Материалдар / Тәрбие сағаты: "Асқақтай бер -Астана!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Асқақтай бер -Астана!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, тәрбие сағатында пайдаланады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
1070
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия



Тәрбие сағаты:

Shape1

«Асқақтай бер- Астана»





3 «Б» сынып жетекшісі: Мадиярова А.Е









Тақырыбы: "Асқақтай бер- Астана"

Мақсаты: 

1) Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту.
3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сувенирлер, қанатты сөздер.

Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

  1. Балалар, біз осы Астана туралы не білеміз? Астананы картадан кім көрсетіп береді? Астана туралы мәлімет жинақтаңдар. Өмірбек Ару Астана сөзінің шығу тарихы яғни атауы туралы бізге айтып берсін

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол киелі орын, "босаға" деген мағыналарға ие.

Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?

- 1862 ж Ақмола қала мәртебесін алды.
- 1962 ж қалаға Целинаград атауы берілді.
- 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.

Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?

- Себебі, "мола" қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: "Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі"

Күннен күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

Ғажайып қала Астана.

   - Балалар, сендер осы ел ордамыз Астанадағы қандай ғимараттарды білесіңдер?
   - Қалаға келген қонақтарды осы ғимараттармен қалай таныстырасыңдар?

Алихан

БShape2

әйтерекҚазағым, қара орманым – байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асыраған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп

Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан – байтақ кеңдігіңді

- Міне балалар, Алихан сендерге Астана қаласының жүрегі "Бәйтерек" монументі туралы осылайша жырлап берді.
- Бәйтерек дегеніміз не?
- Ол туралы не білеміз?
- Осы бәйтерек ағашы туралы айтылған аңыз әңгімені бізге Жансая айтып берсін.
- Аңызды тыңдау.

Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеп те жатады.

Бәйтерекетің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

 "Нұр Астана" мешіті. Әлиби

Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.


Пирамида. Назерке

Ежелгі Египет пирамидаларының мақсаты перғауындар мүрдесін мәңгі сақтау болған. Ал қазақ пирамидасының мақсаты не ? Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида қазақ елін көзге елестетеді екен. Алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысымен достыққа адалдығын көрсетеді екен.

«Нұр Әлем» Әлжан

Астана ЭКСПО-2017 Көрмесінің архитектуралық символы саналатын Көрме кешенінің орталық элементі – «Нұр Әлем». Бұл әлемдегі ең үлкен сфералық ғимараттың диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метр. Ғимараттың 1 қабатында Қазақстан павильоны орналасқан. Мұнда келушілер елдің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, көрікті жерлері, сондай-ақ Қазақстанның соңғы жетістіктерімен таныса алады. Сфераның ішінде Болашақ музейі орналасқан. Бұл жай ғана музей емес, Нұр Әлем Көрмеден кейін инновациялық хаб және маңызды зерттеу әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Болашақ музейінің 2-8 қабаттарындағы цифрлық, мультимедиалық және интерактивті технологиялар экспозициялық кеңістікті қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтетін жағдай жасайды. Мұнда энергияның негізгі түрлері ұсынылған: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика. Лифт арқылы ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі шолу алаңына көтеріліп, бұл жерден бүкіл ЭКСПО ауданына тамаша көрініс ашылады. Ал кіреберістің алдында Көрменің Басты алаңы орналасқан.

Тәуелсіздік сарайы.   Несібелі

Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған тәуелсіздік сарайы туралы бізді Али таныстыратын болады. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Балалар, сендер байқап отырған болсаңдар Астана қаласының барлық көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған?

- Олай болса Есіл өзені туралы не білеміз?

Аслан

10. Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзегн атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.

11. "Есіл" атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі- Есіл атауын "жасыл" деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі – етістік түбірін тілге тиек етеді.

8. Викториналық сұрақтар.

"Сен білесің бе?"
1.
Қай жылы елорданың атауы Астана болып өзгерді?

- 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.

2. Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3.   Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4.   Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)
5.   Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)
6.   Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана - Тауэр)
7.   Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен)
8.   "Думан" океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9.   1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

Астана туралы ән жырлар

Іңкар

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Марлен

Достық пейіл – татулықтың тірегі.
Біздің халық бейбіт өмір сүреді.
Бар әлемді бір өзіне қаратқан
Елордамыз – Еуразия жүрегі!

Даяна
Астана –арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана-сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да

Даулет
Астанам - бағы биік асқарымсың, 
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы, 
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. 
Зейнеп
Астанам шапағаттың шуағындай, 
Астанам махабаттың тұрағындай, 
Астанам – періштелер мекенісің 
Астанам махабаттың тұрағындай. 

Сұңқар

Арманның асқарындай Астанамыз,

Елорда, алтын орда бас қаламыз.

Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу,

Ерен ерлік үлгісі – дастан аңыз.

9. Қорытындылау.


Міне, 1998 жылдан бері көркейіп келген Астана әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі – Қазақстанның дегендей, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы бері Астанамызға күн сайын жан – жақтан туристер, қонақтар ағылып келіп жатыр.

Ортаға шаңырақ көтерген бала шығады. Шаңыраққа байланған түрлі-түсті таспаны балалар ұшынан ұстап айналып жүреді.

Ортақ мекен – жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы.
Достығымыз жарасқан
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң.
Бақытты өмір сүреміз.   










20180417_090817.jpg



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!