Тақырыбы: «Асыл әже, аяулы
ана, ару қыз»
Мақсаты: 1. 8наурыз
–Халықаралық әйелдер күнін атап
өту.
2. Анаға деген мейірімді,
сүйіспеншіліті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге
үйрету.
3. оқушының бойында ізгілікті,
инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілік: зал мерекеге сай
безендірілген. Сынып шығарған қабырға газеттері, шар, нақыл сөздер,
гүлдер.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен
оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сендерге бірнеше
сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер?
-
Көктемде табиғатта қандай
өзгерістер болады? Жауабы: күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік
атады, бәйшешек гүлдейді.
-
Ал көктем айының алғашқы нұрлы
мерекесі қалай аталады? Ж: Аналар
мерекесі.
-
Көктемде неше айбар және қалай
аталады? Ж: 3ай
-
Көктемде қандай мереке атаулы
күндер бар? Ж: 1-наурыз. «Алғыс айту күні», 8-наурыз «Халықаралық
әйелдер күні», 14-наурыз «Көрісу күні», 22-наурыз «Наурыз
мейрамы».
Аналар ғой қуат берер
тірлікке,
Алдарыңда сәби болып
жүрдікте.
Аналар ғой жақсылыққа
жетелеп,
Үйрететін ынтымаққа
бірлікке,-дей отырып мен сіздермен «Гүл шоғын ұсыну» атты алғыс
немесе тілек айту тренингін жүргізгім келіп отыр. Бұдан біз әр адам
қасыңдағы адамға қанша жақсылық жасап, тілесе сол жақсылығың өзіңе
түбінде қайтып келетіндігін білдіру мақсатында өткізіп отырмын.
Елбасымыз 1-наурыз күнін «Алғыс айту күні» деп енгізгендегі мақсаты
Қазақстанда тұрып жатқан өзгеде ұлт өкілдері, барлығы бір біріне
деген реніштерін кешіріп, тату тәтті тұруды көздеп отыр дегім
келеді. Сол сияқты бүгінгі мерекемізді пайдаланып 5-сынып
оқушыларымыздың аналарына деген алғыстарын өнерлерімен жеткізе
біледі деген сенімдемін.
Ізбасар: Шуақты көктем келді гүлін
алып
Көктемнің мерекесі бүгін
анық.
Өмірдің көктемі де,
гүлі-Аналар
Ана деп емес, қадір тұтқан
бабалар
Аналардан туған небір
даналар.
Ана деген тіршіліктің
тірегі,
Армысыздар қасиетті
аналар!
Манарбек: Қош,келдіңіздер!
Көңілдеріңізге көктем шуағын сезім мен нұр құйып, 8-наурыз мерекесі
де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл
мерекелеріңіз құтты болсын! Ана –өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі дей отыра
бүгінгі «Асыл әже, аяулы ана, ару
қыз» атты тәрбие сағатын бастауға
рұқсат етіңіз.
Ізбасар: Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Ән болып сағыныштан
ақтарылмай.-деп абзал аналарымызға арналған
тақпақ: «Рахмет саған
ана». Оқитын Утешов
Ердаулет.
Ізбасар: көрініс: «Қарт пен
бала»
Манарбек: Тосын сый ата-аналарға
арналған.(Ойын.)
-
Ыстық
орындық.
Ізбасар: Құтты болсын ардақты
анам
Асыл анам
мерекең
Құтты болсын
ұстаздарым
Қуанышты
берекең.
Манарбек: той пердесін
ашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржан шашайық-дей
отырып,бүгінгі кешімізге келіп отырған 5-сынып қыздары біздің
аналарымызға арнап өз қонақ кәдесін, яғни ән дайындап келген екен,
ендеше ортаға «Анашым әнімен Хамидуллина Жанерке
және биші қыздарымыз Ысмағұлова Ақдана мен Өсербай Дилназды ортаға
шақырамыз.
Ізбасар: менің таң қалатыным, анам үйде
барлық тірлікті істеп, одан қала берді жұмысқа да барып үлгереді
ғой.
Манарбек: -иә, мен сабақтан үйге
келгенде, тамағым да дайын, үй де жинаулы мұның бәрін қалай
үлгереді екен?
Ізбасар: -Біздің аналарымыз бәрін өз
қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар
олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,біздің бар сырымыз оларға
әрқашан да белгілі.
Манарбек: Олай болса аналарымызды бір
сынап көрелік. Ойын.
Ән: «Қыз
сыны»
Жан ана,құттықтаймын
мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар
гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт
бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ
күніңмен!
Ана десем алғыс алам
халқымнан
Ана десем теңіз болам
шалқыған.
Ана десем ашылады
қабағым,
Ана десем әділдікті
ұғамын.
Ендеше әрі қарай кезекті тағы
да көрініске береміз. «Екі ана» және «Үш ұл»
түркімен ертегісі.
Ізбасар: Сендерге жарық сыйлаған
кім? АНА
Жылатуға қимаған
кім? АНА
Жөргегіңді
ауыстырып,құндақтап,
Сен деп жанын қинаған
кім? АНА
Сен ауырсаң жүдеген
кім? АНА
Күдігі тез үдеген
кім? АНА
Айыққанша, қосылғанша
қатарға,
Тілегіңді тілеген
кім? АНА
Қатесін кешірген
кім?АНА
Анамдағы махабатқа
нанам,
Ең бірінші ана керек
балаға,
Ақ аналар жүріңдерші
аман!
Манарбек: Асыға күтіп
жүргенмін,
Болар деп қашан
мейрамың.
Суретін жапсырып
гүлдердің.
Келеді соны сыйлағым- деп өлең
жолдарында айтылғандай бүгінгі кешіміздің асыл әжелеріміз, аяулы
аналарымыз және ару қыздарымыз сіздерді тағы да төл
мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге арналған аздаған
сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
Ізбасар:Әжем мені «айым»
дейді,
Мен мұңайсам уайым
жейді.
Әжем мені «күнім»
дейді,
Мен қуансам
күлімдейді.
Мұғалім:Осымен мерекелік тәрбие
сағатымызды аяқтамас бұрын Шәмші Қалдаяқовтың әні «Ана туралы жыр»
атты әнінің шығу тарихына тоқталуға рұқсат
етіңіздер.
Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы
жыр» әні былай туған екен. Жәмшид Шәмші атанып, оның композиторлық
атағы шартарапқа шарлап кеткенде, оның анасы қайта жазылмастай
ауруға ұшырап, Алматыдағы Шәмшіні шақырады: «Балам, жас кеттім
демеймін, жазмыш маған келінді көруді, немере сүюді бұйыртпапты,
жалғыз тілегім-сен аман бол. Салған әнің айтылмай жатып үзілмесін,
ол әнің ұрпаққа кетсін. Батыл бол балам!» деп соңғы сөзін айтады.
Сонда Шәмші ойласа оған анасы әлемнің жарығын сыйлапты, даланың
әсем гүлін жинапты, құстардың қанатын беріп, мол дүниенің жаннатын
ұсыныпты. Енді сол өмірімдегі ең жақын, ең асыл адамнан мәңгілік
айрылғалы тұрғанын сезіп, қалай өксіп жылап жібергенін өзі де
сезбей қалды. Ол әкесінің басына үлкен кесене салдырған еді. Ал
қазір анасына ешқандай ескерткіш орната алмайтынын
білді.
«Апа, қарыздармын саған, сенің
басыңа кесене орнату қолымнан келе қоймас бірақ саған әннің ең
сұлуы, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын»
бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі еді. Шәмші анасына берген уәдесін 1961
жылы орындады. Бұл ән бірнеше тілде айтылады. Монғолиядағы қазақ
мектептерінде сабақтың алдында алдымен Монғолияның гимнін, содан
кейін осы әнді айтып барып, сабақ бастайды
екен.
Ендеше бүгінгі кешіміздің
қонақтары бәріміз осы бір тамаша әнді бірге орындауға
шақырамын.
Ән: «Ана туралы
жыр»
Осымен 5-сынып ұлдарының
ұйымдастырған кеші аяқталды. Сау саламатта
болыңыздар