді және ұшы қиырсыз аспанға кетед
«Астана-Бәйтерек» монументі
бұл дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап ғимараты, оны салу идеясы
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтікі.
«Астана-Бәйтерек» монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны «Аялы Алақан» – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясынан көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді. Ал 97 метр биіктікте орналасуы 1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі. Соның ішінде «Бата» композициясы да бар – 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақбатасы.
«Астана-Бәйтерек» монументі – металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат, оның масштабы таң қаларлықтай: 105 метр биіктіктегі метал конструкция, салмағы 1000 тоннадан артық және 500 діңгек қадамен ұсталынады. Алғаш рет дүниежүзінде күннің көзінің түсінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» әйнегінен 22 метр диаметрімен және 300 тонна салмағымен шар 97 метр биіктікке көтерілді. «Астана-Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі идея – бұл Әлем Ағашы.
Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.
Ертегіде Самұрық кұсы осылайша мінезделінеді. Кейіпкер жыланды өлтірген соң Байтеректің түбіне демалып отырады. «Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шығыпты. Қатты дауыл жерді шаңдатты.
– Бұл не? – деп сұрады (Жарты – Төстік)? Сонда екі балапан айтты:
- Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі, — деді.
Күн нөсер жауын құйып – құйып жібереді.
- Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты:
- Анамыздың көз жасы. Жылда-жылда бала тапсам да, бірі ілеспей койды деп жылағаны – деді. Құс ашылып қар жауды, жапалақ – жапалақ.
- Бұл не – деді.
– Анамыздың қуанып, қарқ-қарқ күлгені, — деді.
Құскеліп ағаш басына қонғанда, үйдін жуандығындай ағаш иіліп жерге тиді дейді». Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бәйтерек мазмұны бірде зәүлім ағашы көзге елестетсе, екіншісінде мықты, зор күшті үшіншісінде, ғарыш пен жер арасындағы тылсым байланысты бейнелейді. Сондай-ақ ол тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген, ұғымды да білдіреді.
Аңыз бойынша мифологиялық Бәйтерек немесе Жолтерек (жолдарақ) О дүние мен Бұл дүние арасын жалғаушы жол ретінде саналады. Алып теректің ерекше қасиеті сол оны айнала ән салып, тілеген адамдардың тілегі қабыл болып жақсылыққа өзгереді екен.
Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты. Есіл өзенінің сол жағалауынан көкке қарай бой созған зәулім «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр. Ол Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған 1997 жылды білдіреді.
Ғимараттың өзі үш бөліктен тұрады. Бұлардың да өзіндік сырлары бар. Нысанның жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюынан өзекті ой өрсе, ал екінші-үшінші бөліктері кейінгі өркендеу кезеңдерінен көріністер береді.
Кешеннің ең жоғарғы бөлігіндегі «Аялы алақан» композициясы осы монументті тұрғызу идеясын ұсынған Президент Нұрсұлтан Назарбаев алақанының көшірмесін алға тартты.
Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ұшар басында алтын шар орналасқан, арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 тоннаға жетсе, алтын шардың үстіңгі ауданы 1 553 метрді алады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіреберісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 тонналық металл құрылғымен жалғасып жатыр.
«Астана-Бәйтерек» монументінің жерасты бөлігі 4,5 метрлік тереңдікке кетеді. Онда дәмхана, аквариумдер және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы бар. «Ағаштың діңімен» лифтілер арқылы көтерілген адам көктегі шардан бір-ақ шығады.
САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында өз тәжірбемде сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Әрине, әр сабақтың құндылығы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты. 8-сыныпта « Сезім мүшелері » тарауын қайталағанда « Қазыналы аралға саяхат » атты ойын сабағын өткіздім
Сабаққа оқушылардың « Сезім мүшелері » тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру, сезім мүшелері мен қоршаған орта арасындағы байланысты анықтай білуге үйрете отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға салауатты өмір салтын ұстануға тәрбие беру мақсатын қойдым.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Саяхат ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Қайталау, сұрақ-жауап, интер белсенді әдістер.
Сабақтың көрнекілігі:1. Сезім мүшелерінің түрлері және құрылысы (слайд)
2. Дидактикалық материалдар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімінде: оқушыларға бүгінгі сабақта таңғажайып саяхатқа аттанатыны айтылады. Олар « Білім » мұхитын жүзіп өтіп, қазыналы аралға баруы тиіс. Мұғалім кеме капитаны, оқушылар жас теңізшілер. Сынып үш топқа бөлініп, әр топ топбасшысын сайлайды. Мұғалім саяхаттың маршруттық картасымен таныстырды.
1-аялдама « Сенсорлық жүйе »
2-аялдама « Сезім жағалауы »
3-аялдама « Сынақ түбегі »
4-аялдама « Өзен порты »
5-аялдама « Шариғат шапағаты »
6-аялдама « Қазыналы арал » ( үйге тапсырма )
Негізгі бөлім: мұнда әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындайды
1-аялдама « Сенсорлық жүйе » тапсырмасы.
Ағыстардың қаттылығынан кеме шайқалып, картамыз суға ағып кетті. Енді картаны қайта жасау керек. Ол үшін « Лото » ойынын ойнаймыз. Мына кеспе қағаздардан араласып кеткен мүшелерді жүйесіне қарай жіктейміз: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы, кірпік , мұрын қуысы, тіл, иіс сезу бадамы, дабыл жарғағы, қабақ, мұрын қалқандары, тері, тәтті,дыбыс сүйекшелері, иіс сезу жүйкесі, қарашық, тіл бадамшасы, кеңсірік, ақ қабықша, есту жүйкесі, ащы, торлы қабықша, тұзды, ұлу дене, миға баратын иіс сезу жүйкесі.
Осы тапсырмаларды үш топ жеке-жеке сезім мүшелеріне, құрылысына қарап жіктейді. (яғни сезім мүшелеріне не жататынын сипаттап береді)
2-аялдамада «Сезім жағалауы» тапсырмасы
Үш топқа үш қобдиша беріледі. Қобдишаға түрлі заттар салынған. Оқушылардың көзі орамалмен таңылады да заттарды қолмен ұстап, иіскеп жіктеп атын атайды. Қобдишадағы заттар: бор, алма, иіс су, мақта, темір, спирт, т.б. Оқушылар сипап сезу, иіс сезу мүшелерінің көмегімен заттарды тану қабілетін көрсетеді.
3-аялдама «Сынақ түбегі» тапсырмасы
Үй тапсырмасына байланысты жасалған үш нұсқадағы тест сұрақтарына жауап береді.
4-аялдама «Өзен порты» тапсырмасы
- Портқа келген кезде теңіз қарақшыларына ұсталып қалдық. Қарақшылар бізді тек олардың сұрақтарына дәл, нақты дұрыс жауап бергенде ғана жібермекші. Ендеше жауап беріп көрейік:
1-топ «Көздің құрылысы мен қызметі»
2-топ «Құлақтың құрылысы мен қызметі»
3-топ «Дәм сезу және сипап сезу анализаторы» тақырыптары бойынша мәлімдеме жасайды.
5-аялдама «Шариғат шапағаты»
Мұнда ұлы ғұламалардың, даналардың сезім мүшелері туралы айтқан нақыл сөздері, шариғатта айтылған көз, тіл, құлақ турлы айтылған балаларды жақсылыққа, адалдыққа т.б қасиеттерге тәрбиелейтін әнгімелер айтылып, бейне ролик көрсетіледі. Сонымен қатар сезім мүшелерінің гигенасы, маңызы салауатты өмір салтын ұстау жолы да насихатталады.
6-аялдама «Қазыналы арал»
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланып, үйге тапсырма беріледі.
Көрнекілігі: Тақырыбы: «Астана
–қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».
Түрі:әңгімелеу.
Бағыты: Құқықтық
мәдениет.
Мақсаты:
1. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі
маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін
толықтыру.
2. Оқушылардың алған білімдеріне сүйене
отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін арттыру,
ой-өрістерін дамыту.
3. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын
сүюге, тарихын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, бүктеме,
газет-журналдар, оқушы
шығармалары.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушылардың назарын тәрбие сағатына
аудару.
а)Құралдарын
қадағалау.
б)Оқушы жұмысын
тексеру.
ІІ. Негізгі
бөлім.
1. Мұғалім
түсіндірмесі:Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік
және мәдени орталығы. Елбасы - Президент Н. Назарбаевтың Жарлығына
сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың
басшы орындары - Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының
Үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы
жерде жүзеге асырылды.
Қала Есіл өзенінің оң жағалауында,
Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол еліміздің солтүстігі
мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын аса маңызды әуе,
автомобиль және темір жолдар торабында
жатыр.
Бүгінгі таңда он жасқа
толған елордамыз Астана қаласы жылдан-жылға гүлденіп келеді.
Биік-биік зәулім ғимараттары, кең түзу даңғылдары мен көшелері
көздің жауын алатын сұлу шаһарды көрген де арманда, көрмеген де
арманда!
2. Елеусін Бексұлтан: «Бұрынғы
Астана».
Астана алғашында бекініс ретінде бой
көтерген. 19-ғасырдың басында Ресей Орта жүз қазақтарының жеріне
кіріп, билік жүргізе бастады. Жаңа жерлерді бағындырып ұстаудың
басты амалы - бекініс шептерін құру еді. 1830 жылы орыс әскерлері
Нұра өзенінің бойындағы Ақмола деген жерге келіп тоқтайды. Бірақ
бұл жер елді мекен салуға қолайлы болмай шықты. Өйткені тап осы
жерде Нұра мен Есіл өзендері бір-біріне жақындап келетіндіктен
көктемде екі өзеннің тасыған суы маңайды телегей-теңіз етіп басып
кетеді екен. Сондықтан бекініс орны Есілдің оң жағалауына,
Қараөткел деген жерге ауыстырылды. Бірақ бекініс сол бұрынғы атымен
Ақмола деп аталатын болды.
Бекіністің түрлі жолдар торабындағы орны оның
тез өсіп, қалаға айналуына қолайлы жағдай туғызды. Ақмолада жыл
сайын ұйымдастырылатын көктемгі жәрмеңкеге Қазақстанның
түкпір-түкпірінен, Ресейден, Орта Азиядан, тіпті Қытай мен
Үндістаннан да саудагерлер
жиналатын.
Республикамыздың астанасы көшер қарсаңында
Ақмола облыс орталығы болды. Бір жарым ғасырдан астам мерзімде
ондағы тұрғындардың саны
280 мыңға жетті. Астана мәртебесі берілуге
байланысты жоғары қарқынмен
өсіп, 5 жылда 500 мыңға
жетті.
3. Сағынғали Амангүл: «Астана
айшықтары»
Сүйікті ақындарымыздың бірі Өтепберген
Ақыпбекұлының:
Астанамыз
сүйкімді,
Гүлдей жайнап
құлпырды:
Қызықты боп
барады,
Бір күнінен
-
Бір
күні.
Әлемдегі дара
бір,
Әсем,
Сәнді - қала
бұл.
Есіл бойлай
салынған,
Көз арбайды жаңа үй...- деп жырға қосқанын
оқыған боларсыздар.
Астанамызды салумен айналысып жүрген
құрылысшы - сәулетші аға-аталарымыз балдырған балапандардың да
алаңсыз ойнап, күліп, шаттануларын да
ұмытпапты.
Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан
«Думан» ойын-сауық орталығы балғындардың сүйікті орны. Мұндағы
«Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір
нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан
бірден-бір- «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар.
Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз
бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме
аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға
болады.
Бұл аквариумдағы «Мұхит арадың» ең ірі
тұрғындары - акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар
губандар-Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар
тіршілік етуде.
Сонымен қатар «Думан» ойын-сауық орталығы,
«Самұрық» кинотеатры,
Бәйтерек, Гүл сағатын басқа да аквапарктерді
көрсең көзің тояр емес.
4. Әділхан Нұрбақыт: « Астанаға –
10жыл»
Астананы қақ жарып, ағып
жатқан сұлу, ерке Есіл
өзені.
Есілдің суы мақпалдай
жұмсақ. Өзі жылы. Тұнып, шымырлап, үн-түнсіз
ағады.
Ұмыт та қалған
жазылмай.
Есте жоқ ескі
тағдырдай:
Әлем
–
Әлі көрген
жоқ,
Бәйтеректі дәл
мұндай,
Нұр сыйлап қала
көркіне,
Тағзым
етіп:
Жер,
Күнге,
Тұр ғажайып
ғимарат-
Зор бәйтерек кейпінде...- деп белгілі балалар
ақыны Ө. Ақыпбекұлы жыр арнаған – биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек»
кешені Астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың
ең алғаш келетін жері осы. Бәйтеректің ұшар басынан қаланың біраз
жері көрінеді. Астана - келісім, бейбітшілік қаласы деп тегін
айтылмаған. Бәйтеректе дүниежүзіндегі он жеті дін басының қолы
мраморға түсірілген. Қасында бөлек алақанның ойылған ізі бар, оны
Елбасымыздың қолы деседі. Биіктен қала көркін тамашалаған бала
түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі
келеді.
Сонымен қатар Астанамыздың 10 жылдығына
біздің ауылдан немере, жиендерін алып Данабай атамыз барған
болатын. Сол кісінің Астанадан алған әсерлері туралы мақаласын
сіздерге оқып бергелі
отырмын.
(«Қызылқоға» газеті, 7тамыз
2008жыл).
5. Шығармашылық
жұмыс.
- Әр оқушы өз деңгейіне
қарай шығармашылық жұмысты
орындау:
а) сурет
салу
ә) өлең
шығару
ІІІ.
Қорытындылау.
- Оқушылардың «Астана» туралы ұйымдастырылған
көрмелерін тамашалау.
Астана жылдан-жылға көркейіп, асқақтай
берсін!интербелсенді тақта, астана
туралы слайдтар топтамасы,
Тәрбие сағатының жүрісі:

Күні : 22.01.15
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Тақырып: Жұрнақ мен жалғау
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөз құрамы, түбір пен
жалғау
туралы білімдерін кеңейту;
а) білімділік: а) Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете
түсу. Қосымшалардың әртүрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар
арқылы меңгерту сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.
Ә) дамытушылық: ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты жазу,
байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру;
Б) тәрбиелік:ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Пәнге
деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқушының жұмыс дәптері, интерактивті
флипчарт, оқулық, карточкалар (билеті)
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Оқушыларға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз
бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен
орындау , жұппен жұмыс, ақпараттық.
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау сабағы.
І Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу тренингі (3мин)
Күннің жадын жазу
Үй тасырмасын тексеру
II Жаңа сабақты қалыптастыру «Астанаға саяхат»(Миға шабуыл)
- Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше, ол саяхат сабағы .
Елордамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
-Дұрыс ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын көрсетемін
.
Саяхат картасы.
1.Вокзал.Павлодар
2.Бәйтерек.
3.Пирамида.
4.Ақ Орда.
5.Думан.
6.Вокзал .Павлодар
ІІІ Тірек білімдерді жетілдіру
1- Аялдама «Вокзал» . Павлодар слайд №2
Балалар қартамыз бар . Саяхатқа дайынбыз ба ? Тағы не жетпей жатыр
? Әріне билет сатып алу керек . Билеттерді таратамын тек қана
билеттің артында жазылған сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар
саяхатқа аттанады .
1.Түбір туралы ереже
2.Жұрнақ ережесін айт
3.Жалғау ережесін айт
4.Туынды сөз қалай жасалады ?
5.Балалар сөзінің түбірін тап
6.Домбырашылар сөзінің жалғауын тап
7. Сөз неден құралады ?
8. Балықшы сөзінің жұрнағын тап . Ауызша жауап береді .
-Астанаға баратын болдық. Ал мен сендердің бортсерігің боламын.
Қандай ережелерді ұшақта сақтау керек ? Бізбен бірге біздің
қонақтарымыз да Астанаға ұшып бара жатыр .Сондықтан өзімізді тек
қана жақсы жақтардан көрсетейік!
ІҮ. ЖАҢА САБАҚ
- Астана қаласына тез жету үшін біз Павлодардан ұшаққа мініп,
алдымызға мақсат қойып алайық..
Мақсат қою. Бүгінгі сабақтың мақсаты- сөз құрамы, түбір мен қосымша
туралы білімдерімізді кеңейту; Сабағымыз саяхат болғандықтан біз
сендермен көптеген аялдамаларға тоқтаймыз , түрлі тапсырмалар
орындаймыз.
-Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Алып ұшақпен
Отанымыздың астанасы Астана қаласына сапар шегіп барамыз деп
елестетіңдер. слайд №3 дыбыс
Міне, Астанамызға да жақындап қалдық! Зәулім биік үйлер, әсем
ғимаратар, бақытты балалар!Неткен керемет! Балалар сендер көз
алдарыңа алдымен нені елестеттіңдер?
- Бәйтерек монументін. слайд №4
2- аялдама . «Бәйтерек» Астана
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді.
Нажмиден Мақсат )
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. 1997 жылдан бастапАқмола
Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден т
ұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» Есіл
өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші
бөлігі – жерасты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған,
үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелекшардың ішінде
елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана
символы
Бәйтеректің тапсырмасы : слайд № 5
Жұрнақ қосу арқылы туынды сөздерді жаса . 1 оқушы тақтаның
қасында,қалғандары дәптерге жазады.
Мұғ . Жарайсыңдар балалар ! Бәйтерек керемет еді , бірақ бізге ары
қарай жүру керек.
Келесі аялдама- 3 Бейбітшілік Сарайы слайд № 6
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді.
Ибрагимов Нурмахан )
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық
сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62
метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы,
жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан
ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
- Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше
балалар тапсырмаға көшейік.
Тапсырманы тақтада орындаймыз. 120 бет 1 жаттығу слайд №7
4 – Аялдама. « Ақ орда» слайд № 8
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді.
Жаныбек Тамерис )
Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ
жағалауында орналасқан
«Ақ Орданың » тапсырмасы «Сөз жаса» ойыны слайд №9
Есте сақта : слайд №10
-Сендер шаршаған шығарсыңдар, ендеше сергіту сәтін өткізейік.
5 – аялдама «Думан» слайд № 11
(Балалар алдын ала дайындап әкелген мәліметтерді баяндап береді.
Нұрғазы Аружан )
Думан» ойын - сауық орталығы.. 3-д кинотеатры, «Джунгли»
аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені,
сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар.
«Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс
орны.
Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.
«Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде
океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын
дүкендер бар. Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және
алғашқы океанариум
Онда 2000ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
-Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық
орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.
Жұппен жұмыс : Астана туралы 5-жолды өлең шығару . слайд №12
Тапсырманы орындау барысында оқушыларды мадақтап, қолпаштап
отырамын.
Мұғ . Жарайсыңдар , балалар ! Тосын сый . Видио
көрсетемін
слайд № 13
6 – Аялдама « Павлодар » слайд №14 звук
-Туған жерге оралдық қой . Жарайсыңдар балалар !
Туған жерге ештеңе жетпейді ғой !
Туған жаер туралы қандай мақал- мәтел білеміз?
БЕКІТУ: -Балалар бiз белгiлi Астана қаласына саяхат жасап, бiлiм
көрсетіп, енді өзіміздің сүйiктi сыныбымызға оралдық. Сонымен
балалар, бүгiнгi сабақта не iстедiк?
- Астана қаласына саяхат жасадық, түбір мен қосымша жайлы
білімімізді ортаға салдық
- Бағалау Слайд № 15 Білім ағашы
- үй тапсырмасы
Сабақтың тақырыбы |
Астана – Қазақстанның бас қаласы 5-СЫНЫП |
||
Мақсаты |
Оқушыларға Қазақстанның бас қаласы – Астана тарихы туралы білімдерін арттыру, ақпаратты өз бетінше меңгеруге ықпал ету, сыни тұрғыда ойлануға төселдіру, өз бетімен іздену дағдысын дамыту. |
||
Оқыту нәтижесі |
Оқушылар Астана тарихы туралы білімдері қалыптасады, өз бетімен білім алады, ізденеді, сыни ойлануға төселеді, АКТ-мен, топпен жұмыс жасайды. |
||
Түйінді идеясы |
«Қалалар - біздің планетамыздың әлемі, қалалар өткеніміз де, бүгініміз де, болашағымыз да». Ш. Айтматов |
||
Әдіс-тәсілдер |
СТО технологиясы, диалог арқылы оқыту, АКТ, топтық таныстырылым, ВЕНН диаграммасы, «Сұрақты ұстап ал» әдісі |
||
Уақыты |
Ресурсы |
Сабақтың мазмұны: |
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
1 мин |
Машина, поезд суреттері |
Амандасу. Саяхат сабақ ұйымдастыру мақсатында көлік түрлерінің қимылдарын жасау арқылы амандасу, топтасу.
І топ: Машина ІІ топ: Поезд |
Оқушылар көңіл-күйлерін көтеріп, саяхаттайды. |
5 мин |
Слайд, сұрақтар жазылған поезд билеттері |
Үй тапсырмасын қайталау үшін билет бойынша сұрақ қою арқылы №1, №2 вагондарға билет пен орын алады. №1 вагон тобы: 1-орын: Нумизматика ғылымы нені зерттейді, негізін салушы кім? 2-орын: Латын тілінен аударғанда «пегуния» қандай мағына береді? Ол қай кезде қолданыста болды? 3-орын: Өзің білетін әр елдің валютасын ата. 4-орын: Алтыннан жасалған ақшалар қашан пайда болды? №2 вагон тобы: 1-орын: Ақша дегеніміз не, ол не үшін қажет? 2-орын: ҚР-ның ұлттық валютасының шығу тарихын әңгімелеп бер. 3-орын: Ұлттық теңгені неліктен шет ел фирмасы жасап шығарды? 4-орын: Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енгізілді? 5-орын: Қазіргі таңда қай елдерде теңге айналымы қолданыста? Әлемдік деңгейге жету үшін не істеу керек деп ойлайсың? |
Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмасын қайталайды. Сыни ойлайды. Вагон бойынша топқа бөлінеді. №1 вагон №2 вагон |
1 мин |
«Астана» қаласының маршрут картасы |
«Астана» қаласының маршрут қартасы таратылады. Маршрут қартадағы тапсырмалар сайын бағалау парағы бойынша топ болып бірін-бірі бағалап отырады. |
«Астана»қаласының маршрут қартасынмен танысады. Бір-бірін бағалап отырады. |
13 мин |
Оқулық, ватман қағаздар, маркерлер, видео-фильм |
Алғашқы аялдама «Бәйтерек». Тапсырмасы: Топтық таныстырылым жасау І топ: Бозоқ (Бұзоқ) – ортағасырлық қала. ІІ топ: Астана – ел мақтанышы. Тақырыпты меңгеру арқылы видео-фильм арқылы «Бәйтерекке» шығады. |
Диалог арқылы жұпта, топта талқылау. Топ болып тақырыпты түсіндіру. |
5 мин |
Түрлі-түсті стикерлер, видео-фильм |
2- аялдама: «Президент резиденциясы» «Сұрақты ұстап ал» әдісімен диалогқа түседі, сұрақтарға жауап береді. Тақырып талданған соң видео-фильмнен «Президент резиденциясы» көрсетіледі. |
Сұрақ-жауап арқылы диалогқа түседі. |
2 мин |
Флеш-тренинг видео-фильм |
3-аялдама: «Думан» ойын-сауық орталығы. Сергіту сәті: «Астана төрінде» биі Сергіту сәтінен соң видео-фильм арқылы «Думан» ойын-сауық орталығын тамашалайды. |
Би қимылдарын қайталайды. |
1 мин |
«Астана», «Алматы» атауы |
Топтастыру: 1 топ: Астана қаласы 2 топ: Алматы қаласы |
Топтасады. «Астана» және «Алматы» қалалары бойынша. |
5 мин |
АКТ, Internet желісі, видео-фильм |
4-аялдама: «Пирамида» бейбітшілік және келісім сарайы. Тапсырмасы: Венн диаграмасы. АКТ пайлана отырып, Алматы мен Астана қаласының ұқсастығы мен айырмашылығын интерактивтік тақтаға жазады, топ болып қорғайды. Internet желісімен жұмыстанады. Видео-фильмнен «Ханшатыры» көрсетіледі. |
АКТ құралдарын пайдаланады. Астана мен Алматы қаласының ұқсастығы мен айырмашылығын табады. |
5 мин |
Видео-фильм |
5-аялдама: «Жаңа алаң» Шығармашылық жұмыс: «EXPO-2017» көрмесіне не ұсынар едіңіздер? Видео-фильмнен «Пирамида» көрсетіледі. |
Сыни ойлану арқылы таланттар мен дарындылар анықталады. |
5 мин |
Түрлі-түсті қағаздар, видео-фильм |
6-аялдама: Есіл жағасы. Тапсырмасы: «Астанаға арнау» (Өз қалаулары бойынша) «Синкуейн» әдісімен 5 жолдық өлең шығару; Жүрекжарды тілегін білдіру; Өз бетімен өлең шығару; Монолог оқу, ән айту т.б. Видео-фильмнен «Жаңа алаң» мен Астананы болашағы көрсетіледі. |
Оқушылар өз деңгейіне қарай «Астанаға арнауын» білдіреді. |
2 мин |
Бағалау парағы, Кері байланыс ағаштары |
Маршрут картасында бағалау парағы бойынша бағалау. Астанаға саяхаттан алған әсерімен кері байланыс арқылы бөліседі. Кері байланыс: «Алма» ағашы – сабақты меңгеріп, жеміс алғаны; «Бәйтерек» ағашы –сабақтан алған әсері; «Тікенек» ағашы – жағымсыз эмоция.
|
Бір-бірін, өз-өзін бағалай-ды. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төрт-бұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс қалдырады. |
№1 вагон билеттері:
1-орын: Нумизматика ғылымы нені зерттейді, негізін салушы кім?
2-орын: Латын тілінен аударғанда «пегуния» қандай мағына береді? Ол қай кезде қолданыста болды?
3-орын: Өзің білетін әр елдің валютасын ата.
4-орын: Алтыннан жасалған ақшалар қашан пайда болды?
№2 вагон билеттері:
1-орын: Ақша дегеніміз не, ол не үшін қажет?
2-орын: ҚР-ның ұлттық валютасының шығу тарихын әңгімелеп бер.
3-орын: Ұлттық теңгені неліктен шет ел фирмасы жасап шығарды?
4-орын: Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енгізілді?
5-орын: Қазіргі таңда қай елдерде теңге айналымы қолданыста? Әлемдік деңгейге жету үшін не істеу керек деп ойлайсың?
№ |
Аялдамалар |
Өзін-өзі бағалау |
Мұғалім бағасы |
Қорытынды баға |
1 |
“Бәйтерек” |
|
|
|
2 |
“Президент резиденциясы” |
|
|
|
3 |
“Думан” ойын-сауық орталығы |
|
|
|
4 |
“Пирамида” бейбітшілік және келісім сарайы |
|
|
|
5 |
Жаңа алаң |
|
|
|
6 |
Есіл жағасында |
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
Тақырыбы: «Астана
–қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».
Түрі:әңгімелеу.
Бағыты: Құқықтық
мәдениет.
Мақсаты:
1. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі
маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін
толықтыру.
2. Оқушылардың алған білімдеріне сүйене
отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін арттыру,
ой-өрістерін дамыту.
3. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын
сүюге, тарихын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, бүктеме,
газет-журналдар, оқушы
шығармалары.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушылардың назарын тәрбие сағатына
аудару.
а)Құралдарын
қадағалау.
б)Оқушы жұмысын
тексеру.
ІІ. Негізгі
бөлім.
1. Мұғалім
түсіндірмесі:Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік
және мәдени орталығы. Елбасы - Президент Н. Назарбаевтың Жарлығына
сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың
басшы орындары - Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының
Үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы
жерде жүзеге асырылды.
Қала Есіл өзенінің оң жағалауында,
Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол еліміздің солтүстігі
мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын аса маңызды әуе,
автомобиль және темір жолдар торабында
жатыр.
Бүгінгі таңда он жасқа
толған елордамыз Астана қаласы жылдан-жылға гүлденіп келеді.
Биік-биік зәулім ғимараттары, кең түзу даңғылдары мен көшелері
көздің жауын алатын сұлу шаһарды көрген де арманда, көрмеген де
арманда!
2. Елеусін Бексұлтан: «Бұрынғы
Астана».
Астана алғашында бекініс ретінде бой
көтерген. 19-ғасырдың басында Ресей Орта жүз қазақтарының жеріне
кіріп, билік жүргізе бастады. Жаңа жерлерді бағындырып ұстаудың
басты амалы - бекініс шептерін құру еді. 1830 жылы орыс әскерлері
Нұра өзенінің бойындағы Ақмола деген жерге келіп тоқтайды. Бірақ
бұл жер елді мекен салуға қолайлы болмай шықты. Өйткені тап осы
жерде Нұра мен Есіл өзендері бір-біріне жақындап келетіндіктен
көктемде екі өзеннің тасыған суы маңайды телегей-теңіз етіп басып
кетеді екен. Сондықтан бекініс орны Есілдің оң жағалауына,
Қараөткел деген жерге ауыстырылды. Бірақ бекініс сол бұрынғы атымен
Ақмола деп аталатын болды.
Бекіністің түрлі жолдар торабындағы орны оның
тез өсіп, қалаға айналуына қолайлы жағдай туғызды. Ақмолада жыл
сайын ұйымдастырылатын көктемгі жәрмеңкеге Қазақстанның
түкпір-түкпірінен, Ресейден, Орта Азиядан, тіпті Қытай мен
Үндістаннан да саудагерлер
жиналатын.
Республикамыздың астанасы көшер қарсаңында
Ақмола облыс орталығы болды. Бір жарым ғасырдан астам мерзімде
ондағы тұрғындардың саны
280 мыңға жетті. Астана мәртебесі берілуге
байланысты жоғары қарқынмен
өсіп, 5 жылда 500 мыңға
жетті.
3. Сағынғали Амангүл: «Астана
айшықтары»
Сүйікті ақындарымыздың бірі Өтепберген
Ақыпбекұлының:
Астанамыз
сүйкімді,
Гүлдей жайнап
құлпырды:
Қызықты боп
барады,
Бір күнінен
-
Бір
күні.
Әлемдегі дара
бір,
Әсем,
Сәнді - қала
бұл.
Есіл бойлай
салынған,
Көз арбайды жаңа үй...- деп жырға қосқанын
оқыған боларсыздар.
Астанамызды салумен айналысып жүрген
құрылысшы - сәулетші аға-аталарымыз балдырған балапандардың да
алаңсыз ойнап, күліп, шаттануларын да
ұмытпапты.
Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан
«Думан» ойын-сауық орталығы балғындардың сүйікті орны. Мұндағы
«Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір
нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан
бірден-бір- «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар.
Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз
бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме
аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға
болады.
Бұл аквариумдағы «Мұхит арадың» ең ірі
тұрғындары - акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар
губандар-Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар
тіршілік етуде.
Сонымен қатар «Думан» ойын-сауық орталығы,
«Самұрық» кинотеатры,
Бәйтерек, Гүл сағатын басқа да аквапарктерді
көрсең көзің тояр емес.
4. Әділхан Нұрбақыт: « Астанаға –
10жыл»
Астананы қақ жарып, ағып
жатқан сұлу, ерке Есіл
өзені.
Есілдің суы мақпалдай
жұмсақ. Өзі жылы. Тұнып, шымырлап, үн-түнсіз
ағады.
Ұмыт та қалған
жазылмай.
Есте жоқ ескі
тағдырдай:
Әлем
–
Әлі көрген
жоқ,
Бәйтеректі дәл
мұндай,
Нұр сыйлап қала
көркіне,
Тағзым
етіп:
Жер,
Күнге,
Тұр ғажайып
ғимарат-
Зор бәйтерек кейпінде...- деп белгілі балалар
ақыны Ө. Ақыпбекұлы жыр арнаған – биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек»
кешені Астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың
ең алғаш келетін жері осы. Бәйтеректің ұшар басынан қаланың біраз
жері көрінеді. Астана - келісім, бейбітшілік қаласы деп тегін
айтылмаған. Бәйтеректе дүниежүзіндегі он жеті дін басының қолы
мраморға түсірілген. Қасында бөлек алақанның ойылған ізі бар, оны
Елбасымыздың қолы деседі. Биіктен қала көркін тамашалаған бала
түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі
келеді.
Сонымен қатар Астанамыздың 10 жылдығына
біздің ауылдан немере, жиендерін алып Данабай атамыз барған
болатын. Сол кісінің Астанадан алған әсерлері туралы мақаласын
сіздерге оқып бергелі
отырмын.
(«Қызылқоға» газеті, 7тамыз
2008жыл).
5. Шығармашылық
жұмыс.
- Әр оқушы өз деңгейіне
қарай шығармашылық жұмысты
орындау:
а) сурет
салу
ә) өлең
шығару
ІІІ.
Қорытындылау.
- Оқушылардың «Астана» туралы ұйымдастырылған
көрмелерін тамашалау.
Астана жылдан-жылға көркейіп, асқақтай
берсін!