Материалдар / Тәрбие сағаты "Армысың, әз наурыз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Армысың, әз наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім мен оқушыға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
4484
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:"Армысыз,әз Наурыз "

Мақсаты:  Наурыз мейрамы туралы  түсініктерін тереңдету.

Б.М: Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз тойы туралы балалардың білімдерін кеңейту. Қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрпымен таныстыру

Д.М: Балалардың ойлау, қабылдау,  шығармашылық  қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, тңлңн жаттықтыру, әртістік қабілеттерін дамыту.

Т.М: Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,  интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік, арқан.

Мұғалім: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын! Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған  «Армысыз, әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп,

Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен  күлімдеп.

 

Балалар:    Ұлыс оң болсын!

                     Ақ мол болсын!

                     Наурыз құтты болсын!

                            Төрт түлік ақты болсын!

1-ж:   Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

 Бұл мереке, бұл тойдың

  Шашуларын шашайық!

  ( шашу шашады)

  2-ж:   Күлімде, Наурыз, күлімде!   

 Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

  Күн мен Түнді шақырайық ортаға

  Қуанышың сыйласың бүкіл елге!

Көрініс «Күн мен түн» ( Күн мен Түн ортаға шығады)

      Күн:                 Сәулесі көп күнмін.

      Түн:                  Жұлдызы көп түнмін

      Екеуі:         Бірдей болып біздер,

                          Теңелеміз бүгін.

      Түн:             Ал, ертең күн ұзақ.

      Күн:            Түн қысқарар бірақ.

      Екеуі:          Ұйқы қанбай қалып

                            Жүрмендер тек жылап.

                            Күн менен түн теңеледі,

                           Жер шуаққа кеңеледі.

                           Соны тойлар ел енді

 Әңгімелесу.

1-ж:  - Қазір жылдың қай мезгілі?

2-ж: — Көктем айларын атап шығайық. (наурыз, сәуір, мамыр)

  1. -  Көктемде қандай өзгерістерді байқауға  болады?

  2. Ауа-райы қандай болады?

1-ж: — Көктемде қандай мейрамдар тойланады?

 2-ж: — Иә көктемде  табиғат ерекше күйге еңеді. Көктем -  жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. Күн біртіндеп  ұзарады,  күн жылиды. Қар еріп, жыраларға су толады. Жылы жақта қыстайтын құстар ұшып келеді.  Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ұлы мейрамымыз  — Наурыз тойланады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

1-ж:  Тақпақ айтып, жыл басы,

         Құлағынды сал, тыңдашы.

         Бар бөбекке өзіңдей

         Бейбіт өмір сыйлашы.

Айымжан:  

 Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Қарақат:

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы -  салтымыз,

«Көгерсін» — деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

 Диас:

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың?

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала,қарлы шың.

Аруай:

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып.

Сағынды қыз, аңсады ұл,

Төрле, есіктің бәрі ашық.

 Данияр:       

Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

 Жансейіт:    

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

Амина:         

Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,

Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп.

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп.

Әли:           

Қарды  ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күні,

Мейрамында халықтың.

Эльмира:          

Келіп көктем құстар

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары,

Ұя салып қарсы алды.

Мерей:

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде,

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз!

Арайлым:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Аруна:

Тас төбеден күн күлді,

Қошеметпен оралды

Қараторғай былтырғы

Ұясына оралды

Индира:

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Рамазан   

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса Наурыз дәстүрлі!

Осындай байтақ елімде,

Айтылады әніміз.

 

 1-ж: — Ал енді мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін табыңдар.

                                 

 Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(дастархан)

2-ж: Хор «Дастархан»                                  

Алина:

Ұлы өнерді халқымыздан үйренген,

Жүректерді күмбірлетіп күйменен.

Қыздарымыз қызғалдақтай қырмызы,

Мың бұрала   билеген.

1-ж:  Көктем кезіңде Наурыз мейрамы қарсанында мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Ендеше «Қошақан» әнін ұсынамыз

  Расул:

   Арпа, бидай, тары бар,

   Қатық, малта, ағы бар,

   Ішілетін, жейтінін,

   Бұл көжеде бәрі бар.

  2-ж.  - Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып әзірлейді?

 Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымы

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

  1-ж:     — Тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз. (қоржындағы нөмерленген асықтарды ұсыну)

1. «Ерулік» беру дегенді қалай түсінесіз?

Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?

2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?

Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.

3.Ең көп сақталған ұлттық тығам?

Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.

4. Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?

Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде – ол сыбаға.

5. Арнайы қонақ дегеніміз не?

Арнайы қонақ дегеніміз- алыстан әдейі іздеп келген тума –туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.

6. Беташар дегеніміз не?

Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің бетін ашу.

Рахмет сіздергі.Ата-аналарды қошеметтеп қояйық.

2-ж:Ей, балалар, балалар        

Енді маған қараңдар

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық.                              

       Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б ойындар. Ал, балалар, ендеше  «Арқан тарту» ойынын ойнап күшімізді сынап көрелік! 

 Рахмет! Отырамыз!

1-ж:Ұлыс күні қазан толса,

   Сол жолы ақ мол болар.

    Ұлы кісіден бата алса

    Сонда олжалы жол болар.

    Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.олай болса, Қызыр атамыздан бата сұрйық.

Қызыр ата бата береді:

  Ұлыс оң болсын!

 Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!  (бетін сипап бата береді)

2-ж: Осымен «Армысыз, әз Наурыз» ертеңгілігіміз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!