Тәрбие сағаты "Ас адамның арқауы " 1сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ас адамның арқауы " 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қажетіне жарайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: Ас – адамның арқауы.

Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс

Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.

2.Оқушылардың білімін , ой – өрістерін, тілдерін, ойлау, таным-

дық қабілеттерін дамыту.

3 .Денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кітапшалар, брошюралар, журналдар, мақал – мәтел-

дер, оқушылардың салған суреттері.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ – жауап, ойындар, түсіндіру, топпен жұмыс, топтардың презентациясы.

Барысы:

І Ұйымдастыру

Тренинг. Жақсы тілек айту.

Оқушыларға денсаулық тілеу. Оқушылар да бір – біріне жақсы тілектер айтады.

ІІ Негізгі бөлім

1. Қызығушылығын ояту.

Сұрақ қойылады:

  • «Ас – адамның арқауы» дегені калай түсінесіңдер?

Әр бала өз пікірін айтып, ортаға салады.

2. Мағынаны тану.

1.Топтық жұмыс.

1-топ.Адам ағзасы, дұрыс тамақтанудың жолдары туралы айтып, әңгімелейді.

2-топ.ХХІ ғасырдағы неше түрлі аурулардың шығу себебін іздестіреді, өз ойларын айтып, түсіндіреді.

3-топ. «Тісі ауырған бегемот» ертегісін ойдан құрастырып, тісті күту жолдарын айтады.

Топта жазуға, сурет салуға немесе ауызша айтуға дайындалады.

3.Ой толғаныс.

Топтардың презентациясы.

Әр топ дайындаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.

4.Ойын «Ұлттық тағамдар»

Ойынның шарты:

Балалар тағамдардың атын айтып, оның денсаулық үшін қандай пайдасы және зияны бар екенін айтып беруі керек.

Мысалы: ет, қазы, жал, жая, шұжық, қатық, ірімшік, сүт, айран, шұбат, қымыз, сүзбе т.б.

ІІІ Қорыту.

Әр бала бір мақал – мәтел айтып қорытады.

Ет етке, сорпа бетке.

Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Өле жегенше бөле же.

Ауру астан,

Дау қарындастан.

Тәні саудың жаны сау.

Көзің ауырса, қолыңды тый.

Ішің ауырса, аузыңды тый.

Ауру азығымен.

Әрдайым, балалар, дұрыс тамақтануды естен шығармайық. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.06.2018
1135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі