Материалдар / Тәрбие сағаты Ата-бабам аңсаған – Мәңгілік ел!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Ата-бабам аңсаған – Мәңгілік ел!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді өркениет биігіндегі елдердің алдыңғы қатардағы шоғырынан көретін болсақ, ұлттық идеямыздың орындалғаны емес пе. Мәңгілік Ел болудан артық қандай мақсат, қандай арман болуға тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2023
304
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ата-бабам аңсаған – Мәңгілік ел!

Мақсаты

Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының басынан өткен сан қилы күрестер мен қиындықтарды айта отырып, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін мақтан ету; 

Дамытушылық мақсаты: тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерлігін жырлай отырып, патриоттық сезімдерін дамыту: 

Тәрбиелік мақсаты: Елін, жерін сүйетін, ата-баба тарихын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу. 

 Көрнекілігі: тәуелсіздік туралы, ерлік туралы нақыл сөздер, суреттер. 

І.  Ұйымдастыру  кезеңі. Тәрбиеші Кульмира Болатовна:

Қазақ деген елденбіз,
Ғажап деген жерденбіз.
Бодандықтан босанып,
Еркіндікке енгенбіз.
Сан азапты көргенбіз, 
Мың тіріліп өлгенбіз.
Атой салып дұшпанға,
Айқастарда женгенбіз.

Ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді өркениет биігіндегі елдердің алдыңғы қатардағы шоғырынан көретін болсақ, ұлттық идеямыздың орындалғаны емес пе. Мәңгілік Ел болудан артық қандай мақсат, қандай арман болуға тиіс.

«Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Тәрбиеші Айнагүл Орынтаевна:

«Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен мағызға ие болды. 

Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! 

Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. 

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. 

Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы 

бастауға айналатынына сенімдіміз. 

Айзада:
«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:
1.Қазақстан мен Астананның тәуелсіздігі

Алтынай:
2.Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім

Тоғжан:
3.Зайырлы қоғам және жоғары руханилық

Аяулым:
4.Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық 
өсім

Дидар:
5.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

Әрсен:
6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

Аружан:
7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандақ ат салысуы.

Тәрбиеші Кульмира Болатовна:

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық  Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Ақниет:

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. 

Толғанай:
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. 

Аяулым:Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Айзада: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Мадина: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Ағынтай:1986 жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рұсқылбеков ,Ләззат Асанова,Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп,құрбан болды.

Ақниет:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, 
Бізге оны ешкім аяп бермейді. 
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, 
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. 

Тәрбиеші:Тәуелсіздіктің құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Абзал:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша

ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды.

Айбол: Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Тәрбиеші Айнагүл Орынтаевна:

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 28 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

Алтынай:1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

Аружан:

1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

Айзада:1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.

Тоғжан: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

Аяулым: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды. Биыл Абайға 175 жыл толды.

Мадина: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

Әлия:Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

Ағынтай: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

Абзал: 2002 жылы – Денсаулық жылы.

Айбол: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары

Дидар: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

Тәрбиеші Кульмира Болатовна:

Міне осы тәуелсіздігіміздің арқасында қаншама мәлімет білдік. 
Ақниет:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!





Слайд көрсету. «Мәңгілік ел»

Ән: «Атамекен» Хор.



























«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ







«Ата бабам аңсаған-Мәңгілік ел»



Дайындаған тәрбиешілер: Ерменбетова К.Б.Сапуанова А.О.



















2019-2020 Оқу жылы





Жалғаныңан жалыққанда дос керек.

Сағыныштан зарыққанда дос керек.

Арман алыс уміт ұзап жеткізбей,

Жалғыз қалып камыққанда дос керек.


Кіші-үлкенмен келісуге дос керек.

Мауқың басып көрісуге дос керек.

Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,

Қуанышты бөлісуге дос керек.


Қайырмасы:


Дән риза менің нәзік гүл жаным,

Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн.

Бұл дуниеде саған досым-ай,

Саған досым-ай, саған досым ризамын!


Дұшпаныңмен егесуге дос керек,

Ақылдасып кеңесуге дос керек.

Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,

Ағайынмен теңесуге дос керек.


Зәбір көріп, айырылғанда дос керек.

Табанынңан тайдырғанда дос керек.

Қорлык көріп, қаумалаған көп иттен,

Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!