Авторы: Пайызова Арайлым
Думанбеккызы
Жамбыл облысы Меркі ауданы №4
Тілеміс батыр ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы:"Армысың, әз Наурыз!
"
Мақсаты: Наурыз
мейрамы туралы түсініктерін тереңдету.
Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз тойы
туралы балалардың білімдерін кеңейту. Қазақтың ұлттық
салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрпымен
таныстыру.Балалардың ойлау, қабылдау,
шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
-Жер әлемді жайнатып, әнші
құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді,
ағайын! Той кұтты болсын! Ақ мол
болсын!
Бүгінгі Наурыз
мейрамына арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Ұлыс күні
кәрі-жас,
Құшақтасып
көріскен,
Жаңа ағытқан
қозыдай,
Жамырасып
өріскен.
Ұлыс күні қар
еріп,
Сай-салалар
гүрілдеп,
Көк шөбі шығып
желкілдеп
Дүние біткен
күлімдеп.
Балалар: Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Наурыз құтты
болсын!
-Уа, халайық,
халайық,
Ақ сандықты
ашайық.
Бұл мереке, бұл
тойдың
Шашуларын
шашайық!
Әңгімелесу.
- Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
— Көктем айларын атап шығайық. (наурыз,
сәуір, мамыр)
- Көктемде қандай өзгерістерді
байқауға болады?
— Көктемде қандай
мейрамдар тойланады?
— Иә, балалар,
көктемде табиғат ерекше күйге енеді. Көктем - жыл
мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн
қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға
бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. Күн біртіндеп
ұзарады, күн жылиды. Қар еріп, жыраларға су толады. Жылы
жақта қыстайтын құстар ұшып келеді. Көктемнің алғашқы
күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі.
Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек,
жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ұлы мейрамымыз — Наурыз
тойланады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады.
21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»
— жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды
білдіреді. Адамдар Наурызға ерекше
дайындалады.
Олар үй, арық, аула, көшені
тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән
шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Наурыз — бақыттың бастамасы,
ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге
нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін
күн.
-Тақпақ айтып, жыл
басы,
Құлағынды сал,
тыңдашы.
Бар бөбекке
өзіңдей
Бейбіт өмір
сыйлашы.
1-оқушы:
Бата беріп
атамыз,
Бата беріп
апамыз,
Тәтті болып
жасалған,
Наурыз дәмін
татамыз.
2-оқушы:
Күн мен түн
теңеледі,
Жер шуаққа
бөленеді,
Соны тойлар ел
енді.
Наурыз тойы -
салтымыз,
«Көгерсін» — деп
халқымыз,
Көшеге тал
егеміз.
3-оқушы:
Дастарханда
дәніміз,
Жайдарымыз
бәріміз.
Жарасу бар, жаулық
жоқ,
Қандай жақсы
Наурыз!
4-оқушы:
Қарды ерітіп
жылғасы,
Наурыз келді – жыл
басы.
Шуақ төкті жарық
күні,
Мейрамында
халықтың.
5-оқушы:
Келіп көктем
құстар
Бау-бақшада ән
салды
Оларды жас
достары,
Ұя салып қарсы
алды.
6-оқушы:
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп
жеткенде,
Біз қуанып
қаламыз
Әнмен қарсы
аламыз!
7-оқушы:
Төрт түлік мал
халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген
күйі еді.
«Аман ба» деп мал
жаның?
Бірін-бірі құшақтасып
сүйеді.
-Жарқыраған жас
нұрлы,
Жаса Наурыз
дәстүрлі!
Осындай байтақ
елімде,
Айтылады
әніміз.
Данияның орындауында
«Наурыз көктем» әні
— Ал енді балалар!
Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін
табыңдар.
Дәмді-дәмді тағамдарды
жинайды,
Қонақтарды көңілдене
сыйлайды.
(дастархан)
-
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл
дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық
тағамдары қойылады?
—
Құрметті ата-аналар, «тәрбие –
отбасынан басталады» демекші тұрмыстық салт-дәстүрлерге
байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз.
1. «Ерулік» беру
дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік-басқа жерден
көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік
береді, қонаққа шақырады?
2. «Құдайы қонақ» дегеніміз
не?
Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай
ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы
тиетін қонақ.
3.Мәйек дегеніміз
не?
Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны
ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4. Қымызмұрындық дегеніміз
не?
Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы,
мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы
күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға
шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз
не?
Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы
сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал
сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ
етеді.
6. Ең көп сақталған ұлттық
тағам?
Ең көп сақталатын ұлттық
тағам-құрт.
7. Бастаңғы дегеніміз
не?
Бастаңғы дегеніміз- үлкендер жоқ кезде
үйде қалған жастар жиналып достарыңа тамақ
береді.
8.
Беташар дегеніміз не?
Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің
бетін ашу.
Рахмет сіздергі.Ата-аналарды қошеметтеп
қояйық.
Қазақтың ұлттық ойындарына
көкпар,қыз қуу, арқан тартыс,теңге ілу,асық,орамал тастамақ т.б
жатады.Қазақтың ұлттық ойындарын өте жоғары бағалаған.Соның бірі
асық ату ойынын ойнап
көрейік.
-Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын
тазартып, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын
Наурызда атап өтуге тырысқан.Ұлттық салт-дәстүрге бесікке салу,
тұсау кесу, атқа мінгізу,беташар т.б. жатады.
Жолың болсын
деселік,
Жолыңа нұр
төселік.
Жарылқасын
алдыңнан,
Тұсауынды кеселік –деген
ырыммен тұсау кескен.
Қазақ халқының ежелгі
салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер
көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген
ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен
бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.Олай болса, Қызыр
атамыздан бата сұрайық.
Қызыр ата бата
береді:
Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Қайда барсаң жол
болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты
болсын!
Ұлыс береке
берсін!
Бәле-жала жерге
енсін!
Ұлы халқым тоқ
болсын,
Көйлектерін көк
болсын!
Қайғы-уайым жоқ
болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!