Материалдар / Тәрбие сағаты: Арулар - асыл жандар 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Арулар - асыл жандар 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8- наурыз халықаралық аналар,қыздар қауымына тәрбие сағаты. Аналарды құрметтеу, сыйлау керек екендігі жайлы түсініктер Мектеп оқушыларына өлең ,әдеби монтаждар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2022
807
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: «Арулар, асыл жандар!»

Сабақ мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Қыздарды 8 наурыз мересімен құттықтау.

Сабақ міндеттері:

-оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру,

-анаға, ұстаздарға, қыздарға деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; 
-адамгершілікке, ізгілікке,әдептілікке, кішіпейілділікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандағы өскелен жас ұрпақтың санасына адамгершілік құндылықтарды сіңдірту

Сабаққа керекті көрнекіліктер

Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендендіру, даналық сөздер, плакаттар, интереактивті тақта, суреттер, презентация, стикерлер, жүрекшелер, видеоролик, ойындар.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізушілерді таныстыру.
 
1-жүргізуші: Нұрлан Нұртас
 
2-жүргізуші: Ақылбек Аслан

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар!

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі менің ұстазым және де гүлдей құлпырған біздің қыздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.


Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,

1-жүргізуші. Иә Аслан дұрыс айтасын аналарымызды әрқашан құрметтеуіміз керек! Ал мен өз ұстазыма өлең арнадым, оқуға рұқсат берсен...

Мынау менің сезгенім:

Ол — кластың анасы.

Өзінің де,

Өзгенің

Баласы — оның баласы.

Қай кезде де, ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін.

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.

Күнде «бестік» алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман.

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.

Жақсы болсаң шынында,

Қартаймас деп айта алам.

Жаңа оқу жылында

Жасарады қайтадан.- дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді біздің сыныптың, сынып жетекшісі: Айдана Мәуленқызын ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат , аяулы жан-аналарымызды 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр , бақытты өмір , отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып «Арулар- асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз.

1-жүргізуші: 

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.Ендігі кезекті әдеби монтажға берейік.

Дюсенова Кәусар

Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Жарқын жүзді жан аннам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Алтынбек Нұрасыл:

Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс

2-жүргізуші: Ана – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.Нұржанова Гүлсараның аналарымызға арнаған эссесін тыңдайық.

Шәймерден Шахмардан: 

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген байтірегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

  Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Туре Ерсайын:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

1-жүргізуші:

Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

    Орнар еді бар әлемге тыныштық-

Хор Анашым-анажаным

Қойшыбай Нияз  

Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махабатты

Нұр толы қос жанарың білідіретін

  Бар ана туған елдің гүлі дер ем

 Анажан қайғың болса күңіренем

Таусылмас тау суындай ақылың бар

Сен барда менің әр бір күнім өлең

2-жүргізуші: 

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі өзбек биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекті биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Нәби Нүрбек

Құтты болсын, қыздар,

Сегізінші наурыз,

Аналар мен әже,

Өнегелі мәңгі із,

Қарындас пен апай,

Жеңгей, келін, балдыз,

Бірің нәзік гүлдей,

Бірің мықты нар қыз,

Жан жарыңмен жаса,

Болмаңыздар жалғыз,

Бақыт құсы қонсын,

Ғаламдағы бар қыз!

Қорытындылау

1-жүргізуші: 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші: 

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

БӘРІ: 8 наурыз құтты болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!