400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Армысың,Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретіндегі материал.Өнерге қызығушылықтарын дамыту мақсатындағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы:Армысың, Алтын күз

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.

/Балалар әдемі сазды әуенмен залға кіріп орналасады./

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі
бастауыш сыныптары дайындаған «Армысың, Алтын күз» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал оқушылар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастайық.

/4сынып оқушыларының тақпақтары /
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.
/

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын.

Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақшы боп бар халқымның алғысын.

Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Мен өзіммен бірге
достарымды да ала келдім.

Жүргізуші: Ендеше қонақтармен танысайық.

Қарбыз:Көрсең егер бақшада

Доп екен деп қалма

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп сен алма

Алмұрт:Мен алмұртпын алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Қауын:Иісі жұпар аңқыған

Бақшадағы шырынмын

Жеп көргенде тамсанған

Балдай тәтті қауынмын


Алма: Мен алмамын алмамын

Тандай жұлар бар дәмін

Қызанақ: Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Барма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген

Саңырауқұлақ:Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оларды жақсы көріңдер.

Жемістер биі

Жүргізуші:Сіздер жайланып отырып, оқушылардың күз мерекесіне дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
/Қонақтар ортаға отырады/

Би «Жапырақтар» биі.Орындайтын 1 «А» сынып қыздары


Жүргізуші: Ән «Қошақаным» орындайтын Нұрдәулет
Жүргізуші: Жарайсың,Нұрдәулет!Келесі кезекте 4 «А»сынып қыздарының дайындаған биін тамшалайық.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, оқушылардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Иә оқушылардың өнері ұнады

Жарайсыңдар!
Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығыннан суырып,

Әкелді әжем бір күні (сәбіз)

2.Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар.

Қалай оны шешемін

Бұл не? ( Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. ( пияз)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Рахмет. Жұмбақты шеше алдыңдар. Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық әкелсін

Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз./Әуен ойналады/

-Қош сау бол!!! Балалар, күз сыйлығын сыныпқа барғасын бөлісеміз.

Жүргізуші.
( Осы кезде найзағайдың күркірі естіледі)

Балалар, Күн жауғалы тұр, біз жауыннан қорықпаймыз.
Жүргізуші.

1сынып жігіттерінің биін қабыл алыңыздар./Диас,Қуаныш,Алпамыс,Сұлтан,Бекарыс/

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.-дей келе оқушылардың өнерлерін әрі қарай тамашалайық.


Жүргізуші: Ән «Қырманға кел, Қалқатай» 4 «Б»сынып оқушылары

Жүргізуші: Ендігі кезекте мектебіміздің әншісі 4«а» сынып оқушысы Абдулрахатты қарсы алайық.

Жүргізуші : Ендігі кезекті биге берелік .3сынып оқушыларының «Радуга» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші : Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

ӘН «Алтын күз» 2 сынып әнші қыздары
Жүргізуші:Ән салып жас кәріміз

Би билейік бәріміз

«Қол шатыр» биімен 4-б сынып оқушыларын қарсы алайық
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Армысың, Алтын күз» атты ашық шарамыз аяқталды, сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі