Қармақшы аудандық білім
беру бөлімінің «№ 273 орта
мектебі»
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы: «Армысың әз
наурыз!»
Даярлық
«Ә»сыныбы
Тәрбиеші:Қалданова
Әмина
Байқоңыр
қаласы
2019
ж.
«
Бекітемін»
Мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:____________
Р.Жұбатқанова
22 Наурыз мерекесіне
арналған «Армысың, әз- Наурыз»
атты
0«Ә»сыныбының тәрбие
сағаты
Өтілетін орны:109 каб.
Күні:19.03.2019ж
Уақыты:1230
Сабақтың
тақырыбы: «Армысың, әз
-Наурыз»
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін
мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.
Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие
туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік
қорларын дамы
ту.
Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін,
дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық
киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, наурыз мерекесіне
арналған қабырға газеті, көрме, мерекеге байланысты бейнеслайдтар
т.б.
Барысы:
а)
Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап,
мақсатымен
таныстыру.
Мұғалім:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстар
сайратып,
Наурыз тойын
тойлатып,
Ұлыстың ұлы күні келді
ағайын.
Той
құтты болсын! Ақ мол болсын!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді
жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа
жыл келді.
НАУРЫЗ
- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл
мейрамы.
Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа
күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары:
қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап
өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген
мерзімі
22 наурыз күніне сәйкес
келеді. Наурыз кезінде
наурыз-көже
дайындалады.
Ал, балалар,
тұрмайық
Әндетейік
шырқайық
Ортамызды
ашайық
Думандатып би
билеп
Ән мен күйді
төгітіп
Інжу – маржан
шашайық
Хор:
«Наурыз» әні
Тақпақтар:
Айша:
Наурыз
тойым,
Наурыз
тойым.
Құтты болсың
халайық!
Қане, достар, қане,
достар,
Шырқап әнге
салайық.
Раяна:
Жылдың басы -
Наурыз
Жырдың басы -
Наурыз
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі ән-
жырымыз
Нурислам:
Оу, халайық
халайық,
Әсем әнге
салайық
Наурыз тойын
көңілді,
Бірге қарсы
алайық
Айшаның
орындауында: «Наурыз-көктем»
Нурсила:
Көктем қандай
көңілді
Көктен жаңбыр
төгілді
Мөлдір аспан
ашылып
Күннің көзі
көрінді
Сабира:
Ата-бабам
тойлаған,
Наурызым,
армысың!
Қызығыңа
тоймаған,
Дархан дала қарлы
шың
Алихан:
Жыл басы – Наурыз,
мереке!
Ақ нұрға әлем
боянды.
Наурыз тойы
береке,
Тіршілік жаңа
оянды.
Рауан:
Оу, халайық
халайық,
Енді маған
қараңдар..
Наурызды
тойлайық,
Қызық ойын
ойнайық
Мұғалім: Балалар қандай біздің
ұлттық ойындарымыз қандай білесіңдер
ме?
Жарайсыңдар!
Олай болса осы ұлттық
ойындардың бірнешеуін ойнап
көрелік.
Ұлттық ойындардан
көрініс: « Теңге
алу»
Ұлттық ойындардан
көрініс: «Асық
ату»
Ұлттық ойындардан
көрініс: «Арқан
тарту»
НАУРЫЗ
БЕЛГІЛЕРІ
-Наурыз айында
мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді,
сатпайды.«Наурыз
төл» деп атайды.
-Наурыз күні
қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп
қуанған. «Наурызша» - деп
атаған.
-Бұл күні 7
түрлі дәмнен «Наурыз
көже» пісіріледі.
Мұғалім:
Балалар мен
сендерге біршама Наурыз мерекесіне
байланысты
сұрақтар
қойғым келіп тұр сұрақтардың жауабын тауып көреміз
бе?
Сұрақтар:
№1. Төрт түлікті
ата. (түйе,жылқы, сиыр,
қой-ешкі)
№2.Аптаның бесінші
күні (жұма)
№3.Апта
күндерін ата. (Дуйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі)
№4. Жұмбақ.
Онсыз астың
дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні
жоқ. (тұз)
№5. Сүт
тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ,
құрт)
№6. Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек»,
«Ақсүйек»,
«Ханталапай», «
Тоғызқұмалақ», « Теңге алу», «Қыз қуу»,
«Асық»,
«Көкпар», «Бес
тас» тағы басқа.
Мұғалім:
Ортамызды
ашайық.
Ән мен күйді
шалқытып,
Інжу-маржан
шашайық!
Жиналған халық
таң қалсын,
Өнерден күмбез
жасайық.
Асылайдығ
орындауында: «Апамды жақсы
көремін»
Мұғалім:
Балалар біздің қандай салт дәстүрлеріміз бар
білесіңдер ме?
Жарайсыңдар! Олай болса балалар біздің
арамызда әжейлер отыр екен осы әжелер бізге «Тұсау кесу» рәсімін
көрсетеді екен
көрейік
Қазақ халқының салт-дәстүрінен
көрініс. «Тұсау
кесу»
Еркін: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың
жайып)
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын,
Қайда барсақ, жол
болсын!
Төрт түлік ақты
болсын!
Ұлыс береке
берсін,
Бәле жала жерге
енсін!
Ұлы халқым тоқ
болсын,
Көйлектерің көк
болсын,
Қайғы уайым жоқ
болсын,
Қуаныштарың көп
болсын!
Әумин! (бетін сипап бата
береді.)
Қорытынды:
Мұғалім:
Ән қосылсын
әңіне,
Сән қосылсын
сәңіне!
Ырысты боп жаңа
жыл,
Бақ дарысын
бәріңе!
Ой қосылып
ойыңа,
Бой қосылсын
бойыңа!
Аман –есен
жетейік.
Келер Наурыз
тойына!
Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей
берсін!
Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан
тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!Осымен МАД
сынып оқушыларының дайындаған «Армысың әз Наурыз!» атты ашық тәрбие
сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!
Мұғалім: