400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Астана-кемеңгер көшбасшылықтың көрінісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 желтоқсан – Президент күніне арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы:  Астана-кемеңгер көшбасшылықтың көрінісі

Мақсаты:

Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық 

сезімдерін арттыру.

Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: сайыс сабақ

Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

ІІ. Негізгі бөлім

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Астана-кемеңгер көшбасшылықтың көрінісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Сайыс кезеңдері:

I.Сұрақ-жауап

II.Ұяшықтар сөйлейді

III.Қызықты деректер

IV.Постер қорғау

1 топ:

1. Астана 1961 жылдан 1992 жылға дейін қалай аталған? (Целиноград)

2.Астана 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі мен қандай атауға сай деп танылып,медальмен марапатталды? (Бейбітшілік қаласы)
3. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі қанша?(- 97 метр.)
4. Астана қаласының атауы парсы тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (киелі орын,босаға)

5. Нұрсұлтан Назарбаев  қай жылы және қай жерде дүниеге келген?(1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында)

2 топ:

1. Елбасы еңбек жолын қайдан бастаған?(1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында )

2. Елбасының анасының есімі? (Әлжан)

3. Астана қаласындағы «Отан Ана» кешені кімдердің құрметіне салынған? (Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың )
4. Астана қаласының Қазақстан бойынша қалааралық коды қандай?( – 7172)
5. Астана 1992 жылдан 1998 жылға дейін қалай аталды? (Ақмола)
II кезең: Ұяшықтар сөйлейді

1. Астана (Ағайынды Жүгінісівтер)

2. Елбасы жолы

3.Астана махаббатым менің (Арнау дуэті)

4.Байтерек фильмі

5.Менің елбасым (меломен тобы)

6.Балалық шағымның аспаны

III кезең: Қызықты деректер

1 топ:

1.Елбасының туғанда дене салмағы 5 келі болған   (иә)
2. Елбасының есімін атасы қойған  (жоқ.әжесі)
3. Елбасы Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған  (иә)

4.Астана – әлемдегі Ұлан-Батырдан кейінгі суық астана болып саналады.(иә)

5. «Думандағы» су қоры 4 миллион литрді құрайды. (жоқ 3млн)

6.Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайының авторы – әйгілі сәулетші Норман Фостер (иә)

7.«Ханшатыр» ойын-сауық орталығы шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген (иә)

8.Ханшатырдың биіктігі 250 метр (жоқ 150)

9.Елордалықтардың орташа жасы – 30 жас. (иә)

10 .Елбасының ата-анасы Түріксіб құрылысына қатысқан (иә)

2 топ:

1. Елбасы 5 жыл орыс тілінде білім беретін сыныпта оқыған (жоқ 3 жыл)
2. Н.Назарбаев жас кезінде гармон сатып алу үшін ала жаздай кірпіш құйып, ақша тапқан  (иә)
3. Мектептегі аттестатында бір ғана төрттік баға болған  (иә)
4. Мектепті бітіргеннен кейін физик болуды жоспарлаған (жоқ химик)
5. Днепродзержинскіде оқып жүргенде күрестен Украинаның спорт шебері болған (иә)
6. 22 жасында алғаш рет шетелде -Германияда болған. (жоқ Финляндияда)

7.«Астана-Бәйтерек кешенінің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр (иә)

8.2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі Астананы әлемнің ең үздік 30 қаласының тізіміне қосты.(иә)

9. Астанадағы ең қысқа көше – Абай көшесі.Оның ұзындығы – 358, 7 метр.(Біржан сал)

10.Елбасының Нағашы атасы молда болған (иә)

IV.Постер қорғау.

1.Президент деген кім?Президент болу үшін қандай қасиеттер керек?

2.Егер мен президент болсам...

Мұғалім:Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Сайысты қорытындылау үшін сарапшыларға сөз кезегін береміз.

Осымен,бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.Елбасымыз аман,еліміз тыныш болсын:сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі