Тәрбие сағаты "Арулар-асыл жандар" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Арулар-асыл жандар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

34 орта мектебі







«Арулар-асыл жандар»

(тәрбие сағаты)



Сыныбы: 4 «Б»

Класс жетекшісі: Теміралы М.Н



Күні: 05.03.2018ж

Класы: 4 «Б»

Тақырыбы: «Арулар-асыл жандар»
Мақсаты: Оқушыларға аруларды,аналарды сыйлауға оларды құрметтеуге түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Қыз жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы қыздарды құттықтау.

Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке, ұстамдылыққа, ұстазға, қыздарға деген құрмет сыйын арттыру.

Тәрбиелік: Қыздарды қадірлеуге,құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,шарлар,нақыл сөздер,т.б.


Барысы:


1-жүргізуші: Армысыздар гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші: Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

1-жүргізуші: «Арулар-асыл жандар» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!Келесі кезекті әдемі өлеңімен Арғынұлы Кемеңгерді шақырамыз!
2-жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.

1-жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген
Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
2-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Арулар, сіздерді құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші жігіттің орындауындағы «Қазақ қызы» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Орындайтын: Мереке Жансейіт «Қазақ қызы»

2-жүргізуші:

Барша ару құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан күліп ойнап берің.

Балалардың ақ тілегі қабыл болып
Тек шат шадыман жүрсеңіздер,-дей отырып ұлдардың жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1-жүргізуші: Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті досыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

4. Өлең айтып бере аласыз ба?

5. Достарыңызды құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

6. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

7. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

8.Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

2-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды. Ендеше, а
руларымызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!













8-ші наурыз келіпті
Қыздар жайнап өсіпті
Көктемнің жайнаған күнінде
Әдеміленіп кетіпті

Құттықтаймын қыздарды,
Болса екен бақытты.
Дүниенің бір бөлігі
Әсем қандай сөздері

Мөлдір, Ақерке,Назерке, Әмина,
Сыныптың үздік белсені
Басқа сыныпқа үлгі боп
Сабағына үлгерді.

Назым, Игілік, Дана, Мансура
Әр отбасыдан жиылған
Қазіргі кезде бір үйдің
Қыздарындай боп кеткен.
Дилнара, Ақбота , Меруерт
Оқуыда керемет
Сыныптың үздіктеріндей
Озат болсын деп тілеймін.

Нұрсана,Рабиға, Карина
Көңілденіп жүреді
Әрқашанда татумыз
Қыздарменен біргеміз
Біздің қыздар керемет,
Әр сөздері нәр береді.
4-Б ның жігіттері құттықтайды
Аруларын
8-ші наурызымен




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2018
1540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі